Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:12, 03 июля 2013

СуҺур (сәрісі) мен ифтардың (ауызашар) әдептері

Суһурдың маңыздылығы мен артықшылығы

Әрбір мұсылман түннің соңғы бөлігінде, ораза тұтуға ниет етіп, суһурды ұстанғаны жөн. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Таң атпастан бұрын тамақтаныңдар, өйткені суһурдың берекесі бар!» - деді (әл-Бухари 1923, Муслим 1095).

Суһурдың артықшылығы жайында, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, Аллаһ және Оның періштелері суһур жасайтындарға салауат жолдайды» (Ахмад 3/12. Шейх әл-Әлбәни хадисті хасан деген).

Суһур – бұл тағы да, мұсылмандардың оразасы мен христиандар және яһудилердің оразаларының арасындағы айырмашылық. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтты: «Негізінде, біздің ораза мен Кітап иелерінің оразасынан айырмашылығы - суһур» (Муслим 2/770).

Суһурдың маңыздылығы туралы көптеген сахих хадистерде айтылған. Ибн `Амр, Әбу Са`ид және Әнәстан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Бір жұтым сумен болса да, суһур жасаңдар» (Ахмад, Әбу Я’лә, Ибн Хиббан. Хадис сенімді. Қараңыз «Сахих әл-жәми’» 2945).

Сондай-ақ, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, суһурда береке бар, сондықтан оны қалдырмаңдар», - деп айтты ( Ахмад 11003. Хадис хасан. Қараңыз «Сахих әл-жәми'» 3683).

Тағы да пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мүміннің ең жақсы суһуры – бұл құрма» (Әбу Дәуд. Хадис сахих. Қараңыз “Сахих әт-тарғиб” 1/448).

Суһурдың уақыты

Суһурдың уақыты таң атуға жақын қалғанда басталады. Егер адам таң атпастан бірнеше сағат бұрын немесе ұйқыға жатар алдында тамақтанса, онда бұл суһур болып саналмайды (Қараңыз: “әл-Маусу’атул-фиқһия” 3/269).

Суһурды түннің ақырғы бөлігіне дейін қалдыру, тіпті дәл таң намазының алдында тамақтанған абзал. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Бізге, пайғамбарларға ауызды ертерек ашып, суһурды кешірек жасау әмір етілген", - деді (Ибн Хиббән, әт-Табарани, әд-Дыя. Хадис сахих. Қараңыз: “әс-Силсилә әс-сахиха” 4/376).

Ибн `Аббас айтқандай, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Таң екі түрлі болады: таң намазын оқуға рұқсат етілетін, ал тамақтануға тыйым салынатын таң және таң намазын оқуға тыйым салынатын, бірақ тамақтануға рұқсат етілетін таң» (Ибн Хузәйма, әл-Хәким, әл-Бәйһақи. Хадистің сенімділігін имам Ибн Хузәйма, әл-Хәким және шейх әл-Әлбәни растаған. Қараңыз: “әс-Силсилә әс-сахиха” 693).

Адамға таң атқаны анықталмайынша тамақтана беруіне рұқсат етіледі. Аллаһ Тағала былай деді: «Ақ жіп пен қара жіпті айыра алғандарынша, жеңдер де, ішіңдер» (әл-Бақара 187).

Ибн `Аббас айтқан: «(Тан атқан-атпағаны) жайлы күдіктерің жойылмайынша, Аллаһ сендерге жеп-ішуге рұқсат етті» (‘Абду-Рраззақ, хафиз Ибн Хаджар иснадын сахих деп атаған. Қараңыз: “Фатхул-Бәри” 4/135).

Бұл пікірді шейхул-Ислам Ибн Тәймия да ұстанған (Қараңыз: “Мәджму’ул-фәтауа” 29/263).

Ішіп-жеуді, қателесуден аулақ, таң атқанға дейін, мәселен он минут бұрын тоқтату керек деген пайымдау – бидғат (дінге енгізілген жаңалық) болып табылады. Кейбір кестелерде «имсәк» (яғни, ішіп-жеуді тоқтату уақыты) деп аталатын, бөлек қатар және таң намазының уақытына арналған бөлек графа (бағана) табуға болады. Бұның ешқандай да негізі жоқ, бұған қоса бұл сенімді хадистерге қайшы. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Кімде-кім сендерден азан естітин болса, ал оның (ішінде асы бар) ыдысы қолында тұрса, онда одан жеп болғанынша, оны қоймасын» (Әбу Дәуд 1/549, Ахмад 2/423, әл-Хаким 1/426, әл-Байһақи 4/218, әд-Дарақутни 2/165. Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, шейхул-Ислам Ибн Тәймия және шейх әл-Әлбәни растаған. Қараңыз: “әс-Силсилә әс-сахиха” 1394).

