Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
13:13, 12 июля 2013

Тоғызыншы күн

Тоғызыншы күн. Біздің "Туған елге тағызым" атты экспедиция әлі де өз жалғасын табуда. Бүгінгі күн - бойыма нұр шашқан, паш еткізген, өмірімде ұмытылмастай етіп қалған күн! Экспедия тақырыбы - Бурабай жерін зерттеу. Бурабай!- Асыл да маржанды жер! Табиғатына сөз жоқ.

Blog post image

Бурабай - Екінші Швейцария атанған көркемді жер. АҚШ-та өткен семинарда кереметтігі жөнінен әлемдегі 1-ші орынға ие болды. Әрине, Бурабай - Қазақ елінің мақтанышы.

Ең алғашқы аяқ басқан жеріміз - "Щучье-Боровского" атты қорық. Біз бұл жерде флора-фауна жамылғысының түрлілігімен таныстық, зерттедік, бақыладық. Өз көзімізбен Қызыл кітапқа енген, жойылыға қаупі бар жануарларды көрдік. Бұған, әрине,  мақтанарлықтай ризамын.

Бурабайдың алтын маржандарына жолықтық. Атап айтқанда Оқжетпес пен Жұмбақтасқа. Алған әсерімді баяндар алдында бір аңыз айтайын: Ертеде бір қыз өмір сүрген. Ол қыз - тұтқыншы қыз болатын. Күндердің бір күнінде ол қашпақшы болады, ақырында қашып кетеді. Мұны халық естіп, екі батырын аттандырмақшы болады. Жаңағы қыз екі батырдан қашып келе жатқанда бір биік тауға шалдығады. Соған мінеді. Батырлар садақпен оқ атып тигізе алмай жүргенде жаңағы қыз " Оқтарың жетпейді" деген( Оқжетпес тауы ), сонан соң батырлар көтеріліп бара жатқанда тұтқыншы қыз " қазір мен ұсталып қалсам менімен не болып қалады,болшағым да болмайды,тұтқыншы болып қала берем" деп, секіріп қалады. Өлгеннен кейін ол қыз тау болып қалады( өлді деп айтуға да болмайды). Бұл тау- Жұмбақтас деп аталып кеткен. Екі алтын маржанды тауды көріп мен таң қалдым. Осы екі тау туралы көп айта беруге болады, сондықтан мың рет естігенше - бір рет көрген артық. Сондықтан да қуанышымда шек жоқ.

Blog post image ОҚЖЕТПЕС ТАУЫ

Blog post image ЖҰМБАҚТАС ТАУЫ

0
2302
0