Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:23, 10 сентября 2013

Әскери заңгерлер жаңа сапалы деңгейге көшті

Қапшағайда орналасқан 35-ші десантты-шабуылдаушылар бригадасының базасында заң бөлімшелері офицерлерінің жиыны аяқталды. Әскери заңгерлер әскерлердің күнделікті тыныс тіршілігінде заңнаманы пайдалана білу мәселелерін талқылады.

Қазақстан армиясының тарихында жиынға тұңғыш рет  Қарулы Күштердің құрылымдары мен әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындарының, қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен аудандық пайдалану бөлімдерінің заң өкілдері тартылды.

Қарулы Күштерде заңды бұзбауды қамтамасыз ету жөніндегі Қорғаныс министрлігі басшылығының талабы әскери заңгерлерге жеткізілді. Әскери қызмет атқару, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу, арыз-шағым жұмыстарын жүргізу сұрақтары бойынша сабақтар өткізілді.

Жиын барысында дене тәрбиесі, атыс дайындығынан сынақтар өтті. Әскери заңгерлердің дайындық деңгейін анықтау мақсатында қорғаныс және әскери қызмет мәселелері төңірегінде нормативтік-құқықтық актілер бойынша тест қабылданды.

Жиын қорытындысы бойынша әскери заңгерлерге келесі жиынды жоспарлау үшін әскери қызмет, ротация, лекторлармен жиын, шаралар ұйымдастыру жөнінде сауалнама өткізілді.

Жергілікті жерлердегі заң бөлімшелері офицерлерінің жұмыс сапасының жақсарғаны байқалды. Үздік әскери заңгерлер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
245
0