Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:50, 01 августа 2013

«Ақтөбе» «cиқырлы қақпаның» құлпын бұзды


футболисты клуба Актобе

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің аясында «Ақтөбе» өз алаңында исландиялық «Брейдаблик» командасын жеңді. Марат Хайруллиннің соңғы минуттағы пенальтиден соққан голы ойын тағдырын шешті.

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің аясында «Ақтөбе» өз алаңында исландиялық «Брейдаблик» командасын жеңді. Марат Хайруллиннің соңғы минуттағы  пенальтиден соққан голы ойын тағдырын шешті.

«Ақтөбе» — «Брейдаблик» (Коупавогюр, Исландия) 1:0

 

Гол: Хайруллин, 90-пен.

«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Праймус, Арзуманян (Кенжесариев 61), Логвиненко, Харабара, Хайруллин, Ковальчук (Гейнрих 73), Кападзе, Давыдов (Гридин 79)

«Брейдаблик»: Гуннлейфссон, Троост, Ингасон, Йонссон К., Маргейрссон, Хрейдарссон, Лидссон (Элисабетарсон 79), Гардарссон (Сигурдссон Э. 64), Йеоман, Рохде, Хрейнссон (Вильяльмссон 87)

Бас төреші: Либор Коваржик (Чехия)

Ақтөбе. «Орталық». 13500 көрермен.

 

Алғашқы тайм басталысымен «Ақтөбе» қарсыластарын қысымға ала бастады. 5 минутта Сергей Давыдов қақпашымен бірге-бір шыққан-ды, алайда футболшы допты қолына тигізіп алды. Кездесудің 15 минутында Петр Бадло қонақтардың қауіпті шабуылының бетін қайтарды. Бірсыдырғы өрбіген ойын қос ұжымның бір-бірінің осал тұстарын аңдумен жалғасын тапты. Доп ұстау басымдығын өз пайдасында ұстаған «Ақтөбе» командасының шабуылшылары әлсін-әлсін қарсылас қақпасын мазасын алумен болды. Алайда исландиялық клуб ойыншылары да қорғаныс шебінде сауатты ойнай білді десек болады. Бірақ алғашқы таймда асақауіпті сәттер аз кездесті.

Чех төрешісінің ысқырығы шалынысымен «Брейдаблик»ойыншылары доп ұстау басымдығын арттыра түсуді мақсат еткендей. 50 минутта Марат Хайруллиннің бағыттаған соққысы әлсіз шықты. Жергілікті жанкүйерлер жерлестерін барынша қолдаумен болды. Кездесудің 60 минутында Эмиль Кенжисариевтың алаңға шығуымен жергілікті команданың шабуылы жандана түсті. 65 минутта қонақтарқақпашысы аса қауіпті соққыны қайтара білді. Қонақтар да шабуылда жиі бой көрсетумен болды. 77 минутта Сергей Давыдовтың баспен бағыттаған соққысы қақпашы қолынан табылды. Кездесудің соңғы минутында Марат Хайрулиннің жойқын соққысы тағы да қақпаға дарымады. 89 минутта «Брейдаблик» қақпасына пенальти белгіленді. Марат Хайруллин 11 метрлік айып добын сәтті орындап есепті ашты. Соңғы минут «кеншілер»ұжымына гол сыйлады. Алайда «Ақтөбенің» есепті еселеуге керемет мүмкіндіктері болған. Бірақ сәттілік жолдас бола бермеді. Осылайша Владимир Никитенко баптайтын жерлестеріміз бір доп айырмасымен жеңіске жетті.

«Ақтөбе» мен «Брейдаблик» арасындағы қарымта кездесу 8 тамызкүні Исландияда өтеді.

 

Өмірбек Сансызбай,

«Массагет.кз» сайты

 
0
304
0