Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
05:51, 10 июля 2013

ЕХРО 2017 жане балалар (М.Курсабаев)

ЕХРО 2017 ЖӘНЕ ҰСТАЗ ҺӘМ ШӘКІРТ САБАҚТАСТЫҒЫ

 

Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, «Тұран-Астана» университеті «Туризм және сервис» кафедрасының профессоры, «Атамекен» ұлттық тәрбие бағдарламасының авторы, kursabaev1961@mail.ru

 

Тәуелсіз Қазақ Елінің 2017 жылы Бүкіләлемдік көрме өткізу құқығына ие болуы – жаһандық масштабтағы ұлттық мұратымыз бен мүддеміздің бағамы мен ықпалын байқатар ерекше оқиға. Қазақ тарихында бұрын-соңды мұндай ауқымды шаралар өткен жоқ десе болады. Қазақстанның мұндай керемет мәртебеге ие болуы республикамыздың соңғы жылдары қол жеткізген айбынды ерліктері мен нәтижелі жеңістері арқасында болғаны шындық. Әсіресе, ғаламдық деңгейдегі қазақ спортшыларының Олимпиадалық Ойындардағы жеңістері, ел экономикасының түбегейлі нарықтық жағдайға сәйкестендірілуі, білім мен ғылым саласының стратегиялық дамуын алдын-ала болжай отыра дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жасалуы және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың даналық саясаты мен кемеңгерлік іс-әрекеті аталмыш олжаның ұлт еншісіне айналуына ұйытқы болды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерік-жігері мен тәуелсіз Қазақстанның соңғы жылдар тізбегіндегі аса ірі жетістіктері (халықаралық OSSE және OIC Төрағалық ету,  London 2012 Олимпиадасы, 47 UNWTO Ассамблеясы) арқасында біздер 2017 жылы Астана қаласында Бүкіләлемдік «EXPO Astana kazakhstan» Көрмесін өткізуге бұрын соңды болмаған ерекше тарихи оқиғаның куәгері болғалы отырмыз. Бұл біз үшін де, бүкіл адамзат үшін және өскелең жас ұрпақтың жас қанатына жаңаша серпін, қажыр-қайрат және ғылыми һәм біліми намысын оятатын ХХІ ғасырдың бір кереметі десек болады.

Бүгінде «EXPO 2017 Astana Kazakhstan» Ұлттық Кампаниясы құрылып, Елбасы мен Үкімет белгілеген ауқымды шаралардың халық игілігіне айналуына қарқынды қадамдар жасауда. Астана қаласы Бас архитектуралық Жоспарына сай Бүкіләлемдік көрме өткізілетін арнайы жер бөлігі ғаламдық деңгейдегі құрылыс нысанына айналған. Қазақ Елінің Еуропалық (Белгия,Льеж) шаһарлардан асып түсуі бірқатар ерекшеліктерімен айқындалды. Оларға:

- Астана қаласының ЕурАзия материгінің ортасында орналасуы;

-  Көпұлтты Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы;

- Ғылым мен білім жүйесін дамытудың мемлекеттік стратегиялық жоспарының жасалуы және ендірілуі;

- Елорданың шөлейтті және орманды дала зонасында орын тебуінің климаттық ерешеліктері;

- Ел экономикасының нарықтық жағдайға сәкестендірілуі;

- Жасыл технология және Болашақ энергиясы т.б іргелі алғышарттар негіз болды.

«Оқу – инемен құдық қазғандай» деп ата-бабаларымыз айтқандай бүгінгі заман - білім мен ғылымның біз үшін де, болашақ үшін аса қажеттілігі мен маңыздылығын дәлелдеп берді. Бүгінде білім мен ғылым кеңістігі өзінің танымдық географиясын күн санап ұлғайтуда. Уақыт мектеп пен жоғарғы оқу орындары арасында ерекше ынтымақтастық пен ғылыми-шығармашылық байланыстардың бұрыннан бетер нығая түсуін қажет етіп отыр. Оның айқын бір көрінісі мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы ғылыми жобалар сайысының тек қана біздің шаңырағымызда емес, тәуелсіз еліміздің түпкір-түпкірлерінде аса тартымды, аса қызықты өткізіліп жатқанының айғағы десек болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясында аталып өткендей мемлекетіміз білімді дамытудың стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруды негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастыруда.

