Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
07:33, 10 июля 2013

Атқарылған іс аз емес!

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің кезекті кеңейтілген Кеңес отырысы өтті. Бірлестік 2010 жылы облыстық пікірсайысшы жастардың бастамасымен құрылды. Осы уақыт аралығында көптеген жұмыстар атқарып, игі бастамалар көтеріп келеді. 2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының, 2013 жылы облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік маңызы бар жобалар шеңберінде «Жастар арасында пікірсайыс ойындарын өткізу» тақырыбында қатысып,  жеңімпаз болып келеді.
Облыс жастарын шешендік өнерге баулу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділігін жетілдіру жолдарында көптеген жұмыстар атқаруда. «Ел болам десең бесігіңді түзе» демекші жастарды отансүйгіштікке баулу мақсатында 2013 жылдың І жартыжылдығында барлығы 20-ға жуық үлкенді-кішілі іс-шаралар ұйымдастырды. Оның ішінде облыстық, қалалық және аудандық пікірсайыс турнирлері, жастармен кездесулер, спартакиадалар, сенбіліктер, семинар-тренингтер мен «дөңгелек үстел» отырыстары және тағы басқа іс-шаралар өткізді.
Бірлестіктің кеңес отырысында кеңес мүшелері мен қонақтары 2013 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмысына қанағаттанарлық деген баға бере отырып, кемшіл тұстарында айтып өтті. Атап өтер болсақ, оқу орындарындағы пікірсайысшылардың санының аздығы, республика көлемінде облыстық пікірсайысшылардың беделінің төмендігі мен кейбір оқу орнындарының пікірсайысқа қолдау білдірмеуі сынды кемшіліктер талқыланып, алдағы уақытта осы мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта бірлестік «Тараз қаласы әкімінің кубогы» үшін қалалық, «Еркін пікір» ЖҚБ кубогы» үшін облыстық пікірсайыс турнирлерін, 9 номинация бойынша «Еркін пікір» жастар сыйлығын, ғылыми-тәжірибелік конференция, ұлттық ойын түрлерінен спартакиада, жастар арасында бильярдтан ашық турнир және тағы басқа іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
2013 жылдың І жартыжылдығын қорытындылаған Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері өз жұмыстарына баға беріп, алда атқаратын істерін пысықтады.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің кезекті кеңейтілген Кеңес отырысы өтті. Бірлестік 2010 жылы облыстық пікірсайысшы жастардың бастамасымен құрылды. Осы уақыт аралығында көптеген жұмыстар атқарып, игі бастамалар көтеріп келеді. 2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының, 2013 жылы облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік маңызы бар жобалар шеңберінде «Жастар арасында пікірсайыс ойындарын өткізу» тақырыбында қатысып,  жеңімпаз болып келеді.Облыс жастарын шешендік өнерге баулу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділігін жетілдіру жолдарында көптеген жұмыстар атқаруда. «Ел болам десең бесігіңді түзе» демекші жастарды отансүйгіштікке баулу мақсатында 2013 жылдың І жартыжылдығында барлығы 20-ға жуық үлкенді-кішілі іс-шаралар ұйымдастырды. Оның ішінде облыстық, қалалық және аудандық пікірсайыс турнирлері, жастармен кездесулер, спартакиадалар, сенбіліктер, семинар-тренингтер мен «дөңгелек үстел» отырыстары және тағы басқа іс-шаралар өткізді.Бірлестіктің кеңес отырысында кеңес мүшелері мен қонақтары 2013 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмысына қанағаттанарлық деген баға бере отырып, кемшіл тұстарында айтып өтті. Атап өтер болсақ, оқу орындарындағы пікірсайысшылардың санының аздығы, республика көлемінде облыстық пікірсайысшылардың беделінің төмендігі мен кейбір оқу орнындарының пікірсайысқа қолдау білдірмеуі сынды кемшіліктер талқыланып, алдағы уақытта осы мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.Сонымен қатар, алдағы уақытта бірлестік «Тараз қаласы әкімінің кубогы» үшін қалалық, «Еркін пікір» ЖҚБ кубогы» үшін облыстық пікірсайыс турнирлерін, 9 номинация бойынша «Еркін пікір» жастар сыйлығын, ғылыми-тәжірибелік конференция, ұлттық ойын түрлерінен спартакиада, жастар арасында бильярдтан ашық турнир және тағы басқа іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.2013 жылдың І жартыжылдығын қорытындылаған Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері өз жұмыстарына баға беріп, алда атқаратын істерін пысықтады.

1
287
0