Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:10, 18 июля 2013

Нақтырақ Қазақстан Қорғаныс министрі Қытай Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасарымен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі елімізге тұңғыш ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Фань Чанлун мырзамен кездесті.

 

Blog post image

   

Кездесу барысында Әділбек Жақсыбеков:

   

– Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық тату көршілік және достық қарым-қатынастық негізінде жемісті дамып келеді. Екі мемлекет басшыларының Боаос Азия форумы барысындағы екіжақты кездесуі үлкен маңызға ие. Мемлекет басшылары барлық бағыттағы, оның ішінде қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты өзара тиімді нығайту мен дамытуға уағдаласты, – деп өтті.

   

Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай әскери ынтымақтастығы жеткілікті қарқынмен дамып келеді. «Бейбіт миссия» террорға қарсы оқу-жаттығуын бірлесіп дайындау және өткізу екі ел Қарулы Күштерінің Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі өзара тығыз іс-қиымылының нақты мысалы бола алады. (2014 жылы оқу-жаттығуларды Қытай аумағында Бейжің қаласының маңында өткізу жоспарланаған).

   

Әділбек Жақсыбеков мәртебелі мейманды 2013 жылғы маусымда Бішкекте өткен ҚХР Қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюанмен келіссөздер туралы хабардар етті.

   

– Біз екі ел арасындағы қорғаныс саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың өзекті мәселері мен болашағын талқыладық. Әскери-техникалық және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаластық, – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі.

   

Өз кезегінде Фань Чанлун Қазақстан Қарулы Күштерінің белсенді дамуын айта келе екі ел арасындағы әскери саладағы ынтымақтастықтың болашағы Қазақстан мен Қытайдың мүдделеріне әрқашан жауап беретініне сенім білдірді.

   

Қазақстан Қорғаныс министрі мәртебелі мейманды келе жатқан Қытай Халықтық азат ету армиясының құрылған күнімен құттықтап, мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуда табыстар тіледі.

   

Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасы Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Фань Чанлун мырза Қазақстан Республикасына тұңғыш ресми сапары аясында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің Ақтау қаласындағы бөлімшелерімен танысатын болады.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
220
0