Еуропалық және көптеген жерлердегі жүзден астам жоғарғы оқу орындары өз еріктерімен бас қосып, болашақ білім кеңістігін ортақ мүдде мен ғылым жаңалықтары мен озық технологияларды бірлесе отырып игеруда пайда болған Болон процессінің айырықша баптарының біріне 12 жылдық білім беру жүйесін дамыту болып табылады. Демек, Болон процессі тек оқу орындарының перспективалық даму бағытын орта білім жағдайын толыққанды білмейінше, немесе тығыз қарым-қатынас орнатпаса өз деңгейінде дұрыс көз алдына елестете алмауы мүмкін. Осы орайда, біздер мектеп оқушыларын, әсіресе олардың болашақта білікті маман иесі болу мүмкіндігін таңдауына зор ыждаһатпен, үлкен жауакершілікпен қараймыз.

Қазақстанның 2017 жылы Бүкіләлемдік ЕХРО 2017 көрмесін ұйымдастыруға мүмкіндік алғаны аса ерекше тарихи оқиға. Оған бүкіл Жер шарынан 5 млн.астам адамдардың келуі, жалпы туған жеріміз бен ұлттық қазынамыз жөнінде барша жұртшылық мол ақпарат алып, мемлекетіміздің бүгінгі жайы мен экономикасы, тарихы мен мәдениеті, халқы мен жер байлығы һақында жер-жерлерде ой тастап, ауқымды масштабта қоғамдық пікір қалыптастыруға мұрындық болатынын естен шығармаған жөн. Ал, осы іске республикалық масштабта мектеп оқушыларының ат салысуы, ат салысумен қатар өз ойлары мен нақты ұсыныстары туралы мәнді де, мазмұнды тұжырым жасауы ерлікпен пара пар дер едім. Сол себепті, осы қол жеткізген табыстарыңды сол күйінде қалдырып қоймай, кейін жоғары оқу орны студенттері атанғанда ғылыми-зерттеу және дипломдық жұмыстар тақырыбы ретінде одан ары зерделеу ісі ғылыми дәстүрге айналса игі болар еді деп санаймыз.

Шындығына келгенде, аталмыш жоба қатысуға тілек білдірген жас ұландардың зерттеу жұмыстары бізді қатты таңырқатты деуге болады. Еліміздің еңсесін биіктететін мұндай маңызды шараларға жас ұрпақ өкілдерінің назар аударуы, қандай адам болмасын қуантпай қоймайтыны анық. Өз елінің өскенін, дамыған мемлекеттермен терезесі тең болатындай парасатты жанқиярлық еңбегін паш еткен жас ұрпақтың ерен еңбектері мен айтулы көрсеткіштері қай жерде болмасын өзгеше бағаланады және басқаша қабылданады. Сондықтан, өз еңбегін елінің болашағына арнаған еңбектердің бастауы бүгінгідей Алқалы жиындардан тұсауын кескені – өнегелі ұрпақтың танымдық деңгейін бағамдайтын жауапты тұс. Ендеше, олардың еңбектері жанып, арман-мұраттары асқақтай бермек.

Дарынды жастарға өз тарапымыздан қолымыздан келгенше барлық жігеріміз бен тәжірибелерімізді арнап, қажет жағдайда кеңес беруге, тәлімгерлік ой бөлісуге, өз кезегінде отандық және халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары мен түрлі бағыттардағы гранттарға қатысуда бірлесе отырып  жұмыс істеуге дайын болуымыз шарт. Болашақта аталмыш бастама көпшілік талқысына түскен, халықтың ой-пікірлерімен ұштасқан салиқалы идеяға айналып, қоғам дамуына қажетті жекелеген мамандықтар түрлері бойынша жүйелі түрде жалғасын табуы тиіс. Атап айтқанда, құқықтанушылар мен қаржыгерлер, немесе туризм мен экология саласы бойынша арнайы мамандандырылған форматта республикалық һәм аймақтық сайыстар ұйымдастыру аса қажет.

