Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:54, 15 июля 2013

04.07.2013 ж

04.07.2013 ж

 

5-күн

 

Ерте тұрып ұзақ жолға аттандық. Бұл жолы біз Ақмола облысындағы Родина ауылындағы сүт өнімдерін жасайтын «Родина» зауытына бардық. Ол зауыттың директоры- Сауэр Иван Адамович деген кісі.

 

Бұл зауыттың мақсаты: Сүт өнімдерін шығару және  Қайтадан өңдеп шығару.

 

Зауыттың аумағы  - 50 000 га. Ол жақта 1000-нан астам сиыр бар. Әрқайсысын     4000 $-дан Канададан алып келген. Негізі зауытта 20 адам жұмыс істейді. Сиыр сауатын адамдар бөлек жерде жұмыс жасайды. Сиырды сауып, арнайы құбыр арқылы өңдеу аппаратына жібереді.

 

- Сиырлардың «ақылдылығы» сонша - олар сауып алатын аппаратқа өздері мініп, сауып болған соң, өздері шығып кете беруге үйреніп алған,-дейді зауыт директоры.

 

Сүт өнімдерінің майлылығы - 3,2 %. Және сақтау мерзімі аз. Олардың айтуы бойынша, майлылығының аз болған себебі өнімнің таза, табиғи болғандығынан.

 

Айта кететін жайт, сүтті өңдеп шығару технологиясына кеткен қаражат- 2 000 000 Є.

 

Ол жақта шығатын сүт өнімдері: снежок тәтті айраны, сүзбе, ряженка қою айраны, сүт, қаймақ, айран, май. Ал бастысы, бұл өнімдердің барлығы да «Родина» деп аталады.

 

Біздің барлығымыз да сүттің дәмін татып көрдік.

 

Сол ауыл жайында айта кететін болсақ, «Родина» ауылы өте таза екен. Ауасы да, жері де әдемі. Өз көзіммен көрген кезде, өкпем ашылып, терең дем алып қалдым.

 

Ауылдың шет жағына ЖЭС (Жел Электр станциясы) орнатып қойған. Ол бүкіл ауылға жарық беріп тұр. Жылуды да бір орталық құбардын алып отыр. Бұл ауылдың орта мектебі, шіркеу, мешіті бар. Алда, болашақта балалар алаңы салынады деп болжанып отыр екен. Тұрғындары өте тату. Ауылда жыл сайын Наурыз секілді мейрамдарда ойын-сауық, думан, той болып тұрады. Ауыл жастарының арасында қазақтың ұлттық ойындары бойынша жарыстар болып тұрады. Бұл ауыл маған өте қатты ұнады.

 

Ауылдың супермаркетінен жолға біраз тамақ алып, рахметімізді айтып, жолға шықтық.

 

Жолда бұрынғы фарфор зауытына бардық. Қазаіргі кезде ол зауыт жұмысын тоқтатқан. Бірақ бір үлкен аға ішінде әлі жұмыс жасап жатыр. Ол өз қолынан фарфор бұйымдарын жасайды екен. Содан өзімізге біраз мүсіндер сатып алдық та, жолға шықтық.

 

Қайтар жолда Назарбаев орталығына соқтық. Ол ғимарат президенттің бірінші резиденциясы болып саналады. Онда елбасымыз 7 жыл жұмыс істеген. Және үстіңгі залында  Нұрсұлтан Назарбаевка 30 елден берген барлығы 31 ленталар мен медельондар қойылған. Ішін аралап болған соң қонақ үйге қайттық.

0
205
0