Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:12, 30 августа 2013

Еуропа Лигасы матчында киевтік «Динамо» мен «Ақтөбе» арасындағы бір допқа қарсы бес доп


«Динамо» командасы мен қазақстандық «Ақтөбе»

Киевте «Олимпийский» ұлттық спорт кешенінде жергілікті «Динамо» командасы мен қазақстандық «Ақтөбе» арасында Еуропа Лигасының плей-офф раундысының матч аяқталды.

Ойынның түпкілікті есебі 5:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді, қазақстандықтар болса, пенальтиде бір ғана доп соқты, оны Александр Гейнрих жүзеге асырды.

Динамолықтардан Джермейн Ленс, Роман Безус, Мбокани, Браун Идейе (пенальти), Олег Гусев көзге түсті.

Ақтөбе қаласының Орталық стадионында өткен алғашқы ойында да киевтіктер 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Дегенмен «Ақтөбенің» Еуропа Лигасында қалуына мүмкіндік бар. УЕФА-ның төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы комиссиясы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде түріктің «Фенербахче» командасын ауыстыру жөнінде шешім шығарды, деп хабарлады Vesti.kz.

УЕФА-ның ресми сайтында хабарланғанындай, ыстамбұлдық клубты плей-офф раундысында ұтылған командалардың бірі ауыстырады, бұл шешуші матчтың қорытындысы бүгін белгілі болмақ. Топтық кезеңнің соңғы қатысушысы ұтылғандар арасында жеребе тарту арқылы анықталады.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 
0
232
0