место в рейтинге
  • 626742
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Турдың көркі — төбелес (бейне)

Бір кездері «тойдың көркі – төбелес» деген ащы сөз ауылдарда кеңінен қолданылатын мақалға айналып кеткен еді. Бүгінде футболда да «Турдың көркі – төбелес» болып тұр. Шымкенттегі кездесуден бөлек, «Тараз» – «Астана» кездесуінің соңы да төбелеске айналды.

 

Енді бір турдан кейін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының бірінші кезеңі мәресіне жетеді. Ал екінші кезеңнен бастап турнир кестесінің төрінен көрінген алты команда жүлделі орындарға таласса, аутсайдерлер Премьер-лигадағыөз орнын сақтап қалу үшін жанталасады. Демалыс күндері ел чемпионатының 21-туры өтіп, биылғы біріншіліктің үздіктері мен аутсайдерлері анықталып қойды.

Турдың орталық кездесуі Алматыда өтті. 10 мыңға жуық көрермен жиналған Оңтүстік астананың Орталық стадионында жергілікті «Қайрат»өткен маусымның күміс жүлдегері Керекудің «Ертісін» қабылдаған. Еуропа лигасында екінші іріктеу кезеңіне дейін жеткен Талғат Байсуфинов шәкірттері әбден шаршап қалыпты. Бұл әсіресе бірінші таймда анық байқалды. Енді шынымен де бір айдың ішінде тоғыз ойынөткізу оңай емес қой. «Қайрат» қонақтардың осы әлсіздігін сәтті пайдаланды. Ә дегеннен-ақ шабуылға лап қойып, 10-минутта-ақ есеп ашты. 26-шы және 29-шы минуттарда Виталий Ли мен Жамбыл Көкеев есепті 3:0-ге жеткізді. Алайда сәл ғана босаңсығандары сол екен, «Ертіс» екпін алып, Давид Лория қақпасына екі гол соғып кетті.

Ойын біраз жүйкемізді жұқартты. Алғашқы минуттардан бастап-ақтізгінді алаң иелерінің қолына беріп қойдық та, сол үшін опық жедік. Жалпы, 29 маусымнан бері біраз ойын өткізіп тастадық. Жігіттердіңшаршап қалғандары рас. Оларды да түсінуге болады. Ал «Қайратты»үздіктер қатарына қосылуымен құттықтаймын, — деді матч соңында «Ертіс» футбол клубының бас бапкері Талғат Байсуфинов.

Айта кетейік, «Қайрат» — «Ертіс» кездесуі бірден екі команданыңтағдырын шешті. Нақты айтсақ, алматылықтар үздіктер қатарынан орын алса, жүлдеге таласудан әлі де үмітін үзбей келген Қостанайдың«Тобылы» төменгі топқа түсіп қалды. Өз кезегінде 21-турда «Тобыл»үздіктер қатарына қосылу үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасаған.Өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуын» 3:1 есебімен жеңіп, «Қайраттың» жеңілгенін тілеген. Бірақ біріншіліктің бас кезінде осылай ойнамағаннан кейін қазір бармақ тістегеннен не пайда?!

Бір-ақ гол соғылды демесеңіз, Шымкенттегі кездесу де өте тартысты болды. Еурододадағы кездесудің қарсаңында күштерін үнемдеу үшін «Ақтөбе» бұл кездесуге негізінен қосалқы құрамдағы жігіттерін шығарған екен. Алайда, соның өзінде де алаң иелері Владимир Никитенко командасының әлсіз тұсын таба алған жоқ. Керісінше, Андрей Харабарадан әдемі пас алған «Ақтөбе» шабуылшысы Сергей Гридин «Ордабасының» қақпасынан саңылау таба алды. Ал ойын соңына қарайқос команданың да жүйкелері сыр беріп, арты төбелеске ұласып кете жаздады. Бастаған – Сергей Давыдов. Алаңға шыққанына бір-ақ минут болған қонақтардың ресейлік легионері Мұхтаровтың алдындағы допты алып қоям деп бар пәрменімен аяғын серпіп қалған еді, аяғы Мұхтарға оңбай тиді. Ерегіс. 22 футболшының барлығы осында жүр. Ажыратып жатқандары да бар, айқайласып тұрғандары да жоқ емес. Бес мың адам жиналған стадион да гуілдеп кетті. Давыдовтың түгін қалдырмай боқтап, бас төреші Анатолий Вишниченконы да біраз сыбап тастады. Рас, төреші аздап жұмсақтыө танытты. Дегенмен, ерегістің белсенділерін жазалап, «Ордабасы» тарапынан Мұхтаров пен Бейсеновке, «Ақтөбе» жақтан Давыдовқа сары қағаз көрсетіп, футболшыларының ыстығын басты. Айта кетейік, бұл ойында «Ордабасыны» алаңға бас бапкері Виктор Пасулько емес, көмекшісі алып шықты. Пасульконың шұғыл жұмыстары шығыпқалып, Германияға кеткен екен. Енді бір аптадан кейін келуі тиіс көрінеді.

