Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:08, 08 августа 2013

Легионерлерге масыл болсаң, осындай болады


Ксения Первак

Aқшамызды алып, нанымызды жеп, асарын асаған соң есікті тарс жауып кетіп барғаны өкінішті-ақ. «Оны қойшы, қайда кетпей жатқан есіл ақша?» дерсіз. Солай да шығар, бірақ бәрінен де қазақ жерін қалаған уақытыңда кіріп, қалағаныңда шығып кете беретін, өз тілімен айтқанда «проходной двор» қылып жібергеніне күйінеді екенсің.

2011 жылдың соңында Ресейдің Қазақстанға алмастырып, азаматтығымызды алған теннисші Ксения Первак қайтадан өз елінің атынан өнер көрсетуге бел буыпты. Бұл туралы WTA ресми сайты хабарлап, «уикипедия» да растап отыр.

«Әннің де естісі бар, есері бар» деп жатамыз ғой, сол секілді азаматтығымызды алып, дүбірлі додаларға Қазақстан атынан өнер көрсетуге бел буған легионерлердің де түр-түрлісі бар. «Қиын-қыстау кезде бауырына қысты ғой, енді мен де жақсылықпен жауап берейін», – депқазаққа барынша сіңісіп кеткендер де жетерлік. Жақсылықты түсінбей, уақыты келгенде еліне тайып тұратындар да кездесіп жатады. Сондайлардың бірі – теннисші Ксения Первак болды.Әлбетте, оның Қазақстан атынан өнер көрсетіп, жетістіктерге жеткені шамалы. Яғни, «кетсе, кете берсін» деп отыра беруге де болар еді. Бірақ ақшамызды алып, нанымызды жеп, асарын асаған соң есікті тарс жауып кетіп барғаны өкінішті-ақ. «Оны қойшы, қайда кетпей жатқан есіл ақша?» дерсіз. Солай да шығар, бірақ бәрінен де қазақ жерін қалаған уақытыңда кіріп, қалағаныңда шығып кете беретін, өз тілімен айтқанда «проходной двор» қылып жібергеніне күйінеді екенсің.

Ксения Қазақстанға қалай келді?

Айтары жоқ, 2011 жыл Первак үшін өте сәтті өтті. WTA турнирлерінде талай қарсыласын сан соқтырып, әлемдік рейтингте 39-орынға бір-ақ көтерілді. Алайда Ресейде теннистен бәсекелестік бәрібір де күшті еді. Солтүстік көршілеріміздің небәрі жетінші нөмірлі ракеткасы болып, Лондон Олимпиадасына қатысу мүмкіндігі аз болған. Содан «Тұманды Альбиондағы» аламанда өнер көрсетудің төте жолын ойлап, Қазақстанға «қоныс аударуды» жөн көрді.

Первактың Қазақстан азаматтығын қабылдағаны 2011 жылдың 19 желтоқсанында белгілі болды. Мұның алдында Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев бұл туралы айтып жүретін. Кейін өзінің «фейсбуктағы» жеке парақшасы арқылы Ксенияның өзі де Қазақстан азаматтығын алып, Олимпиада ойындарына қатысқысы келетінін ашық мәлімдеген.

—   Маған әуелі Ксенияның әкесі хабарласты. Қызының Қазақстан атынан Олимпиада ойындарынақатысқысы келетінін айтып, ол жақта теннисшілерге жақсы жағдай жасалғанын жеткізді. БірақПервак халықаралық турнирлерге Ресей құрамасының атынан шығып қойған. Яғни, екінші елдіңатынан Олимпиадаға баруға құқы жоқ. Соны біле тұра неге осындай шешім қабылдағанын түсінбей далмын, – деп күйінген болатын сол кезде Тарпищев.

—       Мәселе Олимпиадада емес, – деп ақталды сол кезде Ксения Первак Қазақстан азаматтығын алған соң. — Бұл ел маған 2008 жылы-ақ өздеріне шақырған. Қазірдің өзінде олар меніңжаттығуыма бар жағдайды жасап отыр. Қазақстанда маған бәрі де ұнайды.

Біз оның тек «Спорт-Экспресс» газетіне берген сұхбатынан ғана үзінді келтіріп отырмыз.Әйтпесе сол уақыттары Ресейдің әртүрлі басылымдарына сұхбат берген теннисші ешқашан өзініңОлимпиадаға қатысқысы келетінін жасырмаған. Алайда Первак шынымен Лондон Олимпиадасына қатыса алған жоқ. «Тұманды Альбион» астанасында өткен төрт жылдық додада теннистен біздің елдің атынан Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева өнер көрсетті. Ал бізәңгіме етіп отырған теннисші бұл кезде өзіне деген талабын түсіріп алды ма, әлде жарақаттары кесір болды ма, әйтеуір әлемдік рейтингте «үздік жүздіктің» сыртында қалып, біздің елде небәріүшінші ракетка болды. Ал қазір тіптен 140-орынға бір-ақ сырғыды. Осы уақыттың ішінде оныңҚазақстанға титімдей де пайдасы тимеді деп айтсақ, асыра айтпағандығымыз. Рас, бір-екі рет жеткіншектерге арнап, шеберлік сабақтарын өткізді. Бірақ содан біздің теннисіміздің өркендеп кеткені шамалы. Сондықтан, оның Ресейге қайта кеткеніне қазақстандықтардың өкіне қоймасы анық.

