место в рейтинге
  • 107046
  • 6
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Дін және ұлттық мүдде» ҚР Дін істері агенттігі

Діннің қоғамдағы орны, оның сана-сезімге әсері күрделі, көп аспектілі мәселе. Соның бірі - дін мен ұлттық мүдденің арақатынасы деуге керек. Біріміз халқымыздың басын біріктіретін ең негізгі күш дін десек, енді біріміз ұлттық мүддені алдыға қоямыз. Сондықтан да «діннің орны жоғары ма, әлде төр ұлттық мүддеге тиесілі ме?» - дегенді талқыға салу маңызды сияқты.

Тіл, дін, тарих, фольклор, көркем әдебиет, музыкалық мұра, отбасы тәрбиесі, әдет-ғұрып т.б. халықтың сан ғасырлар бойы тірнектеп жинаған рухани-мәдени қазынасы жиынын «ұлттық құндылықтар» атаймыз. Ал, ұлттық құндылықтарды қайткен күнде де жоғалтпай сақтап қалу және әрі қарай дамыту шаралары мен іс-әрекеттерін жинақтап айтқанда «ұлттық мүдде» дейміз.

Жаратушы-құдірет барына шын сенім барлық ұлт, ұлыстардың жүрегін баулап, оларды таза ниетке, ізгі істер мен жарқын үмітке бастаушы феномен. Сол себепті дінсіздік және дін мен ұлтты бөлу жақсылыққа бастамайтыны кеңестік дәуір тәжірибесінен жақсы мәлім жәйт. Әйтсе де, дін – жоғарғы Рух, Құдаймен байланыс қана.

Ал, жер бетіндегі күллі қарым-қатынастың құралы қайсы десеңіз, ұлттық мәдениет пен құндылықтар алдыңыздан шығады. Сенсеңіз, сонау ескі дәуірдегі ақын-жыраулардан бүгінгі қазақ зиялысына дейін тек ұлттық мүддені діттеумен келді. Айталық, Абай дін насихатшысы емес, адам жанының, қазақ мінезінің білгірі болды. Оның мұрасынан нәр алған алаш арыстарының «таза ислам» мәселесін көтергені кәне. Әрбір адам алдымен қоғам алдындағы міндеттерін орындауы керек. Алаш арысы Смағұл Сәдуақасовтың: «Қазақ елі... мақсатына жету үшін ең әуелі өзінің ұлт екенін біліп, ұлттығын танып алуы керек» деп жазғаны сол.

Зиялы қауым өкілдері діннің емес, ұлттың дамуы мен жетілуі жолдарын қарастырды және мұсылманшылықты емес, «ұлттықты тану» деген мәселені алдыға қойды. Неге?

Мұны ұғындыратын Құран аяты бар: «Әй, адамзат! Бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, ұлыстар қылдық» деген («Хұжрат» сүресі, 13 аят). Бұл арада «Сендерді сынау үшін түрліше ұлт, ұлыс етіп жараттым. Қаласам, бір-ақ ұлт етер едім» деген астар бары анық. Демек, әрбір ұлт, ұлыстардың өзіндік кейпі, бет-бейнесі, келбеті болуы - Тәңірінің қалауы. Ұлттың таңдауы, қабылдаған ісі Құдай тағала тарапынан да қабылданбақ. Діни сана мен ұлттық сана жарысында соңғының орны әрқашанда қадірлі, төрде болатыны осы жәйтпен өз түсінігін табады.

Қорыта айтқанда, ұлттық мүдде басты айқындаушы күш болған және бола да бермек. Демек, діни құндылықтар ұлттық мүддеге қызмет етуге тиісті.

Осы пайым дәлеліне мысал-дәйектерге жүгінелік.

Баршаға аян, еврей халқы 2 мың жыл бойы тарыдай шашырап, тоз-тозы шықты. Оларды ұлт ретінде сақтап қалған құдірет - дәстүрлі діні, иудаизм. Яғни халықтың төл діні ұлттың мүддесіне қызмет етті. Бұл жалғыз ғана мысал емес.

Араб-ислам мәдениетінің шариғат іліміне негізделгені мәлім. Айталық, тек Құран мен Сүннәға сүйенген Мысыр, Палестина, Сирия тұрғындары бар болмысымен арабтанып кетті. Ислам мәдениеті мен араб мәдениеті қабыса табысты, өзара бірегей ұғымға айналды. Міне қазіргі «таза ислам» доктринасының араб елдерінде нық орнығуы нақ осы жәйтпен өз түсінігін табады.

