Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:05, 09 сентября 2013

Қайтыс болған ұшқыштың отбасы Астанадан пәтер алды

Авиация апатынан қайтыс болған полковник Марат Едігеевтің отбасына Астана қаласынан үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.

 

Blog post image

 

- Біз енді жауынгер досымызды, жайсаң командирімізді, тәжірибелі ұшқышты, үлгілі отағасын қайтарып ала алмаймыз, бірақ оны жарқын бейнесін ешқашан есімізден шығармаймыз,-деді ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов.

   

Қайтыс болған офицердің жары, туған туыстары Қазақстан армиясының басшылығына қолдау көрсетіп назар аударғандарына  ризашылықтарын білдірді.

   

2013 жылғы 23 сәуірде жоспарға сәйкес ұшу-жаттығулары кезінде сағат 22.40-та Қарағанды облысы Шет ауданы Просторное ауылына жақын жерде МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады. авиациялық базасында. Экипаж парашютпен секіріп үлгерді, өкінішке орай экипаж командирі полковник Едігеев Марат Оразұлы қайтыс болып, штурман майор Галимзянов Руслан Раифұлы орта жарақатпен госпиталға түскендігін еске саламыз.

   

Әскери қызметін атқару барысында ерлік пен табандылық танытқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен полковник Марат Едігеев қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
269
0