Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:02, 11 сентября 2013

Астанада велоспорттан ел чемпионаты өтіп жатыр

велоспорттан Қазақстан чемпионаты
Елордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Биыл чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан келген командалар қатысуда. Дүбірлі додаға 100-ден астам спортшы жиналды. Соның ішінде 23 адам елорданың намысын қорғайды.

Чемпионат «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтуде.

Жарыс күн сайын сағат 15.00-де, ал 14 қыркүйекте бағдарлама сағат 10.00-да басталады. Марапаттау рәсімі және жарыстың жабылуы сағат 13.00-де өтеді.

   
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
 
0
137
0