Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:24, 12 июля 2013

«Ботевті» бекер менсінбеппіз

Иә, «Ботевті» бекер менсінбеппіз. Жасыратыны жоқ, футболшыларымыз «қалпақпен қағып алады» деген сенім болған. Қайта «Левскиден» сескеніп едік. Бәрі керісінше болып шықты. Әй, бірақ, «Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек те қызық…

Blog post image

 

«Астана» ойсырай жеңілді. Өз алаңында күтпеген жерден 0:1 есебімен жеңіліп қалған елордалықтар Болгариядақақпаларына жауапсыз 5 доп жіберіп алды.

 

«Ботев» (Пловдив, Болгария) — «Астана» 5:0

Голдар: Огнянов, 54. Анисе 56-пен. Неделев, 58. Грнчаров, 71. Неделев, 75.

Ескертулер: Виейра 30 — Шахметов 11, Куат 29

Ойынның 34-минутында Исламбек Қуат алаңнан қуылды.

«Ботев»: Стаховяк, Грнчаров, Минев, Спрокел, Огнянов, Христов, Анисе, Ирсак, Галчев (Педро 76), Виейра (Дьяков 61), Кортзорг (Неделев 46)

«Астана»: Эрич, Дмитренко, Игуманович, Бейсебеков, Зелао, Коробкин, Нұрдәулетов, Кетевоама (Пасичник 76), Кояшевич (Нөсербаев 64), Шахметов (Қонысбаев 60), Қуат

Бас төреші: Павле Радованович (Черногория)

Бірінші ойын – 1:0

 

«Астана» қарымта қайтарар» деген көмескі болса да, үмітіміз болған.Өйткені, «Астана Арена» стадионында өткен бірінші ойында, шыны керек, «Ботев» соншалықты керемет ойнаған жоқ-ты. Уақытын текқорғанумен өткізіп, бір ғана шабуылын голға айналдырған.

Болгариядағы кездесудің бас кезінде де «Ботевтің» басымдығы білінбеді. «Астана» қорғаныста сауатты ойнап, алғы шепте алаң иелерініңшабуылдарына лайықты жауап қайтарып жатты. Бірақ бұл тепе-теңдік жарты сағат қана сақталды. 34 минуттың ішінде екі рет ескерту алыпүлгерген Исламбек Қуат алаңнан қуылып, қонақтардың жағдайы мүлдемқиындап кетті.

Кем құрамда ойнаса да, «астаналықтар» үзіліске дейін және екінші таймның бас кезінде тәп-тәуір ойнап жатқан. Алайда, 54 минуттақорғанысымыз сыр беріп, қақпамызға алғашқы голды жіберіп алдық. Содан басталды дейсің… 58 минутқа дейін Эрич қақпасына тағы екі гол соғылып, 0:3 есебімен жеңіліп жаттық. Ал 75 минутта есеп – 0:5-ке жетті.

 

Иә, «Ботевті» бекер менсінбеппіз. Жасыратыны жоқ, футболшыларымыз «қалпақпен қағып алады» деген сенім болған. Қайда «Левскиден» сескендік. Бәрі керісінше болып шықты. Әй, бірақ, «Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек те қызық. Өте жылдам, қолды-аяққа тұрмайтын Қонысбаев пен Нөсербаевты негізгі құрамға шығармағаны несі? Сонда бұл екеуі ұлттық құрамада керек те, клубта басқа командаластарына бәсекелес бола алмай ма? Рас, анығын әзірге білмейміз, бәлкім, Ұлан мен Таңат сырқаттанып қалды ма екен?! Алайда, неде болса, алаңға шықты ғой. Бірақ кеш шығарды. Болары болып, бояуы сіңгенде ойынға қосылды. Ендеше, гәп бұл екеуінде емес, Беранекте болып тұр ғой. Әлде қателесеміз бе?

 
0
160
0