Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:53, 15 июля 2013

03.07.2013 ж

03.07.2013 ж

 

4-күн

 

Бұл күні біз Қазақстандағы терең білім беретін университеттердің бірі Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне бардық. Оның ішінде түрік жазулары және Л. Н. Гумилевтың өмірбаянына арналған мұражайларды араладық.

 

І. Түрік жазулары мұражайы.

 

Болжам: Түркі халықтарының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінің біздің қазіргі өмірімізге тигізген үлесі зор.

 

Мақсат: Түркі халықтары, түркі жазулары туралы мол мәлімет, ақпарат алу.

 

Түркі жазулары мұражайына кірер алдында біз Монғол жерінен табылып, Жапонияда арнайы жасалған Күлтегін жазулары орналасқан биік ескерткіштің көшірмесін тамашшаладық. Ол 2001 жылы 18 мамырда алып келінген. Ал екі жағында сәл кішірек болатын тағы да Күлтегін ескерткіштері орналасқан.

 

Ал енді бұл мұражайдың ең басты ескерткіші-Күлтегіннің әкесі Тоныкөктің мүсінінің басы. Ол 728 жылы қашалған. Осы мүсін табылған жерден үш жүздің таңбалары табылған. Онда 56 ру таңбалары байқалады. Және байқағанымыз-қазақ халқында 16 әліпби болған. Оларды біз жарда ілініп тұрған арнайы жасалған тақтайшадан көрдік.

 

Кірген кездегі үлкен суретті атақты суретші Нұржан Қарымсақов салған. Онда ерте кезден бері, яғни Күлтегіннен Нұрсұлтан Назарбаевқа дейінгі ел билеген қағандардың бейнелері салынған.

 

Және шыға берісте дүние жүзіндегі түркі тілдес елдердің халық саны бойынша орны көрсетілген. Онда 285 ұлт жазылған. Ал қазақ жұрты халқының саны бойынша түрік (75 000 000 адам), әзірбайжан (28 000 000 адам), өзбектерден (27 000 000 адам) кейін 4-ші орында. Халқының саны – 16 550 000. Ал 28 орында бұрын өзім естімеген түркі тілдес халық – Шор халқы тұр. Олардың дүние жүзіндегі саны - небары 700 адам.

 

ІІ. «Отырар» еуразия ұлттық ғылыми зерттеу орталығы, кітапхана.

 

Ең бірінші, атақты археолог, ғалым Кемал Ақышев (1924-2003 жж.) жұмыс жасаған кабинетке бардық. Ең алғашқы Есік қорғанынан сақ жауынгері болып табылатын алтын адамды тапқан. Оның бірнеше зерттеулерін көрдік. Бозоқ қалашығын да сол зерттеген. Зерттеу барысында қалашық жердің бетінен 1,5 м тереңдікте жатқаны анықталған. Үстінен қарағанда, қалашықтық пішіні гұлге ұқсас екені байқалған. Ол тек қана бір қалаға ғана емес Отырар секілді үлкен-үлкен қалаларға да археологиялық зерттеулер жүргізген.

 

Және де ертедегі мүсіндердің бірі ретінде Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Қима селосынан биіктігі 106 см, ені 38-45 см, қалыңдығы 12-14,5 см болатын ыдыс ұстаған әйел адамның мүсінін тапқан.

 

Ал кітапханада ескі қолжазбалар, құрандар, Қатайдағы, ертедегі елдерден табылған қазақтың қролжазбалары, қолтаңбамен сыйға берілген кітаптар-барлығы 1,5 млн (дәлірек - 1,492 млн) кітап, 500-ден астам қолжазба бар.

 

Әлкей Марғұлан

 

Экспедициялар нәтижесінде Сарайшық қаласынан таылған ыдыс сынықтары, теңгелер бар.

 

В трудах А. Х. Маргулана мы достигаем мировоззрение кочевника, жителя Великой Степи.

 

Н. Ә. Назарбаев

 

Ең алғаш қазақ гимнінің авторы, әдебиет зерттеуші-ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург Қайым Мұхамедханов 1916 жылы 1-ші қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген.

 

Ақселеу Сейдімбек 1942 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.

 

Еуразия ұлттық ғылыми зерттеулер орталығында жұмыс істеген, студенттерге лекция оқыған.

 

Қайтыс болғаннан кейін 6 томдық кітабы шыққан. Онда оның өзінің жеке күнделігі кездескен. Және ол - қазақтың төр шежіресінің авторы.

 

Бұл күнге Қорытынды:

 

Шынында да ертедегі ата-бабамыз түрік халықтарының кейбір әдет-ғұрыптары қазір бізде бар. Тек бір халыққа ғана емес, бірнеше түркі тілдес халықтарға ортақ ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптар бар екенін де байқадық. Түрік халықтары жайлы қосымша мол ақпарат алдық деп айта аламын.

 

Кітапханадан да өзімізге қажетті құнды деректер жинадық.

0
390
0