Ендігі арада қол жеткізген аталмыш жетістіктерімізді одан әрмен бағамдап, толықтырулар мен өзгертулер енгізіп Республикалық «Жас ғалым» жас зерттеушілер Ассоциациясын құру керек.

Бүгінгі ұрпақ кеше ата-бабаларымыз қолына найза алып, етікпен су кешіп елін қорғаса, енді бүгінгі ХХІ ғасырдың ұрпағы найза орнына қалам ұстап, оқу мен ата кәсіпті бірге ұстанып, ата-баба дәстүрін қастерлеп, қол жеткізген ғылыми-шығармашылық табыстарды саралай отыра, болашақта өз елінің шынайы азаматы, туған елінің қамқоршы жанашыры және ел экономикасының гүлденуіне қомақты үлесін қосатын  Ақпараттық айқас заманының дарынды тұлғалары болып өсуіне жағдай туғызуымыз керек.

Осы орайда https://www.facebook.com/pages/%D0%95% «Facebook» ақпараттық-аналитикалық Орталығы порталында дистанциялық режимде ұйымдастырылған «ЕХРО 2017 және балалар» ғылыми жобалар сайысында аталмыш Ұлы іске мектеп мұғалімдері мен оқушыларының да өз ойлары мен жеке үлестерін қоса алатынына көз жеткіздік. Бұл шараны іске асыруда мынадай бірнеше мемлекеттік маңызы бар стратегиялық бағыттар қамтылды:

1. «E-Learning» электрондық білім беру жүйесі.

2. Отандық «G-Global» жобасы.

3. Ғаламдық «Thomson Reuters», «Elsevier», «AAAS», «Global ethnics.net» т.б ғылыми-техникалық ақпараттық ресурстар.

4. Болон процессі және 12 жылдық білім беру жүйесі.

«Facebook» қорына келіп түскен ғылыми жобалар мектеп мұғалімдері басшылығымен, ғалым-профессорлар көмегімен және оқушылардың қызығушылығы негізінде арнайы коммуникациялық форматқа көшіріліп, көпшілік қауым тарапынан талқылынып өз бағасын алды.

Қазақ Елі бүгінде әлемдегі ең жас ұлттар қатарынан табылуда. Біздің демографиялық көрсеткішіміз жаһандық глобализация мен ақпараттық технология жетістіктерінің сандық форматқа ұласуы қарсаңына дөп келуі ғажап құбылыс. Дәстүрлі білім мен ғылыми жаңалықтар тәжірибесі бүгінде ұдайы жаңару мен серпіндіру процесін қажет ететін тұтас ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарын қалыптастыруда.

Өз елінің болашағы мен жалпыадамзаттық құндылықтарды білім мен ғылым нәрі арқылы нұрландыруды мақсұт еткен дарынды да парасатты ұрпақтың интеллектуалдық құзырлығы мен танымдық зердесін объективті тұрғыда бағалайтын іргелі орталықтардың пайда бола бастауы – жаңа заманның жарқын бейнесі мен сындарлы талап-тілегі екені ақиқат. Олардың қатарына Thomson Reuters, Springer, Elsevier, Autostream, Slide Shape, OS, AAAS сынды замануи жаңалықтар мен озық тәжірибелерді сарапқа салып, айтулы жетістіктердің адамзаттың ортақ интеллектуалдық қазынасына айналуына мүмкіндік туғызып жатқан жаңа буындағы ғылыми-зерттеу мен талдау-ақпараттық орталықтарды айтуға мұқтажбыз.   Мұндай зор мүмкіндіктердің біріне ұстаз бен шәкірт арасындағы ғылыми байланыстың жаңа деңгейге көтеріліп, өткен дүниелердің құндылығын сақтай отырып жаңа жүйенің қалыптасуына ерекше ынта мен жігер қалыптастыратын құбылысты байқаймыз.

