Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 771 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
14:10, 05 июля 2013

1-КҮН

14:17-де Орал- Ақтөбе пойызы вокзалда тоқтады.48 оқушы және 10 мұғалім бірдей киінген. Бүгін мен өзімді нағыз экспедиция мүшесі ретінде сезіндім.Ал экспедициямызды Астана қаласының ФМБ НЗМ –да бастадық. Мектеп ішінде оқушылар болмады. Бізді жақсы қарсы алып , мектеппен таныстырды. Балалардың қолымен жасаған жұмыстарын, салған суреттерін, істеген макеттерін көрсетті. Кейін АКТ залына барып қысқаша бейнематериалл көрдік. Онда Астананың өркендеуі, өсуі, дамуы жайында болды.Сонымен қатар бізге экспедиция жайында көп көмек берді. Өздерінің өткен экспедициясы жайында 12 сынып оқушылары айтты. Олар бүгін арнайы біз үшін келген.Астана қаласының НЗМ Өскемен қаласына барған екен. Суреттерін, экспедиция жайында кітапшалар көрсетті.

Ал кешкетүнгі Астананы араладық.

Blog post imageМенің бүгінгі ұққаным- бұл экспедиция бізге берілген бақыт. Себебі, осы зерттеулер арқасында біз туған еліміздің астанасын толықтай тани аламыз!

 
1
295
0