Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:48, 16 августа 2013

Алматы облысында дене шынықтыру және спортты дамытуға 4,6 млрд. теңге бөлінді

Алматы облыс басшысы Аңсар Мұсаханов

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат — Алматы облысында 2013 жылы дене шынықтыру және спортты дамытуға 4,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Спорт күніне арналған салтанатты іс-шара кезінде өңір басшысы Аңсар Мұсаханов мәлімдеді.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Спорт күнімен шын шүректен құттықтаймын!

Мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық және спорт алаңдарында биік жеңістер тілеймін», деді ол спорт ардагерлері, әлем және ел чемпиондарынан құралған қонақтар алдында сөйлеген сөзінде. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «дене шынықтыру және спорт мемлекеттің ерекше қамқорлығында болуы тиіс. Дәл осы салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып табылады» деп атап айтты.

Облыс әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыста спорт және дене шынықтыруды дамыту жөніндегі іс-шаралар өткізілуде.

Материалдық-техникалық база нығайтылып, жаңа спорт нысандары салынып жатыр, спорт алаңдары мен ғимараттарды қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімдігі жыл сайын 60 жетекші спортшыға және 25 мүмкіндігі шектеулі спортшыға ай сайынғы стипендияларын төлеп тұрады.

 
0
294
0