Осы хадисте, азан кірген уақытқа дейін тамақтанудан қорқып, таң намазынан 15-20 минут бұрын бекітілетін имсак уақыты дінге енгізілген жаңалық (бид`а) болып табылатындығына нұсқау бар (Қараңыз: «Тәмәмул-минна» 418).

Бұл хадис көптеген сенімді хабалармен бекітіледі. Әбу Умәма айтқан: «Бірде, намазға шақырылып жатқанда, `Умардың қолында стакан болған, сонда ол пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй, Аллаһтың елшісі, мынаны ішіп қояйын ба?» - деп сұрады. Ол: «Bә, ішіп қой!» - деді» (Ибн Джәрир әт-Табари 3017. Хадистің иснады жақсы).

Әбу Зубайр айтқан: «Мен Жәбирден: «Ораза тұтқысы келетін адам азан айтылып жатқанда қолында сусыны бар стаканыменен не істеу қажет?» - деп сұрадым. Ол маған былай деді: «Біз де пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдында осы туралы сөз қозғаған едік, сонда ол: «Іше берсін», - деп жауап берді» (Ахмад 3/348. Хафиз әл-Хайсәми хадистің иснадын хасан деген. Қараңыз: “Мәджму’у-Ззәуаид” 3/153).

Шейх әл-Әлбәни былай деген: «Хадистегі «Сендерден кім азан естісе» деген сөздер, екінші азанды меңзеп тұр. Бұл оны имсак (тамақтан бас тарту) азаны деп қате аталатын азан емес мүлде. Біз,бірінші азанды – имсак азаны деп атауға Сүннетте ешқандай негіз жоқ екенін білуіміз керек».

Ибн Мас`удтан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқаны хабарланады: «Біләлдың түнде шақыратын азаны сендерге, таң атудың алдында тамақтануға кедергі болмасын. Өйткені, ол азан сөздерін, таң намазының уақыты кіргенін хабарлау үшін емес, бірақ араларында ұйықтамай жатқандарыңның көңілін аудару, ал араларыңда ұйықтап жатқандарыңды ояту үшін» (әл-Бухари 621, Муслим 2/768).

Хадистің басқа нұсқасында былай айтылған: «Сондықтан, Ибн Умм Мәктум азан айтқанға дейін жеңдер де, ішіңдер!». Ибн Умм Мәктум, осы сәттен бастап тамақтануға тыйым салынатынын, әрі таң намазының уақыты кіргенін білдіретін екінші азан айтатын еді. Сонда да пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ерекшелеп: «Кімде-кім сендерден азан естітин болса, ал оның (ішінде асы бар) ыдысы қолында тұрса, онда одан жеп болғанынша, оны қоймасын», - деді.

Шейх әл-Әлбәни тағы да былай деді: «Адамдардың: «Егер адам екінші азанды естісе, ал ауызында тамақ болса, онда ол оны түкіріп тастау керек» деген сөздерді фиқһ қайтарады, сондай-ақ ол Сүннетке де қарсы. Бұл Аллаһ және: «Дінде шектен шығушылықтан (`улю) аулақ болыңдар. Расында, сендерден бұрынғыларды діндеріндегі шектен шығушылық опатқа ұшыратты» (ән-Нәсәи 2/49, Ибн Мәджаһ 2/242. Хадистің сенімділігін әл-Хаким, аз-Заһаби, ән-Нәуауи, Ибн Таймия растады), - деп айтақан Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған, қаталдық, артық кетушілік пен шектен шығушылық болып табылады».

Ибн `Умардан жеткен хадисте, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Расында, Аллаһ Тағала, Оның тыйымдарынан асқанды қалай жек көретін болса, солай Ол Өзінің жеңілдіктерін қабылдағанды жақсы көреді» (Ахмад 2/108, Ибн Хиббән 2742, әл-Қада’и 1078. Хадис сахих. Қараңыз: “Сахих әт-тәрғиб” 1059).

 

Ифтәр (ауызашар)

Джәбир былай деген: «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Негізінде, әрбір ауызашар кезінде, Ұлы да, Құдыретті Аллаһтың, Оттан босататын (құлдары) бар. Әрі бұл түн сайын болады!»» (Ибн Мәджаһ 1643, Ибн Хузәйма 1883. Шейх әл-Әлбәни сенімділігін растаған).

Оразаны қашан тоқтату керек?

`Умар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер түн мына жақтан пайда болса» , - деп шығысқа сілтегені, «ал күндіз мына жаққа кетсе», - деп батысқа қарай сілтегені, «және күн батқан кезде, ораза тұтушылардың оразасы тоқтатылады», - деп айтқаны жеткізіледі (әл-Бухари 1954, Муслим 1100).

