Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 771 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:43, 15 сентября 2013

КЕДЕНДІК ТЕКСЕРУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Респбликасының кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 10-бабында кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыруғаміндетті, деп көрсетілген.

Сол себепті, Кодексте Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыруға тәртібін реттейтін арнайы тарау қарастырылған.

2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы  кеден ісі туралы» кодексіне (бұдан әрі-Кодекс)  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, атап айтқанда 221-1-бапта кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау көрсетілген.

Аталған баптың 1-тармағына сәйкес, кеден органының тексеру жүргізген лауазымды адамдарымен кедендік тексеру нысанын көрсете отырып, кедендік тексеру актісін жасайды.

Сонымен қатар, кодекстің 221-1-бабына сәйкес, кедендік тексеруді жүргізу кезінде оның нәтижелері бойынша Кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешектерді өтеу туралы хабарлама шығарылады және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы талап қойылады.

Хабарлама кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайларда шығарылады.

Кедендік тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер етпейтін бұзушылықтар анықталған жағдайларда қойылады.

   

ОҚО бойынша КБД

құқықтық қамтамасыз ету бөлімі

 
0
2024
0