Тікелей эфир

Аяулым Шалқар: «Өзімді ешқашан өзгелермен салыстырған емеспін»

Аяулым Шалқар — заманауи өнер адамының нағыз үлгісі. 17 жасында әңгімелер жазып, иллюстрация, логотиптер салады, модельдік жұмысына үлгеріп, сый тәттілерін әшекейлейтін «Кампитка» атты жеке жобасын жүргізеді. Бір сөзбен айтқанда, ол өз алдына мақсат қоя білетін, өзіне қарата білетін қызығарлық тұлға. Бүгінгі материалда Аяулымды әңгімеге тартып, оны жақынырақ білуге тырыстық.


— Сәлем Аяулым! Өзің жайлы қысқаша айтып өтсең?

— Мен 1996 жылы 29-қаңтарда Алматыда дүниеге келдім. Ы.Алтынсарин атындағы 159-мектепті осы жылы бітірдім. 16 жасымда EAT Models модельдік агенттігіне қабылдандым. Олар мені Вконтакте желісіндегі суреттерім арқылы тауып алыпты. Look.tm сән порталына жасаған фотосессияма қызыққан болуы керек.

— Ата-анаң да өнерге жақын ба? Мүмкін шығармашылыққа деген құштарлық солардан дарыған болар?

— Мүмкін. Өйткені әкем жас кезінде сурет салумен айналысқан екен. Ал анам болса әрдайым әдебиетке жақын болған.

— Қашаннан бастап әңгімелер жаза бастадың? Оларды басып шығару ойыңда жоқ па?

— Әңгіме жазуды 2012 жылдың басынан бастағанмын. Кішкентай кезімнен қалың роман жазуды армандайтынмын. Бірақ жазуға отырған кезде әрдайым қысқа әңгіме болып қана шығатын. Оған уайымдайтынмын да. Бірақ кейінірек қысқа әңгіменің өзінше бір көркі барын байқадым. Қазірше оларды басып шығару ойымда жоқ. Жеке блогымда ғана шығып отырады.

— Әдемі иллюстрациялар жасайсың. Қазірде қандай компаниялармен жұмыс жасап үлгердің?

Бірден айта кету керек, сурет салу — бұрыннан келе жатқан сүйікті ісім. Соңғы кезде дизайн, фирмалық стиль мен логотиптер жайлы кітаптарды қызыға оқи бастадым. Осы салада маманданғым келеді. Бірнеше логотип жасап үлгердім. Қазірде маған негізінде кішігірім бизнес өкілдері жүгінеді. Мысалы, Rainbow Cakes наубайханасы, Fashion Box және Anarelle әшекейлер сататын онлайн дүкендері. Бірақ қазірде біраз үлкенірек жоба үшін жұмыс жасап жатырмын. Бір қуантатыны — адамдар диплом мен тәжірибемнің жоқтығына қарамастан хабарласып жатады.



— «Кампитка» брендінің идеясы қалай келді? Жұмыс процесі қалай өтеді?

— Негізі оның идеясы менің әпкемдікі. Кез келген тақырып аясында сыйлық ретінде тәттілерді әшекейлеп шығу. Жобаны бірігіп іске асырғанбыз. Мен фотограф жұмысын және вконтакте мен инстаграм желілерін жүргіземін. Барлық тапсырыстарды үйде отырып, өз қолымызбен жасаймыз. Тапсырыс берушілер әрдайым риза болып жатады. Шыны керек, әр нәрсені сүйіспеншілікпен жасаймыз.

— Өзіңді болашақта қай салада көресің? Университетіңді таңдап қойдың ба?

— Шынымды айтсам, оны әлі өзім де білмеймін. Сол себепті барлық жерде өзімді сынап көргім келеді. Ал оқуға бір-екі аптадан кейін Франция, Страсбургке кетемін. Ол жақта оқу бұрынғы арманым еді. Арманымды орындап келемін. Өнер факультеті, дизайн курсына түстім.

— «Сұлулық» ұғымын қалай түсінесің? Сұлулық эталоны сен үшін кім?

— Сұлулық деген мен үшін ең біріншіден — денсаулық. Күтімі мен денсаулығы бар қыз әрдайым сұлу. Ал сұлулық эталоны мен үшін — Миранда Керр.

— Сен үшін шабыт көзі?

— Менің жеке шабыт көзім бар — ол менің сүйіктім.

— Қандай спорт түрімен айналысасың?

— Бала кезімде бимен айналыстым, оның ішінде балет және сальса. Жүзуді жақсы көремін. Қазірде аса ешқайсысымен айналыспаймын, тек сөремдегі скакалканы ұмытпаймын.

— Күнделікті жазғы күніңді қалай суреттей аласың? Қалада сені көбінесе қай жерлерде кездестіруге болады?

— Жазда түске дейін ешқайда кездестірмейсіздер. Өйткені ұйықтауды жақсы көремін (күліп). Ал әдетте кофеханаларда, Алматының әдемі бақтарында немесе жай ғана көшеде түсірілім кездерінде.

— Сүйікті кітаптарың жайлы айтып берсең?

— Дина Рубинаның «Когда же пойдет снег» әңгімелер жинағы ұнайды. Жаңа бестселлері «Жутко громко и запредельно близко» да жаман емес. Бірақ барлық кітаптардың арасынан мені әрқашанда Борис Акуниннің романдары қызықтырып әкететін.

— Өмірлік ұстанымдарың бар ма?

— Әрине. Өмірдегі әрекеттерімнің бәрі де бұрында өзіме қалыптастырып алған ұстанымдарыма негізделеді. Олардың бастысы — өзімді ешқашанда өзгелермен салыстырмау және өзіме шектеу қоймау. Менің ойымша, бәріне де қол жеткізуге болады және бәріне де рұқсат етілген. «Дұрыс» және «бұрыс» деген ұғымдар жоқ, бәрі өз қолыңда.

— Өмірде сен үшін ең басты нәрсе?

— Еркіндік.

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева

Алия Arsik
13 тамыз 2013, 13:56
10768

Loading...

Пікірлер

Ох, ана бетіне бояу жаққан суретіне құладым:))) Сұхбатқа рахмет, Карибаева.
Өте сұлу қыз екен :) менің мектебімнен екен ғой) кәмпит корзиналар қатты ұнады, өнерлі қыз екен... бағы жансын!
куштііііііііііііііі
Керемет! Осындай ақылы көркіне сай, он сайсағынан өнер тамған қыздар шабыттандырады :)
өте көрікті бойжеткен
да...оригинально и неповторимо) ха...
набор из чупа чупсов завораживает..и собственно какое отношение столь многочисленные фото особы в теме...
да, прекрасно и меня вдохновил

F013GVtn9PDxr3xWI52wK7Bm0bL55o.jpg
Азамат десеңші... Ақылына көркі сай, көркіне ақылы сай дегеніміз осы ғой. Еліміздің еркелеріне үлгі болар, бетке тұтар айнасындай екенсін. Сәттілік!
К. Айжан сұхбатыңызға алғысымды білдіремін!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 нау. 2017 / 18:28
  • 8326
  • 45
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 нау. 2017 / 23:10
  • 6476
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 нау. 2017 / 14:20
  • 4519
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 нау. 2017 / 9:25
  • 4071
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 нау. 2017 / 14:59
  • 4246
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 нау. 2017 / 11:26
  • 3315
  • 31
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 нау. 2017 / 18:42
  • 3461
  • 34
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 нау. 2017 / 2:13
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 нау. 2017 / 0:18
  • 2751
  • 59