Мектеп және басқа оқу орындарындағы ғылыми-ақпараттық технологиялар ықпалынан туындай бастаған жаңа бағамдар мен ауқымды ұсыныстардың күн санап ерекшелене түсуі – болашақ моделін жасаушы жас ұрпақтың санасына күрделі ой салып отырғаны жаңсақ емес. Демек, дәстүрлі білім мен тәрбие құндылықтарын сақтай отырып, бүкіл адамзатқа ортақ жаңаша технологиялар мен үлгі-жобаларды, өз ортамыз бен мүмкіндіктерімізге ыңғайластыро отырып, батыл шешім қабылдау заманы келді, қырандар!

Оған соңғы жылдар құрлықты масштабты қамтыған «Tempus-V»  және «Erasmus Mundus» ғылыми-зерттеу жұмыстарына жас ғалымдармен бірге мектеп оқушыларының да ат салысуы, сондай-ақ Астанада өткен «Worlddidactic-2013» интерактивті және электронды оқыту технологиясына арналған ауқымды шаралардың қолға алынуы жаңаша ой тұжырымдайтын ұрпақ санасының таным кеңістігін ұлғайтуға ұйытқы болары анық.

Міне, елордамыздың төрінде 2017 жылы өтетін айтулы ірі оқиға - жоғарыда айтылған ұсыныстар мен тұжырымдарды, түпкір-түпкірлерде қайта ой елегінен өткізіп, әр өскіннің өне бойынан ұшқын алған зерде сарайынан бастау алып, ұстаз бен шәкірт арасындағы ынтымақтастықты бұрыннан бетер нығайта түсуіне мұрындық болары сөзсіз.

Сол себепті, жер-жерден келіп түскен хаттар мен электронды ресурстар негізінен әр адамның жеке пиғылы мен шешімі арқылы өрбігені абзал. Жаңа заман жағдайы осы уақытқа дейін зерделеніп, кей жағдайда ендіріліп келген әлемдік озық тәжірибелерді ендігі арада, заман талабынан туындаған қажеттіліктермен ұштастыруы керек.

Атап айтқанда, еліміздің энергетикалық ресурстарының негізгі ошағы болып табылатын мұнай мен газ өнеркәсібі саласы көптеген жас зерттеушілердің (Турсунов С.А, Бекмухамбетова  Ш, Кенебаева Ж, Маденов А, Мағпозова Т т.б) назарын аударғаны мемлекет үшін маңызды. Осы саладағы шет елдік компаниялардың (CNNC, Shevron, Agip, ENI, Total, Merriot) жетістіктері мен стратегиялық жоспары һақында (келісім-шартқа заңнамалық сараптама жасау, экологиялық зерттеу  мен бақылау, мұнай мен газ өнімінің залалын төмендету, жұмыссыздық пен білікті мамандар т.б) болжам жасау ісі қолға алынғаны абзал. Атырау газ және мұнай институтында қолға алынған (профессор Ә.К.Кенжеғалиев) Каспий теңізін мұнай қалдықтарынан арылту жобасы жас зерттеушілердің назарын аударып, аталмыш істің ұзақ жылдарға арналған бағдарламасын сұлбалады.

Жастар үшін маңызды зерттеу объекстісі – ол тұщы судың ғаламдық масштабты қамтыған экологиялық проблемасы. Бүгінде тұщы судың тапшылығы сезіле бастаған кезде әлемдегі алпауыт мемлекеттер АҚШ, Қытай, Ресей, Канада, Жапония және Еуропа мемлекттері Арктика мұзын пайдалану жобасы туралы мәселені қызу талқыға салуда. Мұзды пайдалану табиғи баланстың ауытқуына әсер етуі ықтимал. Бұл жерде, оған альтернативті жоба ретінде Қазақ даласындағы өзен, көл, артезиан және грунт сулары мен биік таулы мұздықтарды пайдалануда «Kazakh Water» жобасына жас ғалымдар мен оқушыларды тарту керек. Бұл жөнінде бірқатар зерттеулер жүргізген (Сейдалы О.Б, Мақмұт Қ.Б, Евграфова Ольга т.б) жандарға болашақтағы жұмыс жоспарларын тиянақтауда аталмыш мәселеге терең назар аудару қажет деп санаймыз.

