Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:57, 03 июля 2013

Қорғаныс министрлігі әскери реалити-шоудың үшінші маусымын бастады

Бүгін Қазақстан Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша «Айрықша тапсырма» әскери телевизиялық жобасы басталды. Бұл реалити-шоудың салтанатты тұсаукесері Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының плацында болып өтті. Тележобаға қатысушыларды ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов құттықтады.

– Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бастамашы болған «Айрықша тапсырма» әскери реалити-шоуы осымен үшінші рет өткізіліп отыр және жыл өткен сайын бұл жоба елімізге танымал болып келеді, – деді Мұхамеджан Таласов. – Биылғы жобаға кез келген қазақстандық қатыса алады. Сонымен қатар, шоуға қатысамын деп тілек білдірушілер саны да артып отыр. Бұл азаматтарымыздың әскери өмірге бей-жай қарай алмайтынын білдірсе керек. Сондай-ақ, көптеген отандастарымыз өздерін әскери қызметші рөлінде ойнауды армандайды.
Қазіргі таңда «Айрықша тапсырма» жобасы Қазақстандағы бірден бір реалити-шоу болып отыр. Жобаның мақсаты Қазақстан Қарулы Күштерінің жағымды образын нығайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, Елбасы мен Қорғаныс министрлігі жүргізіп отырған ұлттық Қарулы Күштерді дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстарды түсіндіру.
Бүгінгі кастинг барысында жобаға қатысушылар қазылар алқасына өз мықтылықтарын дәлеледеп, жеңіске деген мүмкіндіктерін көрсететін болады. Іріктеліп алынған үміткерлер медициналық комиссиядан өтіп, физикалық тұрғыдан сынақ тапсырады.
Жоба барысында оған қатысушылар күтпеген және экстремалды кедергілермен күреседі. Оларға күрделі техникалық, тактикалық және психологиялық тапсырмаларды шешуге, қиындықтарды жеңуге, жаңа ұжымға бейімделуге тура келеді. «Айрықша тапсырма» жобасына қатысу конкурсанттар өмірінің жарқын сәттері болмақ.
Таяу күндері республикалық жетекші арналардың бірінде әскери реалити-шоуды транслияциялау басталады. Ұйымдастырушылар жобаға қатысушыларды қандай сынақ күтіп тұрғанын, қандай қару-жарақ пен әскери техника қатыстырылатынын әзірге құпия ұстап отыр. Жеңімпазды автокөлік күтіп тұр.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
157
0