Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
00:25, 16 августа 2013

2013-08-09 12:17:03 Бауыржан Ибрагимов, САХНА КІМ КӨРІНГЕННІҢ МЕКЕНІНЕ АЙНАЛҒАНДЫҚТАН «БАУЫРЖАН-ШОУ» ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ


Blog post imageСахна төрінен «Бауыржан-шоумен» қоса Бауыржан Ибрагимовтің де көрінбей кеткеніне біраз болған. Сөйтсек ағамыз  Алматыдан арқа жаққа қарай келгіштеп жүр екен. Ибрагимовтің бастамасымен «Қазақстан эстрада артистерінің одағы» құрылғалы жатыр дегенді құлағымыз шалып,  байырғы сатира артисіне бірнеше сауал қойған едік.

– Бүгінде не көп, өнерге де басқаға да тиесілі одақ көп. Сіздердің де бір одақ құруларыңыз қандай қажеттіліктен туындады?
– Бұл одақты құруды  4-5 жыл бұрын жоспарлағанмын. 2009 жылы Алматыда бүкіл театрларды жинап, Өзбекстан, Қырғызстаннан қонақтар шақырып, әзіл-сықақ ассоциациясын құрған болатынмын. Сол кезде меморандумға қол қойылған еді. Сахнадан кеткеннен кейін бұл іс аяқсыз қалды. Енді қайтадан одақ деңгейінде қолға алып отырмыз.
– Одақ нақты қандай жұмыстармен айналысады?
– Одақтың мақсаты – әзіл-сықақ жанрының деңгейін көтеріп, ең алдымен қазақ эстрадасының дербес театрын құрып, оның мемлекеттік мәртебе алуына қолғабыс жасау. Клоунада, пантамима, пародия және қуыршақ театрын жаңа сатыға көтерсек деген ниеттен туындап отыр. Одақ мүшелерімен жұмыла іске кірісіп, қайткенде де халыққа биік деңгейдегі сапалы туындыларды дүниеге әкелу керек. Одақтың арнайы алқасы ең жақсы қойылымды сомдаған актерге, режиссерлерге Оспанхан Әубәкіров, Серік Кенжеахметов атындағы жүлделер беріп, марапаттарға  ұсынатын болады. Сондай жағдайда таланты бар, тамыр-танысы жоқтардың, ерен еңбектері ескеріледі. Қала әкімшілігімен бірігіп, қала күні қарсаңында юмордың деңгейі биікке көтерілген Орта Азия, Ресейден өнерпаздар шақырылып, «Юрмала» секілді фестиваль ұйымдастыру жоспарда бар. Ескінің көзін көрген, өнерді бағалай білетін еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, әзіл-сықақ театр ұжымдары бір ауыздан қолдап отыр. 
– Қазір сізді көп көрмейміз. Қандай іспен айналысып жүрсіз?
– Дарынды өнерпаздарды дайындау қажеттігі туындаған соң, Астанада Қазақ ұлттық өнер университетінде бұрын-соңды болмаған актер, эстрада, миниатюра  мамандығын аштым. Былтыр 15 жас өренді қабылдап, енді оларды актерлікке  шыңдап жатқан жайым бар.
– «Бауыржан-шоу»  неге жұмысын тоқтатты?
– «Бауыржан-шоу» жетер шыңына жетті. Сахнада қойылатын әзіл-қалжыңның көпшілігі жеңіл-желпі болып, дарынсыздар көбейген тұста өнерден қол үзуге тура келді. Көпшілігінің арнайы білімі жоқ, актерлік мамандықты игермегендер қаптап кеткендіктен сатира жанрын алға сүйреудің орнына артқа сүйреді.  КВН-нің бірлі-екілі жерінде көзге көрініп қалғандар сахнаны билеп алды. Сахнаның киесін ұмытқан кез болды. Бұл актерлікке немқұрайлы қарағанымыздың көрінісі. Актер  есту, көру, қорқу, бағалау деген элементтерді ескерген жөн. Мыңның бірі тума талант болып жатпаса нақты білімсіз ешкім әртіс бола алмайды. Образы жоқ анекдоттарды айтудан, бір-бірімізді кекетіп-мұқатудан өнер шықпайды.
– Өзіңіз айтқан сындарға ұшырап жүргендердің қатарына «Бауыржан-шоу» кірмей ме?
– «Бауыржан-шоу» маманданған туындылар ұсынып, еңбегін сіңірді. Жоғарыда айтқанымдай, сахнаның өзі кім көрінген кіріп-шығатын мекенге айналған соң, театр жұмысын тоқтатты. Биікті бағындырған деңгейінде қалды. Шетелге еліктейміз деп ұлттық нақышымызды жоғалтып, «Камеди клаб» секілді анайы дүниелер қаптап кеткендіктен, барлығын жүгендеп отыру үшін басымызды қосып, ойласуды дұрыс көріп отырмын.
Сұхбаттасқан – Салтанат СҮГІР
 

 



2
1997
7