ЕХРО 2017 тақырыбы көптеген зерделі жастарға ой салғаны байқалады. Әсіресе болашақ энергиясы немесе «жасыл технология» жетістіктерін халық игілігіне айналдыруда авторлық-өнертапқыштық жобаларын ұсынған (Хасен У, Нагиметов А, Шатайло А, Ефименко М, Жұмаханова А, Ермеков, Қабылбекова А  т.б) батыл ұсыныстары қуантарлық. Аталған құралдарды заңдық-құжаттық негізде қайта зерделеп, жас өскіндерге «Патент» құжатын беру күттірмейтін іс. Ол өнімдерді Бүкіләлемдік көрмеге қоюға бар мүмкіндігімізді жұмсаймыз. ЕХРО көрмесіне оқушылар қолынан жасалған ұлттық қолөнер және қолданбалы бұйымдар мен зергерлік әшекейлерді қоюға әбден болады. Жобаға қатысқан (Ақын Г.Ж, Рассаева А.Б, Каримова Ж.С т.б) жұдырықтай балалардың ата кәсіпті ұлықтап, бабадан қалған асыл қазыналарды қайта жаңғыртуға үлес қосқаны жүрегімізді тербеп, көңілімізді елжіретті.

ХХІ ғасырды қазақ туризмінің ғасыры деуге болады. Әлем инвесторларын назарына аударып отырған Алматы (Жаңа Іле), Бурабай, Қарасу, Кендірлі, Шығыс Қазақстан (Ертіс бойы) және Батыс Қытай-Батыс Еуропа трансконтиненттік транспорттық магистрлі ата-баларымыз салып кеткен Ұлы Жібек жолының әлем этностары мәдениеті мен экономикасының «Алтын көпірі» миссиясын атқарып келе жатқанын тағы дәлелдеді. Өз кезегінде осы салаға қатысты өз еңбектерін паш еткен (Сейдалы О.Б, Алексеева Ж, Телағыс Ж.Н, Амантаева А, Успанова А, Михайленко Ю т.б) жас зерттеушілер еліміздегі ішкі туризм индустриясының  кешенді дамуы қажеттігі идеясын алға тартып отыр. Сөз барысында Ақтөбе облысындағы «Жаманшың» метеориті, Павлодар облысындағы Ақсу қаласына шет елдік туристерді тарту мәселесіне арналған мағлұматтар көңіл қуантарлықтай.

Көптеген оқушылардың Қазақстанда өтетін ЕХРО 2017 шарасына жеке үлестерін қосуға деген ынтасының басым сипат алуы байқалады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «болашақ энергиясы» деген атауымен әлемге әйгілі болған идеясын құптаған балғындар (Демеуов Е, Ефименко М, Кенебаева Ж, Горбунова В) тобы ұсынған жобалар кім-кімнің болмасын назарын өзіне аударып отырғаны шындық. Демек, әр оқушының болашақта ірі ғалым болып жетілуіне мұрындық болатын аталмыш материалдарды, ендігі арада қайта зерделеп, отандық технология саласына енуіне қолайлы жағдай туғызатын жақтарын да жадымызда сақтағанымыз абзал.

Бұл түста ғылымға ден қойған әр өскіннің алғашқы талпыныстарына жоғары баға беріп, оқу мен тәлім-тәрбие талаптарына жүгіне отыра, заманауи қажеттіліктер мен игіліктерді барынша игеру ісіне ден қоюына жағдай туғызу керек. Бұл істің басты талабы әр оқушының немесе 2-3 адамнан құралған ғылыми-зерттеу ұйымтоп белсенділерінің нақты бір ғылыми тақырыпты таңдауы болып табылады. Келесі қадам жалпы зерттеудің жоспары мен сұлбасы, тақырыпшалар мен тұжырымдар, тараулар мен ескертулер жөнінде қысқаша проспектіні жобалауға арналуы керек. Әр тарау мен тақырыпшалар зерттеу кезеңдері мен жинақталған материалдарға байланысты.

Абай атамыз «Ғылым қиын жол, ал адамды оған тарту одан да қиын. Бірақ бір жол бар, ол – ғылымға адамды бала кезінен бастап қызықтыру керек» деген. Сол себепті, балалар өздері таңдаған тақырыпты ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарына енгізу (тіркеу) олардың санасында ерекше қызығушылық қалыптастырады деген сенімдеміз.