 

Ксенияның кеткенінен ұттық па, ұтылдық па?

«Первак Ресейге кетеді екен» деген әңгіме осыдан бір ай бұрын-ақ желдей ескен. Бұләңгіменің таралуына Ресей теннис федерациясының вице-президенті Евгений Кафельниковтің«твиттердегі» жеке парақшасына «Первак қайтадан Ресей атынан өнер көрсеткісі келетіні туралы ІТҒ-ке өтініш жіберді» деп жазып қоюы себеп болған. Бірақ Қазақстан теннис федерациясы дер кезінде ресми мәлімдеме жасап, теннисшінің ешқайда кетпейтінін хабарлады. Тіпті жұртты сендіру үшін мәлімдемеге, «Қазақстанның атынан өнер көрсету туралы шешімімді өзгертпеймін. Осы елдің азаматтығын алар кезде ұзақ ойланғанмын. Бұл мен үшін жауапты шешім» деген сынды Ксенияның өз сөзін де қосып қойған-ды. Артынша Астанада өткен Президент кубогында теннисшінің өзі де бой көрсетіп, турнирде екінші айналымға дейін жетті. Бірақ ақыры шындықтыңбеті ашылып, Әйелдер теннис қауымдастығының ресми сайты Первактың қайтадан Ресей атынанөнер көрсететінін хабарлады. Артынша «Уикипедияда» да 22 жасар бұл спортшы туралы «2011 жылдың 19 желтоқсаны мен 2013 жылдың 4 тамызы аралығында Қазақстан намысын қорғады» деп түзетілді. Сөйтіп, екі жыл қазақтың ыдысынан ас ішкен челябинскілік легионер ақыры өз еліне тайып тұрды.

Жалпы, спорттық тұрғыдан алғанда Первактың кеткеніне ешкім де өкініп жүрген жоқ болар. Дегенмен бұл жағдай бізге көп нәрсені аңғартқандай. Әлбетте, легионер болған соң кімді болмасын, қанша мәпелесең де, кез келген уақытында өз еліне кетіп қалуы ғажап емес. Сондықтан шетелге жалтақтап, спортшы таси бергенше өз өрендерімізге көңіл бөлгеніміз абзал болар. Мәселен, баптап күтсе, өз қыздарымыз Зарина Диас пен Әсия Дияр сынды аруларымыз да Первактан еш кем емес. Бізде де Ксениядан кем түспейтін таланттар баршылық. Тек бұлақтыңкөзін аша білсек дейміз. Ал Первакқа қайта келер болсақ, өз елін бір рет сатқан адам екінші ретқайта сатпасына кім кепіл?! Сондықтан, ертең бұл теннисші Ресейден қайта кетіп, басқа елге «қоныс аударып» жатса, әсте таңғалмаймыз. Яғни бір кездері өздерін «лақтырып» кеткен спортшыны қайта қабылдаған Ресей теннис федерациясына да сөз жоқ.

 

Амалбек Тшан, Спорт қайраткері:

Амалбек Тшан, Спорт қайраткері

—       Легионер деген мәселеде өте абай болу керекпіз. Біз екі тараптың әу баста қандай талаптар бойынша келісімшартқа отырғанын білмейміз. Бәлкім, белгілі бір мерзімге ғана келген шығар. Сондықтан барлығына байыппен қарау керек. Ал Қазақстан азаматтығын алдың ба, онда саған жұмсалған ақшаны маңдай теріңмен ақта! Бәріне бірдей күйе жағудан аулақпын. Өкінішке қарай, кейбір легионерлер, шынымен де, мұндай жауапкершілікті сезіне бермейді. Әйтеуір, нанын жесе болды дегендей. Сондықтан легионерлерге масыл болмау үшін өз өрендерімізді тәрбиелеу қажет. Бізде де дарынды жастар көп. Одан да сол легионер спортшыға жұмсалған ақшаны, өз жастарымызға жұмсайық. Екі есе қылып ақтап бере алады. Болмаса, шеттен спортшы емес, жаттықтырушы шақырайық. Онда да бапкердің алдына тапсырма қойып, осынша уақытта осынша чемпион дайындап  шығарасың деп талап қою қажет. Сонда ғана бұл мәселенің түйіні аз да болса шешіледі.

 

Әзиз ЖҰМАДІЛ

 
0
292
0