Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
01:44, 17 сентября 2013

БАЛА ТАПҚАНДІКІ ЕМЕС, БАҚҚАНДІКІ. БАЛАЛАРЫМЫЗ ҚАНДАЙ ТӘРБИЕ АЛУДА....

16.09.2013 жылы Алматы қаласында Республикалық 45minut.kz, metodist.kz ресурстарының ұйымдастыруымен «Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және Ұстаз беделін арттыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге Зейнеткер ұстаз Рамазан Жәшиұлы, ҚМҚПУ ұстаздары, Алматы қаласы № 172 мектеп ұстаздары және Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназияның ұстаздары және ата-аналары қатысты.

Ұстаз беделін қалыптастыруда үйдегі тәрбиенің маңызы зор. Сондықтан әрбір ата-ана ен бірінші жеке өзіне:

Ата-ана ретінде үйде балаға қанша уақыт бөлесіз, сабақ үлгерімін тексересіз бе, айына білім мекемесіне қанша рет барасыз, баланың қай пәнге бейім екенін білесіз бе? Ата ана міндетін дұрыс атқарып жүр ме? Баланың оқу үлгерімін, немесе окуға деген ынтасын калай арттыру керек? Ұстаздардың білім дәрежесі қандай? Кәсіби деңгейі қандай дәрежеде? т.б - міне осындай сұрақтар қазіргі ата-ананың өзіне қояр талабы мен ұстанымы болуы тиісті.

Дөңгелек үстел барысында жоғарыдағы мәселелер төңірегінде пікірлесу болып өтті. Сонымен қатар, Ұстаз-Оқушы-Ата-ана шығармашылығы және Ұстаз беделін арттыруға арналған «Жаңа білім Жаңа ғасыр» Республикалық конкурстың туралы таныстырылым өткізілі. Республикалық конкурстың жұмысшы тобы жұмыс жоспары және ұйымдастырылу барысы туралы есеп берді.

Республикалық конкурстың алғашқы таныстырылымы «Ұстаздар күніне» орай 28.09.2013 жылы Алматы қаласында өткізіледі.

Ұстаздарға жағымды жаңалықтың бірі, Республика бойынша тұрақты түрде жалғасатын 2013-2014 оқу жылына арналған семинар оқу жоспары таныстырылды.

Семинар оқу төмендегі бөлімдер бойынша ұйымдастырылады:

  • Семинарларды белгілі тақырыппен және нақтылықпен ұйымдастыру. Пәндік семинарлар, тәжірибелік семинарлар, пікірлік семинарлар үшін сұраныс өте жоғары дәрежеде.

  • Семинарды ұйымдастыруда ақылдастар алқасын жасақтап сол арқылы ұсыныстар мен пікірлер нақтылануы керек.

  • Аға буын өкілдерінің кәсіптік тәжірибелерін үйренуге жағдай жасау және нақты практикалық мысалдармен түсіндірілу.

  • Қала және ауылдық білім мекемелері арасында байланыс орнатып екі жақты семинарлар ұйымдастырылу.

  • Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және Ұстаз беделін арттыру. Семинарға ата-аналарды қатыстыру және семинар туралы мектеп жиналысында ой бөлісу.

0
1766
0