Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:35, 08 августа 2013

Кәсіпқой армия – бүгінгі күн талабы

Кәсіби армия құру жөніндегі міндетті орындау аясында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде офицерлердің, сержанттар мен қатардағы сарбаздардың лауазымдарын келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтаудың жаңа жүйесі бойынша запастағы әскери қызметшілермен жасақтау жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Таяуда Талдықорған қаласында Алматы облысы Қорғаныс істер жөніндегі департаменті ұйымдастырған жылжымалы тіркеу пункті қала орталығындағы халық көп болатын жерде келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жөнінде насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Жылжымалы тіркеу пунктінің жұмысы барысында 90-ға жуық азаматқа әскери қызметке қабылдану шарттары туралы кеңес берілді. Дәл осындай жұмыс сол күні Ақтөбе қаласында да қолға алынды.

Бұрын хабарлағанымыздай, халықты қамту ауқымын ұлғайту мақсатында келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеудің республика бойынша 61 пункті құрылды, олардың ішіндегі 34 стационарлық пункт қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармалардың базасында өрістетілсе, 11 пункт халыққа қызмет көрсету орталықтарында әрекет етуде. Бір пункт Астана қаласының темір жол вокзалында жұмыс істеуде. Бұдан басқа республикамызда келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеудің 15 жылжымалы пунктінің жұмысы ұйымдастырылған.
2013 жылдың наурыз айынан бастап әскери қызметке қабылдау пункттері арқылы 2000-ға жуық адам кеңес алып, 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке қабылдау туралы баянат жазды.
Еліміздің барлық өңірлерінде үгіттеу-түсіндіру сипатындағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тәртібі туралы хабардар ету жүргізіліп келеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
132
0