Қазақстан эстрадасы интернетті қолдана ма?

Астана күніне байланысты 5-шілдеде «Астана жұлдызы» атты музыкалық байқау өтті. Аға буын мен жас әншілердің көпшілігі қатысқан мерекелік іс-шараға «Екпін» де қатысып, ән байқауы болғандықтан, жұлдыздардан «Жақсы ән қандай болуы керек?» деген және де интернетке қатысты біраз сұрақтар қойып шықты.

Әли Оқапов:

Ән жайлы. Меніңше, әлі де «жақсы ән» құпиясы ешкімге белгісіз. Хит әндер, халық әндері, заманауи әндер әрқайсысы бөлек дүниелер. Сол себепті, мен үшін ең алдымен, жақсы ән дегеніміз жүректен шыққан ән. Екіншіден, кәсіби аранжировка мен күрделі формасы бар қызықты стильде жазылған ән. Өз талғамым соған келеді.

Интернетке келер болсақ, оған өте жақынмын. Сағат сайын кіріп, тексеріп тұрамын. Әлеуметтік желілерден: ВКонтакте, туиттер және инстаграмда бармын. Одан басқа желілерде мен жоқпын. Басқа сайттардағы Әли Оқаповтар жалған.

Әлеуметтік желілердегі негативті пікірлер күн сайын болып тұрады. Оларға үйреніп те кеттім. Бірақ бір жағынан маған жаңа әртістен гөрі, халық әртісінің баласы ретінде қарайды. Сол себепті халықтың көзқарасы маған ерекше. Әрине, менің туындыларым ұнамай жататын адамдар да болады. Алайда, мен алға қарай жүре беремін, өз жұмысымды білу маған маңыздырақ. Ал өз басыма айтылған негативті пікірлерді тіпті оқымаймын да.

Нұрлан Әлімжанов:

Ән жайлы. Жүректі тербетіп, адамның сезімін ұштыртса, жақсы ойларға жетелеп, рухани байытса, сол жақсы ән деп ойлаймын.

Интернетте көп отырмаймын. Бірақ кіретін болсам, жиі youtube-та отырамын. Ол жерде өз бейнебаяндарыма, әндеріме халықтың жазған пікірлерін оқимын. Содан соң Nur.kz сайтынан жаңалықтар қараймын. Ал басқа әлеуметтік желілерде отырмаймын, жоқпын. WhatsApp пен Viber-ды жиі қолданамын.
Интернетте негативті пікірлер болады. Басқалар сені жамандап жатса, онда сенің бар болғаның, белігілі бір іс істеп жатқаның. Сол себепті ондай пікірлерге адекватты қараймын. Қазірде бірақ ғаламтор ластанған. Сондықтан ол жаққа кіріп, ішін қазбалағым келмейді. Интернетте лас энергетика, вирус, инфекция өте көп.

Жаңалық. Жақында «Көзіңе қарай бердім» атты әнге бейнебаян түсірдік, қазірде ютубта жүр. «Ақ құсым» әніне бейнебаянды жуырда «Муззон» мен «Хит-тв»-дан көретін боласыздар. Сондай-ақ 25 шілдеде Астанада осы залда жеке ән кешім өтпекші. 70-80% әндерді өзім орындап, актерлік қырымды да көрсетіп, қалған бөлігінде авторлық әндерімді орындап жүрген басқа әншілер: «Азия» тобы «Ғажайып күй» әнімен, Қайрат Нұртас «Ол сен емес», Әйгерім Қалаубаева, т.б. өнер көрсетеді.

«Асыл» тобы:

Ән жайлы. Ең біріншіден, жақсы туынды — жүрекпен орындалған туынды. Сондай ақ кәсіби тұрғыдан сауатты білімі бар, талғамы жоғары адамның музыкасы бірден көрінеді.

