Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:47, 25 июля 2013

Қазақстан Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге запастағы офицерлер шақырылуда

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде офицерлік құрам лауазымдарын келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтаудың жаңа жүйесі бойынша запастағы офицерлермен жасақтау жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Еліміздің барлық өңірлерінде үгіттеу-түсіндіру сипатындағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тәртібі туралы хабардар ету жүргізіліп келеді.

Халықты қамту ауқымын ұлғайту мақсатында келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеудің 61 пункті құрылды, олардың ішіндегі 34 стационарлық пункт қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармалардың базасында өрістетілсе, 11 пункт халыққа қызмет көрсету орталықтарында әрекет етуде. Бір пункт Астана қаласының темір жол вокзалында жұмыс істеуде. Бұдан басқа республика бойынша келісім-шарт бойынша әскери қызметке іріктеудің 15 жылжымалы пунктінің жұмысы ұйымдастырылған.

2013 жылдың наурыз айынан бастап әскери қызметке қабылдау пункттері арқылы 2000-ға жуық адам кеңес алып, 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке қабылдау туралы баянат жазды.

Қазіргі уақытта Астана, Алматы қалаларының және Алматы және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде кандидаттарды іріктеу іс-шаралары жүргізілді. Қарулы Күштерде қызмет етуге ниет білдірген 697 кандидаттың ішінен 300-ге жуық даярлығы жоғары запастағы офицер таңдап алынды.

Жасақтаудың жаңа жүйесі запастағы офицерлерді орталықтандырылған іріктеу жолымен әскери қызметке қабылдауды көздейді. Бұл құжаттарды қарау, шешім қабылдау мерзімдерін қысқартуға, Қарулы Күштерді запастағы әскери қызметшілермен жасақтау тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың қазан айында іріктеу іс-шаралары Батыс Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өткізілетін болады.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
274
0