Бір кездері «тойдың көркі – төбелес» деген ащы сөз ауылдарда кеңіненқолданылатын мақалға айналып кеткен еді. Бүгінде футболда да «Турдыңкөркі – төбелес» болып тұр. Шымкенттегі кездесуден бөлек, «Тараз» – «Астана» кездесуінің соңы да төбелеске айналды. Шамасы «тараздықтарға» «Астана» қорғаушысы Зелаоның дөрекілігі ұнамайқалған сияқты. Рас, елордалықтардың бразилиялық легионері матч бойы тым дөрекі көрінді. Итеріп, құлатып, соғып, жұлып алып, әйтеуір өзқорғанысының нағыз тірегі болды. Кейде шектен шығып кетіп те жатты. Бірақ бас төреші Артем Кучин Зелао тарапынан ешқандай да өрескеләрекет байқаған жоқ. Ал ойын соңында әбден ашу қысқан алаң иелері «Астана» қорғаушысына өздері сазайын бергілері келді. «Тараз» капитаны Абдулаи Диакате бар, Шерхан Бауыржан бар Зелаоға атылған. Нәтижесінде төбелестің соңы Шерханның ногдаун алуымен, Абдулаи Диакате мен «астаналық» Валерий Коробкиннің алаңнан қуылуымен аяқталды. Алда бұл мәселені ҚФФ-тың Тәртіптік-бақылау комитетіқарастырып, кінәлілерді анықтайтын болады.

Ал ел чемпионы «Шахтер» түзде Өскеменнің «Востогымен» тең ойнаса, «Атырау» өз алаңында Оралдың» Ақжайығын» тізе бүктірді. Енді Премьер-лига бірінші кезеңінің соңғы туры 4 тамыз күні өтеді.

Ел футболы тақырыбына орай айта кетейік, 21 турдың қарсаңында екі клубымыз Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің аясында өздерініңжауапты ойындарын өткізген. Өкінішке қарай, «Ертіс» түзде Боснияның«Шриоки Бриег» клубынан 0:2 есебімен жеңіліп қалып, еурододаны аяқтауға мәжбүр болды. Есесіне, «Ақтөбе» қуантты. Түзде Норвегияның«Хедд» командасынан 0:1 есебімен жеңілген ақтөбеліктер өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жетті. Енді олардың келесі қарсыластары – Албанияның«Брейдаблик» клубы.

       

21-тур

«Атырау»«Ақжайық» (Орал) – 1:0

Гол: Алвиж, 28-пен.

«Тобыл» (Қостанай)«Жетісу» (Талдықорған) – 3:1

Голдар: Куртиши, 18. Әбішев, 81. Жұмасқалиев, 84 — Перич, 90+1.

«Восток» (Өскемен) — «Шахтер» (Қарағанды) – 0:0

«Тараз» — «Астана» 0:0

«Ордабасы» (Шымкент) — «Ақтөбе»0:1

Гол: Гридин, 50.

«Қайрат» (Алматы) — «Ертіс» (Кереку) 3:2

Голдар: Кислицын, 10. Ли, 26. Көкеев, 29 — Струков, 63. Бегалин, 82.

 

Әзиз ЖҰМАДІЛ

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
30 июля 2013, 10:54
170

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 11563
  • 19
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 9211
  • 67
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
вчера / 12:35
  • 5145
  • 15
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4439
  • 4
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 4723
  • 76
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 5079
  • 88
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться.
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3460
  • 17
После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После тяжкого ДТП по вине пьяного водителя в Чечне закрылись все магазины, торгующие алкоголем. Их владельцы – 14 бизнесменов – добровольно отказались от выданных им лицензий.
openqazaqstan
5 дек. 2016 / 13:09
Как отдохнуть за 220$. Гоа – это не Индия: купил дешевую путевку и улетел!

Как отдохнуть за 220$. Гоа – это не Индия: купил дешевую путевку и улетел!

В Гоа я не первый раз. Очень многое знаю. Минус такой путевки только в том, что вы не сможете выбрать пляж и отель, но за такие смешные деньги – какая разница. Гоа – это не Индия.
fima
2 дек. 2016 / 11:32
  • 3369
  • 25