Бүгінгі таңда әлемдік деңгейде бірнеше ғылыми-техникалық ақпарттық ресурстар орталықтары Clobalethnics.net, High Been, Netlog, Linkedin, Canadian yellow page, Scops, Web of knowledge және басқа порталдар ғылыми тақырыптарды тіркеуге ынталы.Қазақстандық G-Clоbal, Bastau, Your vision.kz, On.kz, Nur.kz ақпараттық-коммуникациялық алаңдар мен блог-платформалар ғылым мен ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары жөнінде қажетті мағлұмат алғысы келетін, жеке көзқарасын білдіріп, өз жобасы жөнінде объективті бағасын ала алатын балалар мен жастарға таптырмайтын мүмкіндік дер едік.

Соңғы жылдары ең қажетті деген ғылыми анықтамалар мен тұжырымдар, концепциялар мен графикалық кестелер, схемалар мен ғылыми терминдер қайта жинақталынып, жүйеленіп, толықтырылып  ағылшын тіліне белсенді түрде аударыла бастады. Оған Wikipedia ашық (глобальді) энциклопедиялық электронды кітапхана порталы дәлел. Мысал ретінде Wikipedia ресурсынан «Kazakh history» немесе  «Kazakh felt house» тақырыбы бойынша іздеу салатын болсақ, орыс тілінде жазылған ақпараттардан гөрі ағылшын тіліндегі мағлұматтар мол екенінен көз жеткіземіз. Ал, Slide Shape ресурсы арқылы электронды оқулықтар жазып, мектептегі пәндер мен оған қосымша материал ретінде пайдалынатын цифрлы форматтағы оқу құралын, портфолилосын, анимациялық қосымшаларды қатар қолданатын білім жүйесін (авторлық дидактикалық ресурс) құруға болады. Қазақстандық Your vision.kz және Facebook порталдары кез келген танымдық-әдістемелік материалдарды (тест, фото, кесте, математикалық модельдеу, графикалық дизайн, слайд, видео т.б) әр адам өз қалауынша жобалап, ғылыми-зерттеу бағыттары мен мәселелері туралы глобальді тұрғыда тәжірибе алмаса алады. Оған дәлел ретінде http://mr_kursabaev.yvision.kz/post/317126 сайтында «The Kazakh High Land (Steppe) – the native land of felt dwellings Nomad of the world» тақырыбы бойынша Халықаралық Интернет-конференциясының (December 2012) өткізілгенін айтуға болады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЕҢБЕКТЕР МЕН ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР

 

1.Құрсабаев М.Қ. Qazaq nama. Астана, Ақараман баспас, 2008 жыл, 506 бет. http://doc.nlrk.kz/result/ebook_90/index.html#ps

2. 1 Республиканский конкурс научных проектов школьников и студентов колледжей «ЕХРО 2017 и дети» https://www.facebook.com/pages/%D0%95%

3. 3. «Roger Jones Golf & Leisure Ltd» (USA), Innovative Tourisn Advisors (THR),  «Системный план развития туризма зоны Кендерли», Презентация окончательного отчета, System Plan for Tourism Development in the Kenderli Area,SKS Studio+SB Architects+Roger Jones Golf & Leisure Ltd, 16.11.2012

4.«Системный план развития туризма зоны Кендерли», Презентация окончательного отчета, System Plan for Tourism Development in the Kenderli Area,SKS Studio+SB Architects+Roger Jones Golf & Leisure Ltd, 16.11.2012)

5. «Мастер план кластерной программы развития туризма Восточно-Казахстанской области, Presentation East Kazakhstan Report part, Iter Persona Kosmos (IPK) Barbara Postel, Rudolf Viеnands (Germany),

6. http://www.ar.tum.de/en/faculty/persons/former-professors/rudolf-wienands/

7.. http://www.edu.gov.kz/ru/

8. CОЗДАНИЕ ВИРТУАЛЬНОЙ ВЫСТАВКИ «EXPO-2017» http://www.group-global.org/page/view/170.

9. http://www.mint.gov.kz/

10. http://www.kit.gov.kz/index.php/ru/

 
0