Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:50, 23 августа 2013

ЮНЕСКО бас директоры С.Сәпиевке ізгі ниет елшісі мандатын табыстайды

Серік Сәпиев

ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова Орта Азияға ресми сапары аясында ертең, елордада Серік Сәпиевке «Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі» құрметті атағын табыс етеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің кеңесші-елшісі Сатыбалды Бұршақов мәлім етті.

«Ирина Бокова Астанаға ертең, 23 тамыз күні Мәдениеттердің жақындасуының халықаралық онжылдығына байланысты ұлықтаудың Халықаралық форумына қатысады. Аталған іс-шара аясында ол бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі мандатын табыстайды», — деді ол.

Арнайы диплом мен құрметті атақ қазақ боксшысына дәстүр бойынша БҰҰ-ның Париждегі штаб-пәтерінде табыс етілуі тиіс еді. Дегенмен Серік өз дипломын 23 тамыз күні Астанада өтетін 2013-2022 жылдардағы мәдениеттің жақындасуының халықаралық онжылдығына байланысты ұлықтаудың халықаралық форумы аясында алады.

Жалпы бұған дейін «UNESCO Champion for Sport» атағын әйгілі автошабондоз Михаэль Шумахер, футболшы Эдсон Арантис ду Насименту ( Пеле) мен Оскар Табарес, дзюдошы Давид Дуйе, жеңіл атлет Сергей Бубка, Виргилиус Алекна, Вероника Кэмпбелл-Браун, хоккейші Вячеслав Фетисов, ағайынды боксшылар Виталий және Владимир Кличко, теннисші Жюстин Энен, сумошы Хакухо Сё, жағажай волейболының шебері Жаклин Силва иеленген болатын.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
 
0
216
0