место в рейтинге
  • 627076
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Осы жарыста жүлде бұйырмай жүр

Испанияның Барселона қаласында су спорты түрлері бойынша 15- ші әлем чемпионаты өтуде. Екі жылда бір ретұйымдастырылып тұратын бұл жарыстан қазақстандықтар да тыс қалмады.

 

Жекелей сында өнер көрсететін отандастарымыздан бөлек, су добынан қос құрамамыз (ерлер және әйелдер) да додаға араласты. Жалпы су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында біздің елдің өкілдері бірде бір рет жүлдегерлер қатарына іліге алмаған. Биыл суға секіру, жүзу, ашық суда жүзу, синхронды жүзу және ватерпол сияқты дәстүрлі спорт түрлеріне құздан секіру жаттығуы қосылып, чемпионат бағдарламасы толыға түсті. Жарысқа қатысушылар барлығы 68 медальдар жиынтығын сарапқа салатын болады. Олардың дені жүзу спортына тиесілі екенін де айта кетейік.

Жарысқа алғашқылардың бірі болып су добынан ерлер мен әйелдерқұрамамыз араласты. Алдымен қыздарымыздың өнеріне назар аудардық. Кезінде даңқты ұжым – Алматының «Динамосын» алға сүйреген білікті бапкер Станислав Пивоваров жаттықтыратын Қазақстан әйелдерқұрамасы алғашқы күні Италия елінен клеген шеберлерге 7:9 есебімен жол берді. Аса тартысты өткен бәсекеде отандастарымыздың жеңіске жетер тамаша мүмкіндігі болды. Осы күні біздің командамен бір топтағы венгрлер Бразилия құрамасын 20:6 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

 

Екінші ойын күні қыздарымыз бразилиялықтармен шеберлік байқасты. Футболды қарыштатып дамытқан елдің өкілдері су добын жетік меңгерген деп айта алмаймыз. Олар әлемдік додаларға тұрақтықатысып жүрсе де мықтылар санатына еніп көрмеген. Дегенмен бразилиялықтар кездесудің алғашқы бөлігінде қолдан келгеншеқарсыласып бақты. Ойынның бұл ширегінде 2:2 есебі тіркелді. Үзілістен кейін-ақ қазақстандықтар қарқынды күшейтіп, қарсыластар қақпасына жауапсыз үш гол енгізді. Үшінші кезең де осыған ұқсас сценарий бойыншаөрбіді. Бұл жолы бразилиялықтар екі рет қақпаларынан доп алып шықты. Шешуші кезеңде аздап босаңсыған отандастарымыз 2:3 есебімен жеңіліпқалды, дегенмен қорытынды нәтиже 9:5 Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы екі ұпайды олжалады. Осы күні «D» тобындағы өзге кездесуде венгр қыздары Италия құрамасын 10:4 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша 2 кездесуде 2 ұпай жинаған Қазақстан әйелдер құрамасы өз тобында 2- орынға жайғасты. Бұнда ұпайдан шашау шығармаған Венгрияқұрамасы алда тұр. Италия қыздарының еншісінде де 2 ұпай бар, бірақолар голдық көрсеткіштері төмен болғандықтан отандастарымызға жол берді. Әзірге ұпай олжалай алмаған Бразилия спортшылары соңғы орында қалып келеді. Олар соңғы кездесуде Италия құрамасын ұтады дегенге сену қиын.

