Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:42, 08 августа 2013

Тоғыз толағайымыз Нанкинге жол тартты

Қазақстанның ауыр атлеттері

Отандық зілтеміршілер қандай додаға қатысса да, олардың қоржыны ешуақытта бос қайтқан емес. Олимпиада ойындары, әлем және Азия чемпионаттары, Азия ойындары және басқа да аса ірі халықаралық бәсекелерде жерлестеріміз үнемі мықтылар санатынан көрініп жүр.

13-18 тамыз аралығында Қытайдың Нанкин қаласында жаөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жалауы желбірейді. Бірнеше спорт түрлері бойынша өтетін кешенді додаға жерлестеріміз де жан-жақты даярланып жатыр.

Айтулы жарыста Қазақстанның ауыр атлеттеріне ерекше сенім артылып отыр. Оның себебі түсінікті. Өйткені отандық зілтеміршілерқандай додаға қатысса да, олардың қоржыны ешуақытта бос қайтқан емес. Олимпиада ойындары, әлем және Азия чемпионаттары, Азия ойындары және басқа да аса ірі халықаралық жарыстарда жерлестерімізүнемі мықтылар санатынан көрініп жүр. Бұл әңгіме тек ұлттық құрама мүшелеріне қатысты емес. Жасөспірімдер мен жастар буыны арасындағы додаларда да жас өрендеріміз дара талантымен оқшаулануда. Алысқа бармай-ақ, үстіміздегі жылы 17 және 20 жасқа дейінгі зілтеміршілер арасында өткен әлем біріншілігі жайында айтар болсақ, көп нәрсеге көз жеткізуге болады. Жасөспірімдердің Ташкенттегі тартысында Қазақстанқұрамасы 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді иеленсе, жастар арасындағы Перудегі додадаға небары 4 спортшы қатысып, 1 алтын мен 1 күміс жүлдені олжаладық. Ал құрлықтық деңгейдегі жарыстарда біздерүнемі үздіктер қатарынан көрініп жүрміз.

Сол жеңісті жолы Аспанасты елінде де жалғасады деп ойлаймыз. Нанкинде өтетін додаға Қазақстанның 9 ауыр атлеті қатысады. Олар – Тимур Хасаров (56 келі), Михаил Дроздов (62 келі), Михаил Макеев (69 келі), Жасұлан Қалиев (77 келі), Станислав Демидов (85 келі), Алтынай Дәмеш (53 келі), Айгерім Әуелбек (58 келі), Екатерина Столяренко (58 келі) және Анастасия Бурова (63 келі).

 

Бақыт АХМЕТОВ, Ауыр атлетикадан Қазақстан жастарқұрамасының аға бапкері:

– Дәп қазір «пәлендей жүлде аламыз» деп кесіп айтпай-ақ қояйық.Себебі жарыс жолына шығатын жерлестеріміздің дені тәжірибесі аз спортшылар. Бұл жолы біз оларға өздерін мойындатуға мүмкіндік беруді жөн көрдік. Осы сынақтан сүрінбей өткендер алдағы уақытта бұдан да ірі жарыстарға қатысатын болады. Ал Қытайға сапар шеккелі отырған 9 спортшының арасынан тек Михаил Макеевті бөле-жара атауға болады. Ол үстіміздегі жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде  250 (112+138) келілік көрсеткішпен кола медальді мойнына ілген болатын. Өзгелері әзірге әлемдік тұрмақ, құрлықтықдеңгейдегі жарыстарда жүлде алған емес. Бірақ біз өз шәкірттерімізді жақсылап баптадық. Нанкинде олар жеңіс тұғырына көтерілу үшін барынша күш салады. Міне, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына Қазақстанның ауыр атлеттері осындай құрамда аттанды. Бұйыртса, олар бірнеше жүлдеге қол жеткізеді деп ойлаймыз.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Айқын» газеті

 
0
208
0