Ал, парсы, түркі этностары араб-ислам мәдениетіне бас иіп, оны сол қалпында қабылдауға даяр емес-ті. Олардың араб болғысы келмеді. Дін ислам тарихында талас-тартыс осыдан бастау алады. Нақты айтқанда, парсытілді әлемде шииттік, түркітілді әлемде сопылық қозғалыс үстемдік құрды. Бір ғажабы, бұл бөлініс әлі күнге жалғасып келеді. Исламда ағымдар мен мазхабтардың пайда болуы да ұлттық мүдденің жемісі.

Бір сөзбен айтқанда, ұлттық мүдде мен мәдениетке дінді қарама-қарсы қою жақсылыққа бастамайды. Осы заманғы бір мысал. Жаңа діни қозғалыстардың бәрі дерлік жер жаһанға Еуропа немесе Азия мемлекеттерінен емес, тек мұхиттың арғы жағында ағылатыны несі? Өйткені, оларға құнарлы топырақ болып отырған АҚШ ұлттық емес, азаматтық сипаттағы мемлекет. Осыдан-ақ көп жайды аңғара аласыз.

Арамызда қазақы дәстүрлер діннен тыс деуімен араб ұлтының дәстүрін шариғатпен шатастырып жүргендер баршылық. Олар ұлттық деген дүниелерге мұрнын шүйіре қарап, онан мұсылмандық дәрежеміз кеміп қалатындай көреді. Шындығында ұлттық (кең мағынада этностық) мәдениет дәстүрлі дінге емес, керісінше, дәстүрлі дін (мұсылмандық мәдениет) ұлттық мүддеге қызмет етеді. Дінді ұстану жолындағы ерекшеліктер ұлттық мүддеден туады. Оған мысал-дәйектер мол.

Қарап отырсақ, радикалды діни ағымдардың (мейлі христиандық, мейлі исламдық болсын) ұстанымдары ұлттық мүддеге қиғаш келіп, дін мен жергілікті салт-дәстүрді соғыстырып қояды. Жат ағымдар мен секталар нақ осы мәселеге алақанын ысқылай кірісіп, өзара тез тіл табыса қалады. Яғни ұлттық құндылықтарды тәркі ету олардың ортақ сипаты болып табылады.

Адасқан ағымдар (салафшы, уаххабшы, такфирші, хибуттахрирші) әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Исламдық теріс ағымдардың өкілдері дінде жоқ нәрсенің бәрі - «бидғат» (жаңашылдық) деп тақылдайды. «Ширк» (Құдайға серік қосу) деп елді шатастырушылар өз алдына бір төбе. «Мадақ, құрмет бір Аллаға ғана лайықты» деп әулиелерді құрметтеуге, өткенге құран бағыштауға қарсы. О тоба, тіпті зират қиратушы радикалдар да төбе көрсетті. Дінге елшіл азамат болу, ұлт мүддесі жат, ол - «мүшрік» (діннен безгендік). Би, музыка тыңдау, театр, сурет салу, туған күнді тойлау – «күнә», «харам» (нәпсі сайтанға, жаманға бой ұру). Өздерін түсінгісі келмегендер - «жахилилер» (надан адамдар). Осылайша ислам атылған жамылған теріс ағымдар таяз суды әдейі лайлап, терең етіп көрсетеді.

Бір сөзбен айтқанда, дәстүрлі өмір сүру формасы күпір - діннен шығу болады да шығады. Олай болса, шатақ діндердің сүйеніп жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелгі доктрина - өздерінен басқаларды дінсіз, мұсылман емес деп білу, яғни тәкфир мәселесі. Құранға сүйенген ұлы Абай: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» десе, тәкфірші шіркіндер өз қандасын да «кәпір» санап, жау балайды. Шындығында арабтың «кәпір» сөзі түпкі мағынасы, тәулиінде «қатігез, мейірімсіз» ұғымын береді. Бидғат, ширк терминдері де «Құранды молда теріс оқыр» дегеннің кері.

