Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:25, 14 июля 2013

«Туған елге тағзым» экспедициясы бесінші күн

04.07.13ж.

Бүгінгі күн маған өте ерекше өтті.Біріншіден, біз қала сыртына шығып, "Родина" атты ауылға бардық.Жалпы, біздің мақсатымыз бұл "Родина" сүт зауытына барып танысу болған.Алайда біз тек қана зауытпен емес елді мекенмен де таныстық.Зауыттың өзі тек маған емес,барлық группа қатысушыларына ерекше әсер қалдырды.Зауытта біз алдымен бас директорымен,директорымен және басқа жұмысшыларымен танысып,сұхбат алдық.Ал сүттің сапалылығына көз жеткізу үшін бәріміз дәм таттық.Маған табиғи сүт өте ұнады.Бірақ мен оны жол жүру алдында ішпеу керек екенін түсіндім.Және біз бұл зауыттың тек қана сүт емес басқа да сүт өнімдерін(айран,ірімшік ,т.б.) өндіретінін білдік.Кетер жолда супермаркеттен осы зауыттың продукцияларын сатып алдық.

Содан кейін біз бір шебердің үйіне бардық.Ол керамика және глинадан түрлі-түрлі ыдыстар,мүсіндер, құмыралар жасайды екен.Бірақ біздің бір жақтырмағанымыз бұл жағымсыз иіс.Не болса да,біз оның үйіне келгеніміз бекер болмағанын ескердік.Өйткенң біз шебердің барлық мүсіндерін сатып алдық.Шебер де біздің келгенімізге қуанған болар.Осылайша біз қонақ үйге қайттық.Кешкі уақытымызда қонақ үйде өткіздік.

0
256
0