место в рейтинге
  • 657817
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Off Road Қазақстан» клубына – 10 жыл

Қазақстанда автомотоспорт федерациясы сонау 1992 жылы құрылғанымен, елімізде спорттың бұл түрі тек кейінгі кезде ғана қарқынды дами бастады. Бәрі де мұны Марат Әбіқаев бастаған «Off Road Kazakhstan» клубымен байланыстырады.

Бұл бекер емес. Құрамында Марат Нұртайұлын айтпағанда, Қанат Шағыров, Артур Ардавичус, Александр Линник сынды саңлақтары бар аталмыш команда «Дакардың» да дәмін татып, Африка жерін де таптап өткен. Биыл бұл ұжымөздерінің онжылдықтарын атап өтті.

Түсінген жанға бұл да бір кішігірім мерей­той. Кеше ғана сияқты болып көрін­гені­мен, содан бері талай нәрсе өзгер­ді. Отандық спортсүйер қауымның авто­жарыс­тарға деген түсінігі түбегейлі өзгерді.

Бұрын тек өзге командалардың қаты­суы­мен өтетін ралли жарыстарына қазақтың«сәйгүліктері» де қатыса бастады. Ел ішіндегі авто­до­да­лардың да ұйымдастыру деңгейі көтерілді. Мұның барлығына да Марат Әбіқаев баста­ған топ мұрындықболып отыр десек, артық айтпағанымыз.

Тіпті, «Off Road Kazakhstan» клубының Ар­тур Ардавичус бастаған жігіт­тері «Астана» атымен «Дакар» жарысына қатысып, 2011 жылы үздік үштіктен көрінді. Жалпы, ішкі доданы айтпағанда, халық­аралық аренада да беделдері зор. Команданың қалай құрылғанын бүгінде Марат Әбіқаев былай деп еске алады:

– Бұрыннан автоспортқа әуеспіз ғой. Әртүрлі кішігірім жарыстарды тамашалап жүретінбіз. Есімде, 1995 жыл болуы керек, елімізде «Джип» көліктері арасында «Үлкен-Бұғыты» жарысы ұйым­дас­ты­ры­лайын деп жатқанын естіп, Николай Мас­лов, Виталий Тарасенко үшеуміз көлік тауып, соған қатыстық. Ешқандай нақты талаптар болған жоқ. Тек «Джип» көлігіңболса, жарысқа қатыса береді екенсің. Бірін­ші кезеңде 2-орыннан көріндік. Екін­шісінде төрешілерді басып озып, жолдан адасып қалғанымыз есімде. Сөйтіп, жалпы есепте үздік ондыққа іліккенбіз. Кейін басқа да автожарыстарға қатысып жүрдік. Кейін Ресейдегі турнирлердің ұйым­дас­ты­ры­луын байқадық. Ол жақта барлығы бас­қаша екен. Кәсіби деңгейде.Қызықтық. Содан не керек, Қазақстанда да осындай автожарыстарұйымдастырып көрейік деген ниетпен «Off Road Kazakhstan» клубынқұрғанбыз.

Бұл 2003 жылдың ақпан айы болатын. Содан бастап «Off Road Kazakhstan» клубы­ның кубогы үшін турнирлер ұйым­дас­ты­рыла бастады. Автосүйерқауымның жарыс­тарға деген көзқарасы өзгеріп, енді ашық Қазақстан біріншілігіқолға алынды.

Ше­телдік саңлақтардың қатысуымен «Жеті­су-трофи», «Қара-Арша трофи», «Көш­пенді­лер-трофи», «Қапшағайлық Баха», «Тасты драйв» сияқты жоғары дең­гей­лі авто­жарыстар ұйымдастырылды.

Халық­аралық аренада 2008 жылы Денис Березовский мен Артур Ардавичус ралли жарыстарынан әлем кубогының иегері атанса, 2011 жылы Ардавичус, Бере­зов­ский және Денис Кузьмич басқарған жүк көлігі «Дакар» марафонындаүздік үштіктен орын алды.

