Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
17:28, 18 сентября 2013

Адамзат өмірінің басты тірегі...

Соңғы кездері өмірімнің кейбір шарттарының қалыптасуына байланысты жаным мен жадымда сақталып жүрген, мені толғандырып жүрген басты мәселемен бөлісу арқылы блогымды жаңа жазулармен толтырғым келіп отыр. Бұл мәселені ойға салып, мүмкін қорытынды бір шешімге келетін болымын. Жазбаларымды периодты түрде шығарып отырамын, менің жоспарым бойынша үлкен және ауқымды мақаланы бөліктерге бөліп шығару ыңгайлы және мәселені талқылау теренірек болады. Сондықтан қызығушылық тудырған жандарға бірге болайық - деп айтқым келеді.

 

Бірінші бөлім: Адамзаттың абстрактылы мәні...

Blog post image

   

Әр адамның өмірінде рухани қалпының көрсеткіші ретінде ең басты рольдердің бірі әрине дін болып келеді. Сана-сезіміміз толық қалыптасқаннан бері жанымызды қадағалайтын серіктеріміздің бастысы да сол. Тұрғылықты жері мен мәдениетіне байланысты, уақыттың шапшандығы мен өзгеру қуатына байланысты діннің тармақталу процессінің факторлары мен себептері неде? Тек осы басты сұраққа жауап табу арқылы менің ойымша адамзат баласы жалған діннің насихаталуымен және адамдардың алдануларымен күресе алады. Әрбір мәселенің дұрыс және эффективті шешімін табу үшін оның пайда болу шарттары мен түп негізіне қайта оралып қарастыруынан басталады.

Жалпы түсінік бойынша бүкіл діндердің түп негізі мен насихаттау бағыты бойынша бастауы бір. Бірақ уақыт өте келе адамдардың өздеріне дінді ыңғайлату әрекетінен бұрмалануларға тап болып, адамдардың өз беттерінше, өз түсінігі мен сана-сезімдерінің әр түрлілігі арқасында тарату арқылы түп мағынасының өзгеруіне немесе бұрмалауына әкеп соққан болатын. Осыдан әрине келесідей сұрақтар туындауы әбден мүмкін. Олар: Қазіргі кезеде діннің түп негізгі мағынасы мен насихаттау мәселесі қаншалықты бұрмалануға тап болып, қаншалықты «дұрыс»?  Қай дін тармағы бұндай бұрмалануларға аз душар болған? Абстрактылық мәселелерді белгілі бір заңдылықтармен, метематикалық есепке келтіру жолдарымен түсіндіруге көнерлік нәрселер емес, бірақ аналитикалық ойлау қабілеті тарапынан қарастырып, тек болжамдап айтуға болады. Ықтималдылық теориясы бойынша ойға салатын болсақ басқа дін тармақтарына қарағанда ең аз бұрмалануларға ұшыраған дін – ислам діні деген қорытындыға келуге болады. Оны түсіндірімі ретінде осы дін ағымының пайда болу уақытын келтіруге болады, өйткені бәрімізге белгілі болғандай ислам діні ең жас дін деп есептелінеді.

 

Blog post image

   

Р.S Келесі мақала сіздер біліп отырғандай Ислам дінінің мәнін ашу мақсатында жазылатын болады. Асыға күтініздер...

   
0
1849
0