Шатақ дін жетекшілері туралыққа деп, сан ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылықтарды мойындамау, салт-дәстүр атаулыны сылып тастауға шақырып отыр. Ата-баба жолына адалдық танытпау (мәселен, өлген адамның жетісін, қырқын және жылын бермеу, дұға қылып, құран оқытпау, сол сияқты ата-ананы сыйламау, бүгінгі аға буынға құрметпен қарамау) әділдік пе?

Екінші - ислам дінінің заңдары қатал орындалуын талап ету, яғни жиһад мәселесі. Шариғат заңдарын қатал орындау арты - ұрпақтар сабақтастығының үзілуі, яғни не араб, не қазақ емес дүбәрә халыққа айналуға әкеп соғады. Онан кім ұтпақ? Ұлы Дала төсіне ислам таза қазақи дәстүрлермен ұласып, жергілікті салт-сана, әдет-ғұрыпты сіңіре білген ханафи мазхабы бойынша таралды емес пе.

Ислам әлеміндегі өзінің бағытын «тура жол» деп ұғып, «шахид»-тік идеяның шырмауына арбалып, құрбан болуға дейін барғандарды көгілдір экраннан күнде көріп, естиміз. Құран аяты: «Кім ақылын пайдаланбаса, Алла соларға азапты үйіп-төгіп береді» (Юныс сүресі, 100 аят) демекші, жиһад мәселесі білместіктен, яғни аят, хадисті ақылға салмаудан, ақиқатты бұрмалаудан туады. Біреудің қанын төгу - күнәнің үлкені. «Қиянат - әділеттің дұшпаны» дейді Абай. Сондықтан қиянат барлық қасиетті жазбаларда сөгілген. Психолог мамандардың сөзінше, өзін-өзі жарып жіберуге итермелейтін террористік идеологияның тамыры - мейірім, махаббат сезім жетіспеушілігінде. Бұл сезімдер жоқ жерде, әділдік те жоқ. Мінеки, қай қырынан қарасақ та, ұлттық мүддені тәркі етіп, тек «таза ислам» ұранын көтерген «турашыл» ағымдардың зардабы мол.

Ақиқатында, ұлттық және діни құндылықтар қарама-қарсы бола алмайды. Олардың мақсаты ортақ, айналып келгенде адамдық тәрбиеге саяды. Екеуі де қоғамның рухани саулығы, адамгершілік, имандылық деген асыл мұраттар бойынша бір сағаға құяды.

 

Асан Омаров, ҚР Дін істері агенттігінің ғылыми қызметкері

 
АДР РК DinGovKz
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
19 сентября 2013, 12:23
590

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 янв. 2017 / 21:50
  • 31018
  • 18
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 янв. 2017 / 12:36
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 3985
  • 5
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 янв. 2017 / 11:34
Разрубить сирийский узел. Казахстан как миротворец сделает невозможное?

Разрубить сирийский узел. Казахстан как миротворец сделает невозможное?

Только что в Астане начались межсирийские переговоры. Событие это примечательно не столько содержанием и ожидаемыми результатами, а самим фактом.
openqazaqstan
вчера / 13:35
  • 3512
  • 15
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 янв. 2017 / 12:49
  • 3907
  • 36
Поправки в стиле «1937» не прошли. МИК отказалось от запрета анонимных комментариев

Поправки в стиле «1937» не прошли. МИК отказалось от запрета анонимных комментариев

Сегодня Министерство информации и коммуникаций исключило из законопроекта предложенные ранее нормы, предполагавшие «деанонимизацию» комментаторов и регистрацию блогеров.
openqazaqstan
20 янв. 2017 / 12:12
  • 2515
  • 22
Почему мужчины используют некоторых женщин? Случай из жизни

Почему мужчины используют некоторых женщин? Случай из жизни

Однажды мне довелось приеxать к своей сестре в другой город с ночевкой. Она живет одна и ей почти 33 и она не замужем. Лично я считаю, что её старой девой называть рано, она все еще открыта для...
Roza_pvl
19 янв. 2017 / 15:32
  • 2894
  • 94
Пожив в Китае, привыкаешь к вопросам типа «Ты что, не китаянка?»

Пожив в Китае, привыкаешь к вопросам типа «Ты что, не китаянка?»

Привет всем) Сегодня хотелось бы поделиться ощущениями, какого это быть "чужой" среди "своих" Около одного года проживаю в Китае, и уже сама начинаю верить, а иногда даже задумываться о вероятности...
asemik07
20 янв. 2017 / 18:52
  • 2310
  • 19