место в рейтинге
  • 627333
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мықтылар Мәскеуге аттанды

Айман мен Шолпан Қожахметовалар. Спортшылар отбасында тәрбиеленген егіз қыз былтыр Лондон Олимпиадасында бақ сынаған болатын. Міне, Мәскеудегі додада осы спортшыларға үлкен сенім артылады.

Д.Карпов

10-18 тамыз аралығында Мәскеудегi әйгілі «Лужники» стадионында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Оған барлық құрлықтан келген мықтылар қатысады.

Бақ сынаушылар тізіміне көз жүгірткен едік, солардың арасынан Олимпиада ойындары мен дүниежүзілік додаларда жүлде алған спортшылардың есімдерін көптеп кезіктірдік. Барша жанкүйерлер мен мамандар жеңіл атлетиканы «Спорт падишасы» деп атайды. Бұл тегін теңеу емес. Себебі, Олимпиада бағдарламасына енетін спорт түрлері арасынан ең көп медальдар осы салада сарапқа салынады. Жарыс жолына шыққан үміткерлер 47 жүлделер жиынтығы үшін таласқа түседі. Жеңіл атлеттер додасында негізгі бәсекелестік талай жылдан бері АҚШ пен Ресей құрамалары арасында өрбуде. Мысалы, 2008 жылы БейжіңОлимпиадасында АҚШ құрамасы 7 алтын, 9 күміс және 7 қола медальді иеленсе, Ресей командасы 6 алтын, 5 күміс және 7 қоланы еншіледі. Бірғажабы, көшбасшы қос мемлекеттің өкілдеріне Кения, Ямайка және Эфиопия желаяқтары әжептеуір қарсылық көрсетті. Алғаш аталған қос елдің өрендері 6 реттен алтын тұғырға көтерілсе, соңғылары төрт рет бас жүлдені олжалады. Есесіне 2012 жылы Лондонда алауы тұтанғанғаламдық додада АҚШ пен Ресей құрамалары өзелерден қара үзіп кетті. Бұл бәсекеде америкалықтар 9 алтын, 13 күміс және 7 қоланы қоржынға салса, ресейліктер 8 алтын, 4 күміс және 5 қоланы қанжығаларына байлады. Ямайка мен Ұлыбритания спортшылары 4 реттер топ жарса, Эфиопия құрамасының мүшелері 4 мәрте сондай құрметке бөленді. Тұманды Альбион елінде үш рет Олимпиада чемпионы атанған ямайкалықУсейн Болт (100 метрге жүгіру, 200 метрге жүгіру, 4Х100 эстафета), екі мәрте теңдессіз деп танылған эфиопиялық Кенениса Бекеле (5000 метрге жүгіру, 10000 метрге жүгіру) мен Тирунеш Дибаба (5000 метрге жүгіру, 10000 метрге жүгіру), америкалық Лашон Меррлитт (400 метрге жүгіру, 4Х400 эстафета)  пен Анжело Тейлор (400 метрге жүгіру, 4Х400 эстафета) сынды саңлақтардың есімдерін бұл күндері еңбектеген баладан еңкейгенқарияға дейін ерекше құрметпен атайды. Бір сөзбен айтсақ, жеңіл атлетика сайысында табысты өнер көрсеткен ұлттық құрамалар үшін Олимпиада ойындарының жалпы есебінде үздіктер қатарынан көрінуге тамаша мүмкіндік туындайды.

 

Жеңіл атлетикадан Қазақстан да жеңіспен өрілген тамаша дәстүр бар.  Әр жылдары осы спорт түрін серік еткен жерлестерміз байрақты бәсекелерде жүлде алып, өз жанкүйерлеріне қуаныш пен шаттықсыйлады. КСРО құрмында өнер көрсеткен Владимир Сухарев (4х100 эстафета), Анатолий Самоцветов (балға лақтыру), Ғұсман Қосанов (4х100 эстафета), Николай Колесников (4х100 эстафета), Вениамин Солдатенко (спорттық жүріс), Владимир Муравьев (4х100 эстафета), Татьяна Лесовая (диск лақтыру), Виталий Савин (4х100 эстафета) және Григорий Егоров (сырықпен секіру) Олимпиада ойындарында тұрлі-түсті медальдарға иелік етті. Олардан бөлек, көптеген ба  йрақты бәсекеде бағы жанған Евгений Кадяйкин, Әмин Тұяқов, Сергей Засимович, Зоя Иванова және тағы басқа спортшылардың есмідері ерекше құрметпен аталды.

