Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:11, 29 августа 2013

Wikimania 2013(Hong Kong) конференциясында болған екі күн (3-бөлім)

Конференция уақыты біткеннен соң, біз Джимми Уэйлс орналасқан қонақ үйге жол тарттық. Patricia есімді аргентинец бізге, қонақ үйге жетуімізге көмектесті.

Blog post image

 

Қонақ үйге келіп, Джимми Уэйлстің келуін күттік, ол да бізді көп күттүрмей келді. Жалпы, өзім оны көруге асықтым. Бұрын оны тек ғаламтор бетіндегі суреттерін көретінмін. Оны осында көреміз деген біздің ойымызға да кірмеген.  Міне, конференция арқасында Уикипедия негізін қалаушы Джимми Уэйлсті де көрдік. Ол бізді жылы шыраймен қарсы алды. Кездесу кезінде көптен бері толғандырып келе жатқан сұрақтарымызды қойдық. Ол бізді тыңдап, сұрақтарымызға жедел әрі толық жауап берді. Қойған сұрақтарымыз: «Балаларға арналған уикипедия ашуға бола ма?»,  «Уикипедияда ең бірінші мақала қай мақала болғаны есіңізде ме?» және т.б.

Джимми  Уэйлске қойған сұрақтарымыздың ішінде Қазақстан туралы сөз қозғаған болатынбыз. Нақтырақ айтсақ, «Қазақ Wikipedia-сын» дамытудың жолдары мен болашағы. Бұл тыста біздің көздеген мақсатымыз- осындай үлкен масштабта өткізіліп жүрген, халықаралық  Уикимания конференциясының Қазақ жерінде өткізілуі. Әрине, бұл оңай істелетін іс емес. Ол үшін көп еңбектену керек. Егер осы қарқынмен жұмыс жасасақ, мүмкін, бір 5-10 жылдан кейін конференция біздің жерімізде де өткізілетіне сенімдімін.

Blog post image

Blog post image

 

Джимми Уэйлспен сұхбаттасуымыз біткен соң, суретте көріп отырғандай,біз оған өз ризашылығымызды білдіріп, қазақтың ұлттық  тақиясы мен туымыз бейнеленген сыйлықтарды сыйға тартқан болатынбыз.

Біздің кездесуімізден кейін ол твиттерге біз туралы жазыпты.

Blog post image

"Джимми Уэйлспен болған сұхбат" туралы басқа беттерде:

Кездесуден кейін біз қонақ үйге барып тынығып, кешкі асымызды іштік. Одан соң қаланы аралауға шықтық. Оқумен қатар шамалы демалу да болды. Түнгі Гонконгтағы өмір, бұндағы заңғар ғимараттар, тығылысқан көшелер мен көп халқы біздің өмірімізден ерекше сынды көрінді маған. Жат қала екі күннің ішінде мені өз ғажайыптарымен таң қалдырмай қоймады. Бірақ бұл жат жердің әр нәрсе сияқты жақсы және жаман жақтары да болды.  "Өз елің- өлең төсегің" деген сөз бекер айтылмаса керек-ті. Ол жақтың ауа райы өте ыстық және ылғалды, әрине, біз қоңыржай Қазақстанда тұрғандықтан бізге бұл ауа райы жаққан жоқ. Бірақ елдің дамығаны соншалық, әр ғимарат, тіпті, әр такси, әр автобустары салқындатқыштармен (кондиционер) жабдықталған.

Blog post image

Blog post image

Осындай көп эмоциялар мен жақсы, көтеріңкі көңіл күймен өз Отанымызға асықтық.

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы-Жұмалина Назерке

0
380
0