Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:58, 17 сентября 2013

Амансыз ба, әлеумет!

Амансыз  ба , әлеумет ! Жаңбыры  мол, құбылмалы  жазды  артқа  тастап     әдемі , бояуы  қанық  күзге аяқ   бастық. Бәрімізге  тұтқан  оразамыз  қабыл  болып,Алланың  ризашылығында  болайық ,келесі  айтқа  аманшылықпен  жетейік  деген  тілегім  бар .  Ораза   кезінде  ауа-райының қоңыр  салқын  ,жаңбырлы  болғаны  кейбірімізді  қуантса да  ,егіншілердің  көңілдері  күпті  болғаны  анық. .Алайда  күз  жайдары , шуақты  болса, халқымның   ырыздығы  мол  болары  сөзсіз.Ләйім  солай  болсын да!

Жаз  кезіндегі  ауа-райына  қарамастан біреу   үй  салса,  біреу   пәтерін  жөндеуден  өткізді. Денсаулығын   қалпына  келтіргендермен  қатар, жүйкесін  тоздырып  алғандар  да  баршылық..Соңғылар-  балалары  мектеп  бітіріп,   ұлттық  бірыңғай  тестілеуден  өтіп   жүректері  дүрсіл  қаққан   шіркін   ата-аналар. ҰБТ дегеніңіз-пайдасы мен  зияны  бірдей шара деп ойлаймын. Пайдасы-бір  күнде    барлық сабақтан бір  құтылатының да, зияны – айналдырған  3-4  сағат  ішінде  баланың  жалпы  біліміне  баға  беріледі. Бұрынғыдай арасына  4-5  күн  салып  6  сабақтан емтихан тапсырмайсың. «Қалай  болады ?» деп  қиналмайсың. Бәрі де   бір-ақ  күнде  бітеді.Бір  оқпен 5-6  қоян  атылады.Тамаша!Онсыз  да  ешнәрсеге  басын  қатырғысы  келмейтіндер үшін таптырмайтын  жай.Әр  сабақтан  там-тұмдап алғанда қажетті  балл да жиналады.Баланың рухани  дүниесі мен жалпы  сауаттылығының белгісі  болып  табылатын  шығарма  да  жазылмайды. Бұрынғыдай «Қандай  тақырып  келер екен ? Қайсысына қандай  эпиграф  жазсам  екен ?» деп  бас  қатырмайсың .Қаншама арыстың  аты  шыққан елдің сауатсыз  ұрпағы   атанбасақ  не  қылсын? Қалай  болғанда  да  балаларда  кінә жоқ..Тапсыру  керек-тапсырды.Елімнің  ертеңі-солар.Алға  қойған  мақсаттары –анық, білімдері-терең,қадамдары-құтты  болғай!

Ал  қолдарына  диплом  алған оқу орнының түлектері жұмыс  орнын  іздейді. Қаншама  шығынданып  оқытқан ата-ананың  үмітін  ақтау  керек әрине.Айың  оңыңнан  туып, жұмыс  табылса  жақсы. Табылмаса  ше? Бірақ жерінің  асты  да  үсті  де  байлыққа  толы  елдің  халқымыз. Жұмыссыз  қалмаспыз. Еңбекқор,талмай  ізденген  адамның өз  алар  сыйы   болары  сөзсіз. «Әрекетіңе  қарай-берекет» емес  пе? Күзде жаздағы  әрекетіміздің жемісін  көреріміз  хақ.. Ал  мектеп жасындағы  балаларға жазғы демалыстан  кейін   білім  айдынында  жүзуіне  сәттілік  тілейік. Мектеп  бағдарламасы  да  күрделі   әрі  оқулық та   түрлі-түрлі.Осыған  қарамастан ұрпағымыздың  саналы  да  білімді   боларына   сенемін. «Мен  жастарға  сенемін» деген  кім  еді? Қателеспесем , Мағжан  ағамыз секілді. «Оқы,оқы  және оқы» деген  ұранмен   өскен   ұрпақ  едік, ендігі жасөспірімге «білімді мен білімсіз тең  бе»  қағидасын  есте  ұстаған  абзал деп  ойлаймын.

 
0
468
0