Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:17, 08 июля 2013

Қазақстан Қарулы Күштерінің мергендері халықаралық жарыста жеңіске жетті

Blog post imageБеларуссияда өткен халықаралық жарыста Қазақстан Қарулы Күштерінің мергендер жұбы жеке және жалпы есепте бірінші орынды иемденді. Жарыс белорустің Бресть қаласында орналасқан 38-жеке гвардиялық ұтқыр бригадасының базасында өтті. Сайысқа Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украина, Иордания мен Катар елдерінен командалар қатысты.

Қазақстан Қарулы Күштері атынан капитан Тілектес Летвен мен аға сержант Арай Қаупаева мергендер жұбын бастап барды. Аталған жарыстың басты мақсаты барлаушы-мергендердің барлау және арнайы тапсырмаларды далалық және күрделі жағдайда орындау дайындығының деңгейін анықтау болып табылады.
Жарыс үш кезеңнен тұрды. Бастапқы екі кезеңінде ұйымдастырушылар атудан ең үздік мерген мен мергендер жұбын анықтады. Қорытынды кезеңде қатысушылар барлау және арнайы тапсырмаларды орындады. Бұл жарыстың бөлігі шыдамдылықты тексеруге арналды. 15 шақырымдық қашықтықта жауынгерлер карта бойынша белгіленген жаңа бақылау нүктелерін іздеді. Бресть полигоны өзінің күрделілігімен  ерекшеленеді: батпақты жер, жол жоқ, қалың ну орман. Сонымен бірге барлаушылардың жолын орнатылған мина алқаптары кесті. Үстілеріндегі салмағы 15 килограмдық киімдері мен мергендік винтовка мен автомат та жүруге қиындық туғызғаны анық.
Белгіленген қашықтықты жүріп өткен соң әрбір мергендер жұбы үш минуттің ішінде атыс шебіне қару-жарақпен 50 метр жер бауырлап барып нысананы көздеуі тиіс. Қазақстандық жерлестеріміз бұл тапсырманы тамаша орындады.
Жеке есеп қорытындысы бойынша бірінші орынды қазақстандық әскери бөлімнің мергені аға сержант Арай Қаупаев, екінші орынды қазақстандық мерген капитан Тілектес Летвен иеленді. Екінші және үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің мергендер жұбы жалпы және халықаралық есеп бойынша үздік деп танылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
292
0