Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:25, 30 июня 2013

Айбек Нұғымаров – 2013 жылғы Қазақстан Барысы

Blog post image

 

Ақтық сын ұзаққа созылмай, Ержан Шынкеев пен Айбек Нұғымаровтың белдесуінде жеңіс «Шығыс барысына» бұйырды.

Бірінші айналым:

«Қазақстан барысының» алғашқы жекпе-жегі «Шығыс барысы» Айбек Нұғымаровтың таза жеңісімен аяқталды. Оның қарсыласы – павлодарлық Дархан Жоламанов.

Бозкілемдегі астаналық Асхат Уәлиев пен атыраулық Сұңғат Закарияев шыққан екінші белдесуде мұнайлы өлке палуанының мерейі үстем болды.

Алматылық Айдос Қаңлыбаев Маңғыстау жерінен келген Балтабек Төтеновтен басым түсті.

Қостанайлық Мұрат Кеңтонов Батыс Қазақстан палуаны Сұңғат Махамбетовпен белдесуде жеңіске жетті.

Қарағандылық Олжас Шынкеев солтүстікқазақстандық Рүстем Жұмаевтан басым түсті.

Ақтөбе жерінің тумасы Шыңғыс Шоқпытов «Жамбыл барысы» Айдос Теңгебаевқа есе жіберіп алды.

Турнирдегі салмағы ең ауыр палуан – 160 келілік Оңтүстік Қазақстан өңірініңалыбы Жұманазар Ерсұлтанов «Көкшетаудың сабалағы» Айтуар Абдуловты жықты.

Ақмолалық Нұрлан Жамалов шығысқазақстандық Мұхит Тұрсыновқа төтеп бере алмады.

Қызылордалық палуан Ұлан Рысқұл Атыраудың мықтысы Қайрат Өтегенмен белдесуде жеңіске жетті.

Павлодарлық Самир Мамедовпен белдескен ақтөбелік Дархан Темірхановтан мерейі үстем болды.

Батыс Қазақстан тумасы Ринат Ибрагимов қостанайлық Максим Герберден басым түсті.

«Оңтүстік Қазақстан барысы» Сабыржан Әбділдаұлы алматылық АрсланӘбдамитпен күресіп, күшінің басым екенін көрсетті.

Астана қаласының мықтысы Ғани Сейділдаевтың турнирдің ең жас палуаны – Маңғыстау тумасы Мейрамбек Жаңабаймен өткен белдесуі аса тартысты өтіп, астаналық «барыстың» бағы жанды.

Жетісулық Жігер Сәкенұлымен кездескен қарағандылық палуан Ержан Шынкеевұпай есебімен таза жеңіске жетті.

Екінші айналым:

Айбек Нұғымаров – Сұңғат Закарияев

Айдос Қаңлыбаев – Марат Кеңтонов

Виктор Демьяненко – Олжас Шынкеев

Жұманазар Ерсұлтанов – Айдос Теңгебаев

Бейбіт Ыстыбаев – Мұхит Тұрсынов

Сабыржан Әбілдаұлы – Ринат Ибрагимов

Ұлан Рысқұл – Дархан Темірханов

Ержан Шынкеев – Ғани Сейділдаев

Ширек финал:

Айбек Нұғымаров – Айдос Қаңлыбаев

Жұманазар Ерсұлтанов – Виктор Демьяненко

Бейбіт Ыстыбаев – Сабыржан Әбілдаұлы

Ержан Шынкеев – Ұлан Рысқұл

Жартылай финал:

Жартылай финалдағы алғашқы белдесу кезінде Айбек Нұғымаров пен Жұманазар Ерсұлтановтың арасындағы күресте «Шығыс барысының» айласы асып түсті.

Екінші жұп: Ержан Шынкеев пен Бейбіт Ыстыбаевтың белдесуі дау-дамаймен аяқталды. Ержан өзінен салмағы ауыр Бейбітті кілемге аунатып, Айбектіңқарсыласы атанды.

 

ІІІ-орын үшін:

Үшінші орын үшін Бейбіт Ыстыбаев пен оңтүстікқазақстандық Жұманазар палуан шығуы тиіс еді. Бірақ, Бейбіт жолын қарсыласына беріп, кілемге шықпады.

Финал:

Ақтық сын ұзаққа созылмай, Ержан мен Айбек Нұғымаровтың белдесуінде жеңіс «Шығыс барысына» бұйырды.


 
0
1684
0