Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:19, 19 июля 2013

XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында 7 медаль ұту жоспарланып отыр

Blog post image

АСТАНА. 18 шiлде 2013, 15:26. BNews.kz

Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияда өтетін XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында кем дегенде 7 медаль ұтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады жарыс алдындағы дайындық кезінде команда капитаны Серік Нұрғалиев. Бұл туралы команданың баспасөз атташесі Ринат Тасболатов ақпарат таратты.

Құрама жетекшісінің хабарлауынша, қазақстандық атлеттер кем дегенде жеті алтын медаль алуды көздеп отыр.

«Ағымдағы жылы Дүниежүзілік ойындарға бес спортшы қатысады. Үш күш спортының түрінен (бенчпресс, пушпуллифтинг, армрестлинг) өнер көрсететін Серік Нұрғалиевтен басқа жарысқа ОҚО-дан келген құқық қорғау органдары арасындағы бірнеше дүркін әлем чемпионы Асқар Жандаров (дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес), астаналық халықаралық санаттағы спорт шебері Талғат Қожабаев (дзюдо, грек-рим күресі), алматылық Абдусанат Шарафов (бокс, карате), ШҚО-дан келген ҚР спорт шебері Асхат Елубаев (дзюдо) қатысады», — делінген ақпаратта.

Аталмыш жарыс 2013 жылдың 1-10 тамыз аралығында Белфаст қаласында (Солтүстік Ирландия) өтеді. Шарада 70 мемлекеттен келген 10 мыңға жуық спортшы 56 спорт түрінен сайысқа түседі.

 

«www.bnews.kz».

 
0
176
0