2013 жылы Қанат Шағыров пен Александр Мороз «Африка эко рейс» супер­ма­ра­фонында жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысынан көрінді. Тізе берсең, бүгінде команданың мұндай жетістіктері өте көп.

Жалпы, «Off Road Kazakhstan» клу­бы­ның алдағы жоспарлары жетіп-артылады. Бәрін айтып қайтеміз, Марат Әбіқаев бас­таған жігіт­тер алдағы уақытта қазақжерінде әлем­дік деңгейдегі жарыстарды ұйым­дас­тыр­ғы­сы келетінін жасырмады. Егер осы қар­қын­дарынан таймаса, бұл мақ­саттарына да жетері анық.

Ал алдағы жұ­мада клуб өзде­рі­нің онжылдықтарына орай шығарған «Бә­рі қалай басталғаны есің­де ме?» деген кіші­гірім кинотуындысын көпшілікке ұсын­бақ.

«Off Road Kazakhstan» клубының құрылтайшылары:

Марат Әбіқаев, Сергей Нұртаев, Сергей Пономарев, Александр Линник, Андрей Чередников, Дмитрий Москалев, Игорь Ма­жинов, Қанат Шағыров, Ержан Тұң­ғыш­баев, Сергей Ерехин, Артур Ардавичус.

Марат Әбіқаев, «Off Road Kazakhstan» клубының негізгіқұрылтайшысы:

– Менің ең бірінші көлігім – «Жигули». Ақшаның басын құрап, сатып алғанмын. Өте көне болатын. Ұмытпасам, 1971 жылғы көлік қой деймін.Өзіммен жасты. Ал ең алғашқы жарысыма кәдімгі қарапайым «Мицубиси Паджеро» мінгенмін. Жалпы, «Off Road Kazakhstan» клубына кез келген автосүйер қауым келіп тіркелсе болады. Тек өз көлігі болса, жеткілікті.

Игорь Мажинов, «Off Road Kazakhstan» клубының құрылтайшысы:

– Негізі, «Off Road Kazakhstan» клубының құрылуы туралы құжатқа меніңкабинетімде қол қойылған. Өзім де бұрыннан көлікке әуеспін. Бірақ кейінгі кезде спорттың бұл түрінен аздап алшақтап кеттім. Қазір «Қайрат» шағын футбол клубына демеушілік көрсету жағына көңіл бөліп жүрмін. Бірақжақын болашақта автожарысқа қайта оралу ойымда бар.

Қанат Шағыров, «Off Road Kazakhstan» клубының құрылтайшысы:

– Ең алғашқы жарысым әлі есімде. «Тойота Лэнд Крузер» көлігінде жарыстық. Ешқандай тәжірибеміз жоқ, сол жолы барлығы сегіз дөңгелекті жарамсыз етіп жарыппыз. Өзіміздікін бітірдік, біреуден қарызға сұрадық,әйтеуір әупірімдеп жарысты аяқтадық. Сол жолы бізге «Ең көп дөңгелек жарғаны үшін» деген ерекше грамота берген болатын.

Александр Линник, «Off Road Kazakhstan» клубыныңқұрылтайшысы:

– Көбісі «ең қауіпті қай жарыс, мотоцикл ме, квадроцикл ме, әлде автожарыс па?» деп сұрап жатады. Оларға «бұлардың ешқайсысы қауіпті емес, жарыс барысында ақылыңнан адасу қауіпті» деп жауап беріп жатамын. Өзім соңғы кездері квадроциклге әуес болып жүрмін. «Африка эко рейс» тарихында квадроцикл мінген бірде-бір шабандоз жарысты соңына дейін жеткізе алмапты. Менің алдағы арманым – осы жарыста соңына дейін жету.

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
26 июля 2013, 12:10
156

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 13396
  • 46
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 6835
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 4669
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 4335
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 4496
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 3718
  • 31
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 3980
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу.

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу.

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 марта 2017 / 17:50
  • 2778
  • 14
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 марта 2017 / 0:18
  • 2869
  • 59