Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
0
05:42, 19 сентября 2013

Қазақстан әскери қызметшілері Беларусте «Өзара іс-қимыл» жаттығуына қатысуда

Blog post imageБүгін Беларусь Қарулы Күштерінің Осиповичский полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштерінің бірлескен «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығуының ашылу рәсімі өтті. Беларусь, Армения, Қырғызстан Ресей, Тәжікстан қарулы күштерінің контингенттерімен бірге салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Қарулы Күштерінің десантшылары қатысты.
Бұдан екі күн бұрын қазақстандық Аэроұтқыр әскерлерінің 130 әскери қызметшісі екі С-295 ұшағымен Алматы облысының «Жетіген» әуе айлағынан Беларусь Республикасының Минскі түбіндегі Мачулищи әуеайлағына келіп жеткен болатын.
– Қазақстан армиясы әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығының жоғары деңгейде екендігін біле тұра, мен сіздердің жаттығу шеңберінде алған тапсырмаларыңызды табысты орындап, Қазақстан Қарулы Күштерінің туын биікте желбірететіндеріңізге сенемін, - деді қазақстандық десантшыларымен кездесуінде Беларусь Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Игорь Лавриненко.
Өзінің беларустық әріптестерімен бірге Мачулищи әуеайлағында Аэроұтқыр әскерлерінің өкілдерін жаттығудың ашылу қарсаңында Беларусь Республикасына келген ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов күтіп алды.
«Бүгін Осиповичский полигонында ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштері қолбасшылығын қалыптастыру мен үйлестіру және әскерлер контингенттерін Беларусь аумағына қайта топтастыру аяқталды» - деп оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі барысында Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Юрий Жадобин мәлімдеді.
ҰҚШҰ елдері әскербасыларының пікірінше бойынша алдағы оқу-жаттығу Шығыс Европа ұжымдық қауіпсіздік өңірінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі қадам болады.
- Алда «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығуының міндеттерін шешу күтіп тұр – деп Қорғаныс министрі атап өтті– Барлық қатысушыларға үздік нәтижелер және біздің мемлекеттерімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сенімді қамтамасыз ету мақсатында әрі қарай ынтымақтастықтың нығая беруін тілеймін.Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы мемлекеттер мемлекеттік туларын көтеру «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығуы басталуының белгісі болды.
ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің бірлескен «Өзара іс-қимыл-2013» жаттығуы осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Алғаш рет 2009 жылы ҰҚШҰ ҰЖДК жаттығуы Қазақстан жерінде өтті. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары жаттығудың өтуіне жоғары баға берді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
 
0
250
0