Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
03:54, 15 июля 2013

05.07.2013 ж

 

05.07.2013 ж

 

6-күн

 

Бұл күні біз қазақтың атақты батыры, қолбасшысы Бөгенбай батырдың жорық жасаған жері қасиетті Ерейментау жеріне  бардық. Барған бойда Ерейментаудағы Бөгенбай батырдың өміріне арналған мұражайға бардық. Оның директоры – өзіміздің экскурсовод Сайлау ағайымыз.

 

Бөгенбай батыр 95 жасқа дейін өмір сүріп, барлығы 103 шайқасқа қатысқан екен.

 

Мұражайдың ішін таныстырып шыққаннан кейін бізді қаланың шет жағындағы Бөгенбай батырдың 300 жылдығына арналған ескерткішке алып барды.

 

Содан соң сол қаладағы бабамыздың, батырдың өзінің басына киген дулығасын атадан балаға мұра қылып алып отырған әулеттің, Бөгенбай батырдың жетінші ұрпағының үйіне бардық. Темір дулығаны өз көзімізбен көріп, таңғалдық.                  Әрине, 3 ғасырдан астам уақыт бойы келе жатқан темір дулыға әсемдігін жоғалтпай қоймайды. Бірақ, қанша тот басса да қасиетін, құдіретін жоғалтпаған. Өз басымызға киіп көріп, шынымен батыр бабамыздың өз басына киген дулығасы басымызды тұр ма деген, бір жағынан, қорқынышқа ұқсайтын, екінші жағынан, мақтанышқа ұқсайтын ерекше де қызық сезімде болдық.

 

Қайтар жолда тоқтап, кең далада би биледік.

 

Көтеріңкі көңілмен қонақ үйге қайттық.

0
272
0