Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
05:48, 29 марта 2010

Программалау негіздері

Мына блогты жасау себебім менің адамдарға программалау негіздерін үйреткім келеді. Тағыда бір себеп оралман бауырларымыз болды. Талай оралмандар үйренгісі келіп еді, қазақша кітаптар жоқ. Қазіргі уақытта қазақша компьютерлік терминдер бір ретке келтірілмеген. Мысалы бұғат деген сөз не? Әркім өзінше аудара береді.

Болашақта колым босап жатса, жеке өзімнің  сайтымды ашатын шығармын.  Сайтта  тек қазақша ғана материалдар болады. Сайтқа  өз үлесін қосам деушілерге, әрқашанда есік ашық.

Менің айтарым бұл блогта теория нақтылап жазылмайды. Мен бұл жерде көбінесе практикалық жұмыстарды көрсетем. Бұл блогта сіздер 10 пайыз білім аласыздар деп ойлаймын, ал қалған 90 пайыз өзіңізге байланысты. Программалауды бастаймай бұрын санау жүйелерін үйреніңіз.

1.  Екілік санау жүйесі Екілік санау жүйесі

2. Сегіздік санау жүйесі

3. Он алтылық санау жүйесі

Программалау (бағдарламалау) негіздері

Мына блогта біріншіден программалау негіздерін карастырамыз.

Программа жазудың технологиясы екі түрге бөлінеді:

  1. Құрылымдық бағдарламалау (Pascal,C және т.б.)
  2. Объектілі бағытталған  бағдарламалау (C++,Java және т.б.)

Осы екі технологияға түсініктеме.

1) Құрылымдық бағдарламалау — блок құрылымдарының иерархиалық түрінде көрсету негізіндегі, программалық қамтамма жасаудың әдісі. XX ғасырдың 70-ші жылдары Э. Дейкстрамен ұсынылған, Н. Вирт жасаған және толықтырған.

Құрылымдық әдіске сәйкес

  1. Кез келген программа үш базалық типінің конструкциясынан құрылған құрылымды сипаттайды:

Тізбекті орындалуы (последовательное исполнение) — программа текстінде операция бір рет орындалады жазылған реті бойынша;

Мысалы:

a,b,sum:integer;

a:=5; b:=10;

sum:=a+b;

// a-ның мәні 5-ке тен  b-ның мәні 10-ға тең. Мына жерде sum  қосу операциясы бір рет орындалды.

writeln('Summa ten=',summ);

// Экранға Summa ten=15 деген мәнді шығарады. Мына жерде экранға шығару операциясы бір рет орындалды.

Бұтақтану (ветвление) — берілген шартқа байланысты, бір немесе бірнеше операцияның бір рет орындалуы;

Мысалы: Егер n саны бестен үлкен болса, n санын беске көбейтемиз және оган бес санын қосамыз

n:integer; n:=7;

if(n>5) then // n улкен бестен, өйткені оның мәні 7-ге тең. Шарт шындық (true) бойынша келесі операцияларды орындаймыз.

begin

n:=n*5; // n бізде 7-ге тең, 7*5=35 мәніне ие болып, n-ге 35 болып меншіктеледі. Бұл біздің бірінші операциямыз.

Writeln('n*5=',n); // n мәнін 35 санын экранға шығарады. Бұл біздің екінші операциямыз.

n:=n+5; // алдыңғы операция бойынша n 35-ке тең, 35+7 мәніне ие болып, n-ге 42 болып меншіктеледі. Бұл біздің үшінші операциямыз.

Writeln('n+5='n); // n мәнін 42 санын экранға шығарады. Бұл біздің төртінші операциямыз.

end

else // шарт жалған (false) болса, мына жерде n бестен кіші болса, бір ғана операция орындалады.

Writeln('n kishi 5-ten'); // n kishi 5-ten деген жазуды экранға шығарады. Мына жерде бір ғана операция орындалады.

Шартқа байланысты n бестен үлкен болғандықтан, бізде төрт операция орындалады. Егер n:=4 болса, бізде бір операция орындалады.

цикл — берілген шартқа баланысты, бір операция және сол операцияны бірнеше рет орындау. Программада циклдың ішінде бірнеше цикл болуы мүмкін.

Мысалы:

for (int $i=0;$i<4;$i++)

echo "A ";

Экранға төрт  A A A A әріптерін шығарады.

2. Қайталанатын программа фрагменттері подпрограммалар (процедура немесе функциялар). Бұл жағдайда негізгі программа текстінде, подпрограмма фрагменті орнына, подпрограмма шақыру нұсқауы қойылады. Подпрограмма жұмысы аяқталғаннан кейін, негізгі программа өз жұмысын жалғастыра береді.

Мысалы:

s:=a+b;

x=pow(10,2); //подпрограмманың  шақырылуы

z=a*b;

3. «Жоғарыдан төменге» әдісі бойынша, программа жазу қадамдармен жүреді.

Бірінші негізгі программаның тексті жазылады, логикалық фрагмент текст орнына,подпрограмма шақырылып, фрагмент коды орындалады.

2
4051
6