Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:02, 09 сентября 2013

Көкпардан I ашық Азия чемпионатына 8 мемлекеттің құрамасы қатысады

Blog post image
Көкпардан I ашық Азия чемпионатына 8 мемлекеттің құрамасы қатысады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық спорт түрлері федерациясының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан мәлім етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпион 10-15 қыркүйек күндері «Қазанат» атшабарында өтеді. Біріншілікке Азияның 8 мемлекеті: Ауғанстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері қатысады. Көкпардан I ашық Азия чемпионатының бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Айта кетейік, көкпар — Орталық Азиядағы көшпелі халықтың көне ұлттық спорт ойыны. Кейінгі жылдары Қазақстан көкпарды жандандыруды қолға алып келеді. Нәтижесінде, көкпардан халықаралық спорт федерациясы құрылып, оған аймақтағы мемлекеттермен қатар, Қытай, Пәкістан, Түркия, тіпті Франция да енді. Қазіргі таңда Қазақстанда жыл сайын ересектер және жастар арасында ұлттық чемпионаттар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ ауылдық және аудандық деңгейде 300-ден астам турнир өткізеді.

Көкпар ойнының ережесіне сәйкес, команда он салт аттыдан құралады. Алайда алаңға әр командадан төрт ойыншыдан шығады. Өзге спорт түрлеріндегідей көкпарда да ойыншы алмастырылады, әрі тек спортшыны ғана емес, жылқыны да ауыстыруға болады. Ойын жиырма минуттық екі таймнан тұрады. Ойында үш төреші қазылық етеді. Ереже бойынша, ойыншы жерден серкені көтеріп жатқанда шабуыл жасауға болмайды, қарсыласты қамшымен сабауға, көрермендер жаққа шабуға, олжаға ие болған адамды атынан құлатуға немесе серкені артынан тұрып тартуға тыйым салынған. Ойын ережесін бұзған спортшы 2 минутқа қуылады. Бір ойыншыға кем ойнау бірден ойын есебіне әсер етеді. Көкпар қарапайым болса да, техникалық жағынан күрделі ойын. Ол үшін көп әрі ұзақ жаттығу керек. Үздік ойыншылардың жасы әдетте 40-тан асады.

 
АСТАНА.  ҚазАқпарат —  Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
198
0