Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:50, 17 сентября 2013

1 күн

Сәлем!Мен Ақтөбе қаласындағы  Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысымын.Біз мектебімізбен"Туған елге тағзым"атты экспедиция бойынша еліміздің бас қаласы Астана қаласына саяхатқа шыққан болатынбыз.Жол бойы Қостанай,Көкшетау қалаларының табиғатына тамсанып,Астананы көруге деген құштарлық кеудемізде жанып тұрды.Көп ұзамай маусымның 30-ыншы жұлдызында, сағат 14:30-да арайлы Астананың вокзалына келіп түстік.Бәріміздің ойымызда жас қаланың сұлу жерлерін көBlog post imageBlog post imageріп, тамашалау болды.Астана-арман қала.Оны көру әр баланың арманы.Ал біз сол арманға жеткендей ерекше сезімде болдық.Айта кету керек,бізді "Dana tour"туристік агенттігі күтіп алды.Содан соң автобуспен төрт жұлдызды"Gimpire"атты қонақ үйге келіп орналастық.Біздің алғашқы сапарымыз біздің әріптестеріміз Астана қаласындағы НЗМ-нен басталды.Жол бойы Астанадағы сансыз биік ғимараттарға қарап ерекше әсер алдық.Зәулім үйлердің біреуінде тұрсам деген ойда қалдым.Бұл енді болашақтың еншісінде қалсын.Қас пен көздің арасында НЗМ-ге де келдік.Мектепге кіре салысымен бізге мектепті түгелімен таныстырды.Мектеп 2009 жылдан бері жас талантты өрендерге білім берумен жұмыс жасап келе жатыр.Одан соң Астананың әсем ғимараттарын,аспанмен астасқан Бәйтеректі тамашаладық.Сонымен бүгінгі күн Астанамен танысумен ғана шектелді.Экспедицияның қызықты жерлері әлі алда.

0
576
0