Сондай-ақ, бірде пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының біріне ауызашарға тамақ әзірлесін деп бұйырғанда, ол: «Әй, Аллаһтың елшісі, бірақ әлі күндіз ғой», - деп айтқаны жеткізіледі. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған жауап бермей, тағы да ас әзірлеуді бұйырды. Осы хадистің жеткізушісі: «Біз оразаларымызды тоқтанқанда, алдымызда күндізгі жарықты көретін едік», - деп айтты да, сосын: «Егер де арамыздағы біреу өз түйесіне мініп (көкжиекке қарағанда), күнді көретін еді», - деп қосты (әл-Бухари 1955).

Шейхул-Ислам ибн Тәймия былай деген: «Күннің табағы (шарасы) толығымен көз алдынан кетсе, ауыз бекіткен адам, көкжиекте қалып қалатын қызыл шапаққа көңіл бөлмей, оразасын тоқата беру керек» (“Мәджму’ул-фатәуа” 25/216).

Немесе мағриб (ақшам) намазына азан шақырған кезден-ақ, ораза тұтушы ауызын ашу керек. Ал муәззин туралы айтатын болсақ, онда ол намаз уақыттарын анықтауды жақсы меңгеріп алуға тиіс, өйткені ол үлкен жауапкершілікті мойынына алған.

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Муәззиндер (азаншылар) – бұл мұсылмандардың ифтары (ауызашары) мен суһурын (сәресін) қорғайтындар», - деген (әт-Табарани. Хафиз әл-Хайсәми, имам әс-Суюты және шейх әл-Әлбәни хадисті хасан деп атаған. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 6647).

Ауызашарға асығудың қажеттілігі жайында

Жоғарыда айтылған нәрселердің барлығы осы бөлімге де қатысты. Сондай-ақ, Саһл ибн Са`дтан жеткен хадисте, Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқаны хабарланады: «Адамдар ауызашарларына асығып жүргендеріне дейін, игілікте болады» (әл-Бухари 1957, Муслим 1092).

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені айтылған: «Адамдар ауызашарларына асығып жүргендерінше, дін ашық (айқын) болады. Расында, яһудилер мен христиандар оны кейінге қалдырады (кешіктіреді)» (Әбу Дәуд, ән-Нәсаи, әл-Хаким. Хадис хасан. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 7689).

`Амр ибн Мәймун айтатын: «Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары ауызашарға ең қатты асыққан, әрі суһурларын созған» (`Абдур-Раззақ. Хафиз Ибн Абдуль-Барр иснадын сахих деп атаған. Қараңыз: “Фатхул-Бәри” 4/199).

Егер ауызы берік адам ифтар жасау үшін ештеңе таппаса, кейбіреулер жасайтындай, саусағын сорып отырмай, оразасын ниетімен тоқтатады.

Немен әрі қалай ауыз ашу керек?

Сүннет бойынша, жаңа піскен немесе құрғақ құрмалармен, әйтпесе сумен ауызашарды бастаған абзал. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендерден кім ауыз ашатын болса, құрмамен ауызын ашсын, ал егер ол құрманы таба алмаса, онда сумен ифтар жасасын. Шын мәнінде, ол тазартады» (Әбу Дәуд 2355, әт-Тирмизи 658, Ибн Мәджаһ 1699. Хадистің сенімділігін Әбу Хәтим, ‘Әбу Исә әт-Тирмизи, Ибн Хузәйма, Ибн Хиббән, әл-Хәким, әз-Зәһаби растаған).

Мағриб (ақшам) намазына азан шақырылған соң артына пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сияқты, намаз оқудан бұрын ауыз ашу қажет. Әнәс ибн Мәлик айтқан: «Мен Аллаһ елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза кезінде сумен болса да ауыз ашпай, ақшам намазын оқығанын ешқашан көрген емеспін» (Әбу Я’лә, Ибн Хузәйма. Шейх әл-Әлбәни сенімділігін растаған. Қараңыз: “Сахих әт-тарғиб” 1076).

Ифтар (ауызашар) алдында Аллаһқа дұға ету керек

‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Расында, ораза тұтушының, ауызашар алдында жасаған дұғасы қайтарылмайды» (Ибн Мәджаһ 1753, әл-Хәким 1/422. Хафиз Ибн Хаджар, әл-Бусайри және Ахмад Шәкир хадитің сенімділігін растаған).

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауызашардан кейін былай айтатын еді: «Шөл басылды, тамырлар нәр алды, Аллаһ қаласа, сауап та бізді күтіп тұр» (Әбу Дәуд 2357, әл-Бәйһақи 4/239. Хадистің сенімділігін әд-Дәрақутни, әл-Хәким, әз-Зәһаби, әл-Әлбәни деген иамамдар растаған).

/Зәһаба ззома-у уәбталлятил-‘уруқ, уә сәбатәл-әджру иншә-Аллаһ/.

Айтпақшы, бұл пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауызашар кезінде айтқан дұғасы туралы жалғыз ғана сенімді хадис болып табылады.

 
0
2671
0