Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
00:26, 02 июля 2013

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Егемен Қазақстанымыздың қазіргі кезеңде ұлттық мәдениеттердің көне үлгілерін заман талабына сай қайта жаңғыртып, жас ұрпақ тәрбиесіне қолданып, жоғары оқу орындарында болашақ педпгогтарды дайындау жүйесіне енгізу жаңа ізденістерді қажет етеді. Демократияның қанат жайып көркеюінің басты кепілі – құқықтық мәдениетінің жан-жақты дами түсуі.

Қазіргі біздің қоғамымыздың басты талабы – мемлекеттік және халықаралық денгейге сай, бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты, адамгершілік-этикалық нормаларды меңгерген, отансүйгіз, патриоттық сезімде тәрбиеленген ұрпақтар тәрбиелеу.

Құқытық мәдениетті қалыптастыру-үйлесімді тәрбиені білім беретін оқу орындарында пайдалану, оны жетілдіру, өзге тәрбие нысандарымен байланыстыра отырып, оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруда, олардың қоғам алдындағы жауапкерсілігін арттыруда қолдану басты іс болып табылады. [1, 10 б.]

Нарықтық экономикаға өтуге байланысты жаңа заман қажеттілігіне сай қазіргі ақпараттық және жаңа технологияларды өз бойына жинаған жоғары білікті оқушылар даярлау ісі құқықтық білім беру және құқықтық тәрбиемен ұштасып жатыр.

Сондықтан да қазіргі кезде құқықтық мәдениеті жоғары білімді оқушылар тәрбиелеу және қалыптастыру ісі кезек күттірмей атқарылатын мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында тұр. Жас тәуелсіз мемлекетіміздің алдында ертеңгі күні айқын, мәдениетті және тәрбиелі ұрпақты қалыптастыру міндеті тұр.

Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалырптастыру мәселелері осы уақытқа дейін зерттеліп келе жатқан тақырыптардық қатарына жатады. Бұл мәселе көптеген ғалымдардың ден коюын біз жалпы мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру қоғам дамуының талап-тілектеріне сәйкес өзгеріп отыратын құбылыс екендігімен түсіндіре аламыз.

Оқушылардың құқықтық мәдениетін жетілдіру бағытында атқарып жатқан іс-әрекеттердің маңызы мен мәнін саралау, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда құқықтық тәрбиенің атқаратын рөлі, оқушылардың құқықтық мәдениетінің қалыптасу құрлымы мен даму кезеңдері зерттеудің нақты оьектісін айқындайды.

Берілген зерттеу мақсатында мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін өмірдің дербес құбылысы есебіндегі, мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін көтеру ісіндегі оқушылардың құқықтық санасының қалыптасуы мен оған ықпал ететін қозғаушы күшердің деңгейін анықтау қарастырылған. Мектеп оқушыларының құқықтық өмірдегі рухани бастауларын зерттеп-зерделеп, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда салт-дәстүрдің тигізетін ықпалын, оның адами құндылықтарын, бағыт-бағдарын айқынауымыз керек. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетінің астарының негзгі құрамдас бөліктерін жіктеу, олардың жеке-жеке орнын, өзара байланысын, қатынасын сарапқа салып, оқушылардың шешендік өнері мен құқықтық мәдениет арасындағы тамырластың төркініне көз жүгіртуіміз қажет.бұдан басқа да көптеген атқарылатын іс-шаралар бар. Мысалға, мектеп оқушыларында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың нысандары мен әдіс-тәсілдерін саралап, мектеп оқушыларының құқықтық сана-сезімінің қалыптастыруына ықпал ететін факторларды айқындап, зерделеуіміздің қажеттілігі бар.

Балалардың құқығын қамтамасыз етуді міндеттейтін халықаралық құжаттар бар. Қазақстанның халықаралық ұйымдардың дербес мүшесі болғандықтан халықаралық құжаттарда бекітілген құқықтарды орындауға міндетті.

