Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:27, 24 сентября 2013

Алматыдағы кәсіби велотурды Eurosport көрсетеді

«Eurosport» спорт арнасы

«Eurosport» спорт арнасы 6 қыркүйек күні Алматыда өтетін кәсіби велотурды көрсететін болады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Өткелі отырған жарыстарға әлем елдерінен 20-ға жуық команда қатыспақшы. Қазіргі уақытта оңтүстік астанада Халықаралық велоспорт федерациясының өкілдері жұмыс жасауда, олар жолдардың сапасын бақылауда. Шетелдік бақылаушылар велотур өтетін Шығыс айналма жолы мен Әл-Фараби даңғылын жоғары бағалады.

Алматы жоғары деңгейлі аса ірі спорт турнирлерінің орталығына айналуда.

Естеріңізге сала кетейік, 21-22 қыркүйек аралығында осымен үшінші рет «Сұңқар» спорт кешенінде трамплиннен секіру бойынша әлемдік біріншілік болып өтті. Трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысының FIS директоры Йоханн Вальтер Хофер 20, 40 және 60 метрлік биіктіктегі жаңа үш трамплиннің ашылуы арқасында осы шаңғы кешені әлемнің үздік трамплиндер қатарына енгендігін атап өтті.

Бір айға жуық уақыттан соң Алматыда бокстан әлем чемпионаты басталады. Ол да шетелдік спорт басылымдарының назарын аударатыны сөзсіз.

     
0
280
0