Пивоваров шәкірттері топтық кезеңдегі үшінші кездесуін венгрқыздарымен өткізеді. 2011 жылы өткен әлем чемпионатында АҚШ, Нидерланды және Венгрия командаларымен бір топқа түсіп, барлықкездесуінде ұтылған Қазақстан әйелдер құрамасы биыл аздап болсын көрсеткішін түзетті. Су добынан ерлер құрамамыз да жарысты жеңіліп бастады. Бірнеше жылдан бері Сергей Дроздов жаттықтырып келе жатқан командамыз Германия құрамасына қарсы тұрған болатын. ойын шиеленісті жағдайда өтті. Алғашқы кезеңде қос қарсылас үш үштен гол соғып, тең тарқасты. Үзілістен кейін біздің спортшылар қарсыластың үш бірдей нәтижелі шабуылына тосқауыл қоя алмады. Үшінші кезеңде де неміс ватерполшылары еш мүмкіндік бермей, 3:1 есебімен алға шықты. Тек кездесудің шешуші бөлігінде дүр сілкінген отандастарымыз төрт бірдей жауапсыз гол соқты, бірақ қорытынды нәтижеде 9:8 есебімен жеңіске жеткен немістер алғашқы ұпайларына ие болды. Осы күні бізбен бір топтағы Италия мен Румыния құрамалары өзара шеберлік жарыстырып, онда Аппенин түбегінің өкілдері 10:4 есебімен басымдықтанытты.

 

Сәрсенбі күні отандастарымыз румын спортшыларымен сынға түсті. Ойынның алғашқы бөлігінде бір ғана гол тіркеліп, жерлестеріміз алға шықты. Үзілістен кейін екі жақ қос қостан доп енгізді. Ал ойынныңүшінші ширегінде отандастарымыз 4:1 есебімен озық шықты. Шешуші кезеңде намысқа тырысқан румындар бір гол соқты, бірақ 7:4 нәтижесімен қорытындыланған бәсеке біздің құрамаға екі ұпай сыйлады. Топтық кезеңнің 2- турынан кейін Қазақстан ерлер құрамасы өз тобында 2- орынға көтерілді. Біздің команда мен Италия құрамасының ұпай саны бірдей, алайда гол айырмасы жөнінен басымдыққа иеміз. Мүмкін болған төрт ұпайды еншілеген Италия құрамасы көш басында келеді. Бүгін отандастарымыз дәл осы ұжыммен бәсекеге түсетін болады. Италиялықтар осыдан екі жыл бұрын Қытайдың Шанхай қаласындаөткен әлемдік додада жеңімпаз атанғанын естеріңізге сала кетейік.

2011 жылы біздің су добы шеберлеріміз топтық кезеңде бірде бірұпай олжалай алмай, жарысты абыройсыз аяқтаған. Ол кезде командамыз Венгрия, Черногория және Испания құрамаларынан кезек кезегімен ірі есеппен ұтылып, жанкүйерін жерге қаратқан еді. Су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында АҚШ, Қытай, Ресей, Австралия елдерінің өкілдері сәтті өнер көрсетеді. Мәселен екі жыл бұрын Шанхайдаөткен жарыста командалық жалпы есепте Қытай мен АҚШ текетіреске түсті. 17 алтын, 6 күміс және 9 қола жүлдені иеленген америкалықтар Майкл Фелпс және райан Лохте сынды саңлақтарының арқасында жалпы есепте топ жарды. 15 алтын, 13 күміс және 8 қола медальді еншілеген жарыс қожайындары 2- сатыға жайғасты. Үздік үштікті түйіндеген ресейліктер 8 алтын, 6 күміс пен 4 қола жүлдені иеленген болатын.

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
26 июля 2013, 12:07
128

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 27096
  • 30
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 10917
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 10591
  • 71
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 9048
  • 8
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 7265
  • 19
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 6021
  • 78
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
7 дек. 2016 / 0:17
  • 5629
  • 36
«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

Казнет уже которые сутки подряд обсуждает страшную аварию на трассе Астана – Боровое, где сошлись страшные мистические знаки и где из-за банальной человеческой безответственности гибли люди..
openqazaqstan
вчера / 13:14
  • 5671
  • 5
После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После тяжкого ДТП по вине пьяного водителя в Чечне закрылись все магазины, торгующие алкоголем. Их владельцы – 14 бизнесменов – добровольно отказались от выданных им лицензий.
openqazaqstan
5 дек. 2016 / 13:09