Тәуелсіздік алған кезең жайында айтар болсақ, үш бірдей спортшымыз Олимпиада ойындарында атой салды. Мәселен, 2000 жылы Сиднейде қысқа қашықтыққа кедергілер арқылы жүгірген Ольга Шишигина шашасына шаң шұқтырмай, алтыннан алқа тағынса, 2004 жылы Афиныда онсайысшы Дмитрий Карпов қола медальді мойнына ілді. Ал 2012 жылы Лондонда үш қарғып секіру жаттығуы бойынша бақсынаған Ольга Рыпакова жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Сол секілді әлем чемпионаттарында да әр жылдары отандастарымыз атой салды.

 

Мәскеудегі додада Қазақстанның туы астында 17 жеңіл атлет өнер көрсетеді. Олар –  Дмитрий Карпов (онсайыс), Ирина Карпова (жетісайыс), Галина Кичигина , Айман Қожахметова, ШолпанҚожахметова, Георгий Шейко (20 шақырым, спорттық жүріс), Виталий Аничкин (50 шақырым, спорттық жүріс), Михаил Красилов (марафон), Ирина Эктова,  Роман Валиев (үш қарғып секіру), Марина Аитова (биіктікке секіру), Ольга Сафронова, Виктория Зябкина  (200 метр, жүгіру), Маргарита Мукашева (800 метр, жүгіру), Константин Сафронов (ұзындыққа секіру), Никита Филиппов (сырықпен секіру), Анастасия Сопрунова (100 метр, кедергілер арқылы жүгіру).

Жоғарыдағы тізімге көз жүргірсеңіз, ұлттық құрама сапында жүлделі орындар үшін таласуға күш-жігері жететін өрендердің барын байқауға болады. Ең алдымен Дмитрий Карпов пен Марина Аитованы ерекше атап өткен жөн. Екеуі де өте тәжірибелі спортшылар. Карпов – Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегері. Аитова – талай аса ірі халықаралық жарыстарда оза шапқан саңлақ. Маргарита Мукашева жайында да жылы лебіз білдірген жөн. Ол таяуда ғана Қазанда аяқталған Дүниежүзілік Универсиадада бас жүлдені олжалады. Сондай-ақ,әлемдік додаға қатысушылар қатарынан қазақтың қос қызын көріп,қуанышқа бөленіп отырмыз. Олар – Айман мен Шолпан Қожахметовалар. Спортшылар отбасында тәрбиеленген егіз қыз былтыр Лондон Олимпиадасында бақ сынаған болатын. Міне, Мәскеудегі додада осы спортшыларға үлкен сенім артылады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Айқын» газеті

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
8 августа 2013, 12:13
176

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 30947
  • 30
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 11058
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 10905
  • 71
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 9634
  • 8
Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Как сообщают новостные порталы, в Нью-Йорке нашёлся бывший болашаковец Ержан Еликов, исчезнувший пять лет назад и всё это время не выходивший на связь с родителями. Да-да, это именно он, «тот самый».
openqazaqstan
вчера / 14:31
  • 8833
  • 31
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 7520
  • 20
«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

Казнет уже которые сутки подряд обсуждает страшную аварию на трассе Астана – Боровое, где сошлись страшные мистические знаки и где из-за банальной человеческой безответственности гибли люди..
openqazaqstan
8 дек. 2016 / 13:14
  • 6784
  • 7
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 6503
  • 78
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
7 дек. 2016 / 0:17
  • 6047
  • 36