Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:54, 24 июля 2013

Қазақстандық Станислав Лямин таэквондодан әлем чемпионы атанды

Blog post image

Болгарияның София қаласында 14-23 шілде аралығында ерлер арасында таэквондодан әлем чемпионаты өтіп, қазақстандық Станислав Лямин үздік шықты. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан хабарлады.

Чемпионатқа әлемнің 75 елінен 800 мықты спортшы қатысқан. Қарағанды облысынан ұлттық құрамаға 5 спортшы кірді.

Станислав Лямин бірінші орын алса, Владимир Смолин мен Станислав Тин жартылай финалда қарсыласынан осал түсіп, V орынға тұрақтады.

Аталған жарыста қазақстандық құрама жалпы командалық есеп бойынша бесінші орын алды.

 

«www.bnews.kz».

 
0
168
0