Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
13:37, 14 июля 2013

«Туған елге тағзым» (11-күн соңғы саяхатымыз)

Сәлем!

Бүгіндікке біз тек Назарбаев Орталығына барып,саяхаттап келдік.

Назарбаев орталығында біз біршама экспонаттармен таныстық.Бұл орталық Назарбаев қалауымен 2012 жылы 23 қаңтар айында құрылған. Орталық Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне арналады.

Мұражайда біз кейбір Елбасымыздың құжаттарымен таныстық.Сонымен қатар,Алтын және Күміс залы деп аталатын екі залға барған болатынбыз.Оның ішінде Алтын Адам,алтын мен күмістен жасалған әшекей-бұйымдарды көріп,тамашаладық.

Айталық,саяхат барысында бізді 24 kz арнасы түсірген болатын. Кей оқушылар интервью беріп,көңіл-күйлерімізбен бөлістік.

Сонымен, достар, орталықтан кейін біз жолға шықтық. Яғни,ақ мекен - Ақтөбеге оралып бара жатырмыз.

Жалпы,маған біздің саяхатымыз көңілімнен шықты. Өте қызықты,тамаша,естен кетпестей өтті. Біздер," Dana tour" атты компаниясына алғысымыз шексіз. Олар бізге көп-көп көмектесті.Бар жағдайымызды жасады.

Осымен , "Туған елге тағзым" атты экспедициямыз аяқталды. Барлықтарыңызға,назарларыңызға көп рахмет!Сіздермен НЗМ оқушысы Абуова Альбина

Көріскенше)

2
363
0