Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:38, 12 июля 2013

Төртінші күн

Бүгін Астана қаласындағы экпедициямыздың төртінші күнін де өте сәтті өткіздік!Біз бүгінгі экспедициямызды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен бастап,сол университеттің кітапханасынан бітірдік.Мені осы экспедиция кезінде таң қалдырған заттардың бірі-Күлтегін ескерткіші.Мен бұған дейін Күлтегін жырын оқығанымда,осы ескерткішті өз көзіммен көргім келіп еді,міне бүгін менің арманым орындалды.Бізге осы университетте экскурсия ұйымдастырған апайдан осы ескерткіш туралы көптеген естімеген жаңалықтар естідім.Енді осы ескерткіш туралы білген мәліметтерімді жазып кетейін. Күлтегін ескрткіші- түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан.Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы.Осы күлтегінді зерттеуші адамдар аз емес. Оларға мысал ретінде: зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбеков,қазақтың халық ақыны,белгілі ғалым Олжас Сүлейменов,түркі мәдениетін зерттеуші Иманғали Тасмағамбетов секілді елге атағы жайылған адамдарды келтіруге болады.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі экскурсиямыздан кейін,біз осы университеттің «Отырар» атты кітапханасын тамашаладық.Бұл кітапханада біз көптеген ғұлама ғалымдар жайлы,олардың ашқан жаңалықтары туралы көптеген мәліметтер білдік.Солардың ішіндегі мені қызықтырған ғалымдардың бірі- Кемел Ақышев.Бұған дейін мен оны тек көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлемдік маңызы зор Есік обасынан «Алтын адам» табушы ретінде танитынмын.Бірақ бүгінгі экспедициядан кейін мен бұл адам туралы көбірек білдім. Ақышев Кемел- (23.5.1924, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 4-ауыл) - археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі.Ол 2000 жылы Астана қаласына көшіп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде археологиялық реконструкцияның лабораториясын құрады. 50 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдей мәселелерін анықтады. Көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты.Кемел Ақышевтың өз өмір жолында жеткен жетістіктері: Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982), ҚР ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы арнаулы сыйлығының лауреаты (1966) . Герман Археологиялық институтының корреспондент-мүшесі (1983). Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1989). «Парасат» орденімен марапатталған (1998).Менің ойымша,мен бүгін өмірде,әсіресе,тарихта көп көмегін тигізетін мәліметтер білдім.Яғни,бүгінгі экспедиция кезінде біз көп нәрсе біліп,үйрендік.

3.07.2013   22:00 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Blog post image

Күлтегін ескерткіші

Blog post image






0
4004
0