Құқықтық білімнің негізін мектепте тек жалаң сөз арқылы емес, баланың санасының қабылдау мүмкіндігіне байланысты әр түрлі үйірмелер, клубтар, оқушылардың ғылыми зерттеу орталықтары тәрізді жұмыстар жоқ. Жартылай орта мектептерде 5-8 сыныптарда «Құқық негіздері» пәнін енгізіп, онда балалардың санасына мемлекет, заң, әділеттік, тәртіптілік, құқықтық жауапкершілік, әлеуметтік теңдік, жоғары азаматтық сезімдер туралы қалыптаса бастаған пікірлер мен ұстанымдарды одан әрі тереңдете түсу қажет. 9 сыныпта Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы сабақ жүргізіледі. 10-11 сыныптарда құқықтың негізгі салалары туалы бастапқы мәліметтер беру керектігі көзделген. [2, 36 б.]

Сөйтіп мектеп қабырғасында құқықтық білім берудің өзіндік жүйесін қалыптастыруда. Бұл әрине қуантарлық жайт. Оқушы 1-сыныптан бастап 2-сыныпқа дейін құқықтық ұғымдармен танысып, олардың мәнін терең түсінбесе де, сондай ұғымдар, заңдар бар екенін біліп жүреді. Мұның өзі үлкен жетістік.

Әрине, қазіргі уақытта құқық пәнінен кез-келген бос мұғалім өткізіп жүр. Бұл дұрыс үлгі емес. Кез-келген жақсы бастама, бағдарлама әкеп іске асыратын кәсіптік дайындығы бар, өз ісіне жетік біліктімаман болмаса орындалмай қауы мүмкін. Мектеп жұмысына жауап беретін департаменттің бастапқы міндетін құқық пәнін оқытатын мамандарды жұмысқа тарту. Оларға әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Құқық әліппесін әрбір оқушының санасына жеткізу оңай емес. Ол үшін құқық туралы теорияның білімдерімен қатар баланы қызықтыра алатын әртүрлі тәсілдерді ойлап таба алатын біліктілік жажет.

Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттың рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да құқықтық тәрбиенің адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.

Қоғамды қайта құру кезеңінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу ерекше орын алады.  Бұл жұмыс нәтижелі жүріп және көздеген мақсатқа жету үшін ол кемшіліктерді жақсы біліп олардың жеке адамдарға және қоғамға қандай зиян келтіретін білу керек.

Күнделікті өмірде көптеген жарамсыз құбылыстар болып жатады. Ол құбылыстарға қатынастардың көмескелігі, бағалаудың нақты болмауы олармен күресті қиындатады. Мысалы, мектеп оқушыларының арасында жеке немесе топ болып төбелесу көп кездсетін жай. Нәтижесі кейде қайғылы уақиғаларға да душар етеді.

Оқушылардың құқықтық мәдениеті – жалпы құқықтық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру, өркендету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды дәріптеуге тәрбиелеу. [3, 8 б.] Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін ұрпақты тәрбиелеп шығаруымыз қажет. Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін азамат жасайтын және адамдардың рухани қазеттіліктері мен мүдделері қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығын әрбір оқушы санасына жеткізу қажет.

Оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеру болашақ еліміздің стратегиялық маңызы бар қызмет бағыттарының біріне құрап отыр. Бұл қазіргі кезде елімізде құқықтық, демократиялық, зиялы қоғам орнату бағытында өте үлкен маңыз алуда. Сондықтан да демократияның өзі – адамның ой-санасы мен мінез-құлық мәдениеті. Олай болса еліміздің алдында жас ұрпақ тәлім-тәрбиесі мен құқық тарапынан жүйелі, ғылыми негізде концептуалық бағдарламалар қажет.

Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі өте күрделі мәселелерді шешуде жаңаша ойланыстарды талап етуде. Демек оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға байланысты, әлемдік денгейде, өркениетті негіздегі тәрбиелік, үлгі-насихаттық іс-шаралар қоғамының әлеуметтік-экономикалық даму бағытында туындайтын өзгерістерді тез сезіп, білім-тәрбие беру ғаламдық мәні бар мәселелерге бейімдеуге ыңғайланып отыруы қажет. Онсыз мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі өз дәрежесінде нетижесін бермейді.

 
1
2031
0