Интернет. Көбінесе интернетте біз өз арамыздағы әртістердің өмірін бақылап отырамыз. Елімізде, басқа шетелде не болып жатқанын білу үшін жаңалықтар сайттарына кіріп отырамыз. Әлеуметтік желілерден: туиттерде Жұлдыз екеуіміз отырамыз, Анар онда жоқ. Одан соң инстаграмда, вконтакте және фэйсбукта бармыз.
Шыны керек, интернетте негативті пікірлер бізге жазылмайды. Ол қуантарлық жайт. Халық тек қана жылы лебіздерін білдіріп жатады.

Сәкен Майғазиев:

Ән жайлы. Жақсы ән біздікіндей болуы керек (күліп). Әзіл ғой. Жақсы ән деген сазы мен сөзі бір-біріне үйлескен, халыққа жетімді, әрі жеңіл, әрі қиын болуы керек деп есептеймін. Бірақ халыққа жеңіл жетуі керек екен деп, сектенцияны да қуа беруге болмайды. Гармониялық жағынан қиындау, кәсіби тұрғыдан жоғары деңгейде болса, нұр үстіне нұр деп есептеймін. Соған орай халықтың да талғамы өсе берсе екен деп тілеймін. Жеңіл әндер тыңдала бермесін, әсем, әуезді әндер көбейе берсін.

Интернет. Туиттерден басқа фэйсбукте анда-санда отырамын. Вконтакте балам ашып берген, бірақ оған кіруге уақыт жоқ. Моймирде бармын, бірақ онда көп отырмаймын. Интернет басылымдардан Abai.kz, Massaget.kz сайттарына кіріп тұрамын, байланыстамын. Бірақ енді жүре оқитын, біз сияқты ат үстінде жүретін адамдарға туиттер таптырмас желі.

Алайда қайбір жылы Abai.kz порталына сұхбат берем деп артынша жазылған пікірлерден соң енді ондай сайттарға жоламайтындай болдым.

Айгүл Иманбаева:

Ән жайлы. Жақсы ән ұғымы ауқымды. Бірақ менде Отаныма, халқыма деген сүйіспеншілік басымырақ болған соң, меніңше, әр қазақ әншісінің әндерінде даламыздың үні, ырғағы болуы керек. Өйткені біз Еуропа емеспіз, Ресей әншілері емеспіз. Сол себепті біздің әр әнімізде өз калоритіміз болу керек.
Интернет. Фэйсбук жаңалықтарын күнде оқимын, сонда жиі отырамын. Негізі интернеттегі негативті пікірлерге мүлде мән бермеймін.

 

Динара Сәтжан:

Жақсы ән дегеніміз — танымал ән, хит ән десек болады. Енді әр адамның жақсы ән жайында пікірі түрлі ғой. Мысалы, қазірде «О, боже, какой мужчина» әні танымал. Ол өлеңді жаман да, жақсы да дей алмайсың, өйткені ол барлық жерде қойылады, халыққа ұнайды. Маған да ол ән ұнайды, өте көңілді. Міне, сондай халық көңілінен шыққан хит әндер жақсы ән деп есептеледі, меніңше. Кез келген әннен терең мағына іздей бермеу керек шығар. Мен, мысалы, бүгінде не хит болса, соны тыңдаймын.

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева

Фото автордікі

Алия Arsik
9 шілде 2013, 13:18
6722

Загрузка...

Пікірлер

«О, боже, какой мужчина» әні танымал болғанымен жақсы ән қатарына жатқызу қиын. Хиттін бәрі жақсы бола бермейді
фууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууу........................
не болды? Сонша дөрекі жазып!
ендеше логинднринизди калдырынздаршы
Динара Сәтжанды ешқандай жұлдыз қатарына жатқызуға келмейді. Динара Қазақ қоғамына емес, орыс қоғамындағы адам.
динара сатжанды жулдыздар катарына неге коспаска.....................

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 11054
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4729
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 3962
  • 4
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4086
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3670
  • 15
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3321
  • 12
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3098
  • 11
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2925
  • 19