Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
14:16, 05 июля 2013

2-күн

2-күні біз «Қабанбай батыр» кесенесіне бардық , теплоходпен жүздік және «Атамекен» этнопаркін көрдік.

Мақсатым: Қабанбай баыр туралы толық мағлұмат алу; жеке өмірі мен отбасысы жайында білу; батырлық жырларын тыңдау.

«Қабанбай батыр» кесенесіне барғанда бізді профессор, тарихшы- Қамал Абдірахманов күтіп алды. Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.Оның сүйегі әлі күнге дейін табылмаған.

Blog post image

Теплоходтағы серуен өте көңілді өтті.Есіл өзенімен баяу да қызықты жүздік.

«Атамекен» этнопаркі – бүкіл Қазақстан бойынша таралған облыс символдарының макеттері. Алғашқы қауымдық құрылыстан бастап қазіргі кезге дейінгі барлық тарихи оқиғалар көрсетілген.

Менің бүгін ұққаным : Қабанбай батыр бойы 2 м. 18 см. алып адам. Ол соңғы жекпежегі 85 жасында болған. Ол үш жүзге бірдей танылған қазақтың батыры.

Blog post image

0
1311
0