Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:32, 02 июля 2013

Қазақтың жойқын жұдырығы

Blog post image

 

»Әкем — орыс, шешем — кәріс. Ал мен — қазақпын», — деген Геннадий Головкин шаршы алаңдағы келесі кездесуін қыркүйек айына дейін өткізеді. Қарсыласы америкалық Питер Куиллин болуы мүмкін. WBO тұжырымында әлем чемпионы деген атағы бар бұл боксшы да Гена секілді осы уақытқа дейін жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген.

Қазақтың сары алтыны Геннадий Головкин АҚШ-тыңКоннектикут штатында өткен жепке-жек кешінде британдық«мақтаншақ» Мэттью Маклиннің сазайын берді.

Бұл оның шаршы алаңдағы 27-ші жекпе-жегі, 27-ші жеңісі, 24-ші нокауты болатын. Енді кім, Серхио Мартинес пен Хулио Сезар Чавесті күтеміз бе? Әй, қайдам, мына жекпе-жекті көрген болса, Чавестіңжерлесімізбен жұдырықтасуға жүрегі дауаламайтын шығар. Ал Мартинес жарақаттарын емдеу мақсатында ұзақ демалысқа кетті. Енді шаршы алаңға бір жылдан кейін бір-ақ оралуы мүмкін. Оның үстіне, Маклин мен Мартинестің промоутері болып табылатын америкалық Лу ДиБелла, «Шаршы алаңға 14 айдан кейін бір-ақ оралатын Серхионың бірден мына жыртқышпен кездесуін қаламаймын. Мына түрімен Головкин оны талап тастайды», – деп ағынан жарылды. Иә, бұған дейін біздің Генаға мұрын шүйіре қарап келген ДиБелла қазақтың сары баласының қаншалықты мықты екенін мойындады. Тіпті «твиттердегі» өзінің жеке парақшасына, «Головкин өте керемет боксшы екенін мойындатты. Нағыз жыртқыш. Оның әрбір әрекеті құрметке лайық. Жаңа жұлдыздың куәсі болдық», – деп ағынан жарылды. Шынында да, Головкин бұған дейін де әлемніңалдыңғы қатарлы боксшыларының бірі болатын. Талай қарсыласын шалқасынан түсіріп, талайын екі бүктеген. Бірақ оның мықтылығына күмәнданған сыншысымақтар бәрібір де уәж табатын. «Ол Прокса, Ишида, Росадо сынды боксшыларды жеңгенімен, Маклин сияқты мықтылармен кездескен жоқ», – деп күйдіретін. Енді, міне, оныңқарымдылығына ешкім де шүбә келтірмейді. WВА вице-президенті Жильберто Мендоза да, «Головкин шаршы алаңға нокаут үшін ғана шығатын снайпер-боксшы», – деп таңдай қақты.

Blog post image

Ал бокс әлемінде өзіндік орны бар boxrec.com сайты осы жекпе-жектен кейін орта салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингін қайта түзді. Бұған дейін үздік үштікті қорытындылап тұрған жерлесіміз 2-ші орынға көтеріліпті. Бірінші орында аргентиналық Серхио Мартинес. Жерлесімізден оңбай жеңілген Мэттью Маклин бұрын 8-ші орында тұрған болса, жаңа рейтиңгте бес сатыға бір-ақ төмен сырғыған.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуінде «Әкем — орыс, шешем — кәріс. Ал мен — қазақпын», — деген  Геннадий Головкин шаршы алаңдағы келесі кездесуін қыркүйек айына дейін өткізеді.Қарсыласы америкалық Питер Куиллин болуы мүмкін. WBO тұжырымында әлем чемпионы деген атағы бар бұл боксшы да Гена секілді осы уақытқа дейін жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген. Кәсіпқой бокста 29 рет айқасыпты. Барлығында жеңіске жетіп, 21қарсыласын нокаутқа түсірген. Соңғы рет өткен жылдың қазанында француз ХасанН’Жикаммен жұдырықтасқан. Әлгі рейтингте 4-орында тұр. Дегенмен, Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, бұл айқас НВО телеарнасы көрсететін болса ғана өтеді. Ал одан кейін жерлесіміз жылдың соңына дейін тағы бір рет шаршы алаңға шығуы мүмкін.

Қалай десек те, бабы мен бағы таймаса, Геннадий Головкин әлі талай жыл осы салмақтың көшбасшысы болары анық. Оның жойқын соққысы талай қарсыласын талдыратынына сенеміз.

Blog post image

Геннадий Головкин, WBA және ІВО тұжырымдарының орта салмақдәрежесіндегі чемпионы:

—        Келесі жекпе-жегімді тамыз немесе қыркүйек айында өткіземін. Қарсыластықарастырып жатырмыз. Жалпы, қай жерде болса да, кіммен болса да, жұдырықтасуға дайынмын. Ал арманым – жартылай орта салмақтың теңдессіз боксшысы, 44 рет шаршы алаңға шығып, барлығында жеңіске жеткен Флойд Мэйуэзермен айқасу.

 

Мэттью Маклин, Головкиннің қарсыласы:

—        Өмірімде талай боксшымен кездестім. Бірақ дәл Головкиндей мықтыны көрмеппін. Соққысы жойқын. Әр соққысы етіңнен әрі, сүйегіңнен өтеді. Ол – ұлы чемпион! Басымды иемін.

     

Әзиз ЖҰМАДІЛ

   

Суреттер Қазақстан боксының «вконтактедегі» желісінен алынды

   

2115


 
0
313
0